«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 16279 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 8 сәуірден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2022 жылғы № ҚР ДСМ-25 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсан № 1027 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау балаларға педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы қағидаттарын белгілейді.
2. Стандарт балалар сырқаттанушылығының, мүгедектігінің және өлімінің профилактикасы және төмендету бойынша шаралар өткізуді көздейді.
3. Педиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6173 болып тіркелген) бекітілген үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) перинаталдық көмекті өңірлендіру – жүктілік пен босану ағымының қауіп дәрежесіне сәйкес әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге перинаталдық стационарлық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша медициналық ұйымдарды облыс көлемінде бөлу;
2) бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау (бұдан әрі – БЖАЫҚ) – 5 жасқа дейінгі балаларға уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге, сырқаттанушылығын, өлімін, мүгедектігін азайтуға, сондай-ақ физикалық, психоәлеуметтік және эмоциялық дамуын жақсартуға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған стратегия;
3) патронаж – медицина қызметкерлерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық шараларды жүргізуі (нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге, диспансерлік науқасқа патронаж);
4) белсенді бару – дәрігердің бастамасы бойынша, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарына стационарлардан шығарылған науқастар туралы, медицина қызметкерінің белсенді қарап-тексеруін қажет ететін пациенттерге шақыртуларға қызмет көрсеткеннен кейін жедел көмек ұйымынан мәліметтер берілгеннен кейін науқастың үйіне дәрігердің/орта медицина қызметкерінің баруы.
2-тарау. Педиатриялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы
5. Он сегіз жасқа толмаған балаларға (бұдан әрі – балаларға) педиатриялық көмек мынадай нысандарда көрсетіледі:
1) МСАК және консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация.
6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде балаларға медициналық көмекті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес ТМККК көрсету бойынша қызмет жеткізуші болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары ұсынады.
7. Медициналық ұйымдарда (бұдан әрі – МҰ) ТМККК шеңберінде балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық № 762) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу қағидаларының негізінде дәрілік формулярлардың негізінде және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес ұсынылады.
8. Амбулаториялық-емханалық деңгейде балаларға педиатриялық көмекті МСАК және КДК медицина қызметкерлері іске асырады: «Педиатрия (неонатология)» мамандығы бойынша дәрігерлер (бұдан әрі – педиатр), «Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)» (бұдан әрі – ЖПД) дәрігерлері, «Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)» (бұдан әрі – фельдшер), «Мейіргерлік іс (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер» (бұдан әрі – мейіргер) мамандықтары бойынша орта медицина қызметкерлері.
9. Стационарлық деңгейде балаларға педиатриялық көмекті босандыру ұйымдарында, көп бейінді және мамандандырылған балалар стационарларында педиатрлар, «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонатальдық реанимация) (балаларға)» мамандықтары бойынша дәрігерлер, басқа бейінді мамандар және орта медицина қызметерлері (фельдшерлер, мейіргер) жүзеге асырады.
10. Балаларға педиатриялық көмек көрсету диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы бекіткен клиникалық нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.
11. МҰ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық есепке алуды және есептілік құжаттама жүргізуді қамтамасыз етеді;
12. Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі бағыттары мыналар:
1) балаларға, оның ішінде нәрестелерге дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық, медициналық қызмет көрсету;
2) медициналық көмекке қолжетімділікті және медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
3) сапалы консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, БЖАЫҚ сақтау;
4) балаларды диспансерлеу және медициналық оңалту;
5) профилактикалық көмек көрсету:
жүкті әйелдер патронажы;
салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтануға ұсыным; бала күтімі, аурудың қауіпті белгілері және қауіп төндеретін жағдайлар бойынша ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
емшек сүтімен қоректендіруді қолдау және лактация мәселесі бойынша,6 айға дейінгі балаларды тек емшек сүтімен ғана қоректендіру практикасы және 2 жасқа дейін емізуді жалғастыру бойынша консультация беру;
ерте шақтағы балалардың туа біткен патологияларын және психофизикалық дамуын, көру және есту функцияларының бұзылуын анықтау үшін скринингтік қарап-тексеру жүргізу;
баланың ерте дамуы мәселелері бойынша консультация беру;
медициналық профилактикалық қарап-тексеру консультациясы;
вакциналау жүргізу;
балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді диспансерлеу мен динамикалы бақылау, үйдегі патронаж;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |