Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 Қаулысы
ID документа скопирован в буфер обмена
Қаулы № 49 от 2018-02-12г./Қазақстан Республикасының Үкіметі
Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 11.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген
Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 101-2-бабына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және олардың отбасы мүшелерін Заңның 101-10-бабында айқындалған әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеруі кезеңінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.09.2020 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әскери қызметшілерге тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат тіркелген күннен бастап, сондай-ақ Заңның101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.09.2020 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) әскери қызметшіге тұрғын үй төлемін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – баянат тіркелген күн, осы күннен бастап тұрғын үй төлемін тағайындау үшін әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп танылады, оны осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес әскери қызметші ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері айқындайды;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 800 Қаулысына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) біржолғы тұрғын үй төлемдері – Заңның 101-2-бабының 5 және 6-тармақтарында, сондай-ақ 101-9-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін біржолғы сипаттағы төлемдер;
4) жауапты құрылымдық бөлімше – тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі;
5) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй төлемдерін аудару және Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банк шоты;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.09.2020 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) мемлекеттік мекемелер – әскери қызметшілері тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының республикалық мемлекеттік мекемелері;
7) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы – әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен құрылатын комиссия. Қарулы Күштерде қызметтік тұрғынжайды бөлу, сондай-ақ жекешелендіру мәселелерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындаған тәртіппен құрылатын тұрғын үй комиссиялары, тұрғын үй төлемін тағайындауды – мемлекеттік мекемелер қарайды;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 800 Қаулысына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тұрғын үй төлемдері – бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады;
9) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы.
3. Әскери қызметшілер, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемін алып жүріп, әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы мүшелері тұрғын үй төлемін алушыларға жатады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 800 Қаулысына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, жекешелендіруге жататын тұрғынжайларда тұратын әскери қызметшілер тұрғын үй төлемін алушы болып танылмайды.
Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемін пайдалану жолымен жеке меншікке тұрғынжай сатып алуға құқығы бір рет жүзеге асырылады.
Егер ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері болса, жұбайының (зайыбының) қызмет орны туралы анықтама ұсынылып, тұрғын үй төлемі ерлі-зайыптылардың өзара келісуі бойынша олардың баянаты негізінде біреуіне ғана жүргізіледі.
4. Жүктілігі және босануы, бала күтімі бойынша қосымша демалыстарда, іссапарда, оқуда, емделуде болатын әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
5. Әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне жататын адамдарды айқындау Заңның 101-10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған әскери қызметшілерді есепке алуды мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.
7. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жасаған тізімдер негізінде мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі жүргізеді.
8. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және оны алушы Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.09.2020 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқаға пайдалана алмайды.
9-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.09.2020 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік мекеме жоспарлаған, бірақ пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомасы жойылады.
10. Қаза табуына (қайтыс болуына), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болған деп жариялануына байланысты әскери қызметші бөлімнің жеке құрамы тізімдерінен алып тасталған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлері жеке арнайы шотта жатқан тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте осындай әскери қызметшінің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.
2-тарау. Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету тәртібі
11. Әскери қызметшілердің (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерінің тұрғынжайға құқығын іске асыруы, егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, қызметтік тұрғынжай беру немесе олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемін аудару арқылы жүзеге асырылады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.09.2020 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 800 Қаулысына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және тұрғын үй төлемін тиісті арнайы шотқа аудару арқылы жүзеге асырылады.
Әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ тұрғынжайды кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға ақы төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал Заңда белгіленген тұрғынжай ауданы нормасына сәйкес келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда тұрғын үй төлемі тиісті жеке арнайы шотқа аударылады, ол тұрғынжайды жалға алуға ақы төлеу үшін ғана пайдаланылады.
12. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін әскери қызметші тұрғын үй комиссиясы төрағасының, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімі бастығының атына баянат береді. Баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
12-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.09.2020 жылғы № 548 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 800 Қаулысына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Баянатқа:
1) қызмет орнынан мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, тұрғын үй төлемдерін алуы, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;
2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;
3) әскери қызметшінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері болса, оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
4) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шартының тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;
5) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын жұмыскері болып табылған жағдайда зайыбының (жұбайының) жұмыс орнынан баянат тіркелген күнге дейін алынғанына бір ай толмаған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуы туралы мәліметтер қамтылған анықтама;
6) бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжайды тапсырғаны не онымен қамтамасыз етілмегені туралы анықтама;
7) отбасында кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізімі бойынша) ауыратын мүшелер болып, олармен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмағанда мемлекеттік медициналық ұйымның анықтамасы;
8) жасына қарамастан мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектігі бар адам туралы анықтама;
9) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайда әскери қызметші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесі бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;
10) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сай болмаған жағдайда әскери қызметші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының түпнұсқасын (тұрғынжайды техникалық тексеру нәтижесі бойынша) қосымша ұсынады;
11) бұрынғы некеден (некелерден) туған баланың (балалардың) тұратын жері көрсетілген сот шешімінің көшірмесі.
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен