Toggle Dropdown
«Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 437 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 ақпанда № 16310 болып тіркелді
1.«Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10928 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Селитебтік аумақтар топырағының радиоактивті ластануын экологиялық бағалау мына негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: топырақтың беткі қабатының 1 метр деңгейінде эквиваленттік қуаттылық дозасы (сағатына микрозиверт - мкЗв/сағ) және жеке техногендік (жасанды радионуклидтер) радиоизотоптар бойынша радиоактивті ластану дәрежелері (шаршы метрге килобеккерель - кБк/м2).»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Ластанған аумақта тұратын адамның радиоэкологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін сипаттайтын негізгі критерий – иондаушы сәулелердің техногендік көздерінен шығатын тиімді дозаның орташа жылдық мәні. Табиғи және медициналық сәулелер дозаларына, сондай-ақ радиациялық авариялар салдары дозаларына арнайы шектеулер қойылады.
Аумақтың радиациялық ластануын бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10671 болып тіркелген) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтеріне 27-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Тиімді дозаның бірлігі зиверт (Зв) болып табылады. Халықаралық радиациялық қорғау жөніндегі комиссия халықтың сәуле алу дозасының шегі ретінде-жылына 1 мЗв/жыл тең мөлшерді (жылына милизиверт) (жылына 0,1 бэр) ұсынған.
Олардың шегінде адамның техногендік радионуклидтерден тиімді сәуле алу дозасының орташа жылдық мәндері 1 мЗв-тен аспайтын аумақтар экологиялық жағдайы қанағаттанарлық, тиімді сәуле алу дозасының орташа жылдық мәндері 1 мЗв-тен 5 мЗв-ке дейінгі аумақтар төтенше экологиялық жағдай аумақтарына және 5мЗв жоғары - экологиялық зілзала аумақтарына жатқызылады.»;
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлеріне 13-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
6
|
*Радиоактивті ластану (алаңдық белсенділік), шекаралық мән, шаршы метрге килобеккерель (бұдан әрі - кБк/м2)
|
|
|
|
цезий - 137
|
400 –ден астам
|
75-400
|
75-тен кем
|
стронций-90
|
630-дан астам
|
120-630
|
120-дан кем
|
плутоний-238, плутоний (239+240)
(изотоптар сомасы)
|
2080-нен астам
|
410-2080
|
410-нан кем
|
америций - 241
|
2500-ден астам
|
490-2500
|
490-нан кем
|
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: Алаңдық белсенділіктен үлестік белсенділікке өту үшін мынадай параметрлер қабылданады – тереңдігі 5 см топырақ қабаты, топырақ тығыздығы – 1,3 кг/дм3).
Бірнеше радионуклидтер болған жағдайда мынадай шарттар сақталуы қажет:
- экологиялық зілзала
- төтенше экологиялық жағдай
- салыстырмалы қанағаттанарлық жағдай, мұнда:
ACs-137 – цезий радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы құрамы) 137;
ASr-90 – стронций радионуклидінің алаңдық белсенділгі(топырақтағы құрамы) -90;
APu-238,(239+240) – плутоний радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы құрамы)-238 және плутоний-(239+240) (изотоптар сомасы);
AAm-241 – америция радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы құрамы) -241;
AгрCs-137 – кестеде көрсетілген цезий радионуклидінің алаңдық белсенділіктің шекаралық мәні (топырақтағы құрамы) -137;
AгрSr-90 – кестеде көрсетілген стронций радионуклидінің алаңдық белсенділіктің шекаралық мәні (топырақтағы құрамы) -90;
AгрPu-238,(239+240) – кестеде көрсетілген плутоний радионуклидтерінің алаңдық белсенділіктің шекаралық мәні (топырақтағы құрамы) -238 және плутоний-(239+240) (изотоптар сомасы);
AгрAm-241 – кестеде көрсетілген америций радионуклидінің алаңдық белсенділіктің шекаралық мәні (топырақтағы құрамы) -241».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы М. Досмұхамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________Ө. Шөкеев
2018 жылғы 17 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_____________Е.Біртанов
2017 жылғы 25 желтоқсан