Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 16299 болып тіркелді
Редакция 01.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Шпекбаев
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының 2018 жылғы
16 қаңтардағы № 13
бұйрығына 1-қосымша
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
1. Осы «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Бағалау «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі.
3. Егер «А» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған күннен бастап үш айдан аз болған жағдайда бағалау жүргізілмейді.
Бұл ретте бағаланатын кезең «А» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуға тиіс.
Еңбек демалыстарындағы, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіндегі не қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және іссапарға жіберілген «А» корпусы қызметшілерін, сондай-ақ жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз жүргізіледі.
«А» корпусы қызметшілерін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша бағаланатын жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Бағалауды «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымдарына тағайындау және босату құқығы бар тұлға жүргізеді (бұдан әрі – уәкілетті тұлға).
Бағалау «А» корпусы қызметшісінің жыл сайынғы келісімде белгіленген нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) қол жеткізуі тұрғысынан жүргізіледі.
НМИ міндетті түрде белгіленетін (бұдан әрі – міндетті НМИ) және уәкілетті тұлға айқындайтын болып бөлінеді.
5. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі не ол болмаған жағдайда – бағалауды жүргізетін тұлға айқындайтын өзге құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі уәкілетті тұлғаны және «А» корпусы қызметшісін бағалау жүргізу тәртібімен таныстыруды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Жыл сайынғы келісім жасау жобасын дайындау, сондай-ақ оны сақтау мен қайта қарау тәртібі
6. «А» корпусы қызметшілері және уәкілетті тұлға арасында бағалау жүргізу үшін жыл сайынғы келісім жасалады.
7. 1-санатқа жататын «А» корпусы қызметшілерінің (бұдан әрі – 1-санаттағы қызметшілер) жыл сайынғы келісімі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
2-санатқа жататын «А» корпусы қызметшілерінің (бұдан әрі – 2-санатты қызметшілер) жыл сайынғы келісімі осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағаланатын жылдың 1 ақпанына дейін жасалады.
1-санаттағы қызметшілердің жыл сайынғы келісімінің жобасы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағаланатын жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
Бағаланатын жылдың 20 қаңтарынан кейін лауазымға 1-санатты қызметші тағайындалған кезде жыл сайынғы келісімнің жобасы лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде жыл сайынғы келісімнің жобасын келісуді жүзеге асырады немесе ескертулер болған кезде оны пысықтауға жібереді.
Мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ескертулерді ескере отырып пысықталған жыл сайынғы келісімнің жобасын жібереді.
Жыл сайынғы келісімнің жобасын келісу шеңберінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган 1-санаттағы қызметші үшін кадр мәселелері бөлігінде бір міндетті НМИ белгілейді.
8. 1-санаттағы қызметші үшін мынадай міндетті НМИ белгіленеді:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмалары мен актілерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету (оның ішінде мәтіннің түпнұсқалығы, мемлекеттік және орыс тілінің сапасы, ресімделуі);
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету;;
3) мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларына (оның ішінде материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуге) қанағаттануы;
4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін НМИ.
Қосымша 1-санаттағы қызметші үшін уәкілетті тұлға мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бір НМИ айқындайды.
9. 2-санаттағы қызметші үшін мынадай міндетті НМИ белгіленеді:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және орталық мемлекеттік орган басшылығының тапсырмалары мен актілерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету (оның ішінде мәтіннің түпнұсқалығы, мемлекеттік және орыс тілінің сапасы, ресімделуі);
2) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету. Қосымша 2-санаттағы қызметші үшін уәкілетті тұлға үш НМИ айқындайды.
10. Уәкілетті тұлға айқындайтын НМИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);