Toggle Dropdown
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 13 ақпанда № 16346 болып тіркелді.
Редакция 31.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 73 бұйрығымен
бекітілді
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 1-тармағына, 148-бабының 3-тармағына, 180-бабының 7-тармағына, 182-бабының 9-тармағына, 185-бабының 5-тармағына, 187-бабының 11-тармағына, 190-баптың 4 және 9-тармақтарына, 192-бабының 4-тармағына, 194-бабының 10-тармағына, 536-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адамдар), Бас деспечерлік басқармасы (бұдан әрі – БДБ) лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту мемлекеттік қызметін көрсету кезінде тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін айқындайды.
2. «Тауарларды кедендік тазарту» уәкілетті лауазымды адамдар, БДБ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы көрсетеді.
3. Тауарларды кедендік тазартуды лауазымдық (функционалдық) міндеттерге сәйкес мұндай кедендік операцияларды жүргізуге уәкілетті көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады және тауарларға арналған декларация немесе тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген сәттен басталады және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақытын ескере отырып тауарларды шығару аяқталады.
4. Электронды түрдегі кедендік декларациялау осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес электрондық құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ЭТД) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
5. Жазбаша нысандағы кедендік декларациялау облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органында қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) пайдалана отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Кодекстің 393-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде кедендік бақылау тек кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды айқындайтын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде, сондай-ақ Кодексте көзделген кедендік бақылаудың өзге нысандарын қолдану кезінде көрсетілетін қызметті берушіге белгілі болған, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтамау белгілері болған кезде ғана жүзеге асырылады.
7. Тауарларды кедендік тазарту кезінде оның нысанына қарамастан, декларант немесе кеден өкілі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының) Кодекстің 180-бабының 2-тармағында жағдайларды, немесе Кодекстің 180-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық Комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) айқындаған жағдайлардағы тауарларды қоспағанда, қызмет аймағында кедендік бақылаудағы тауарлар бар қызмет берушіге тауарлардың декларациясын береді.
8. ЭТД оны толтырғаннан кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда айқындалған жағдайларда электрондық түрде ұсынылған, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
9. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының ЭТД мәртебесі (берілді, қабылданды, тіркелді, тіркеуден бас тартылды, шығаруға рұқсат берілді, шығару тоқтатыла тұрды, кері қайтарып алынды, шартты түрде шығару) туралы хабардар етуге байланысты қызмет берушінің іс-әрекеттері нақты уақыт режимінде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші:
лауазымды адамның қатысуынсыз тауарларды шығарумен (автоматты түрде шығару);
тауарларды шығаруды жоюмен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде АЖ арқылы осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес электронды құжаттарды қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша уәкілетті лауазымды адам өтініш түскен сәттен бастап 30 (отыз) минуттан кешіктірмей ЭТД-ның қағаз данасын оның электрондық түрінен басып шығарады.
Бұл ретте, тауарларды шығаруды жүзеге асырған уәкілетті лауазымды адам қағаз түріндегі осындай тауарларға арналған декларацияға тауарларды шығару туралы белгі қояды және жеке нөмірлік мөрмен растайды.
Тауарлардың автоматты түрде шығару кезінде тауарларды шығару туралы белгіні тауарларды шығару жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймағындағы уәкілетті лауазымды адам қояды.
11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге АЖ не www.egov.kz «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) ЭТД ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінде келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші адамның қолы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), күні, уақыты қамтылған ТД қоса берілетін құжаттар тізімдемесіндегі белгі көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша нысанда берілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға жол берілмейді.
Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларда айқындалған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, «электронды үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жолдайды.
12. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде АЖ істен шыққан кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қатеге әкеп соқтырған іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпараттарды, АЖ істен шығуын растайтын скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып электрондық пошта арқылы қолдау қызметіне хабарлама жолдайды.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз көрсетілетін қызметті берушінің АЖ арқылы ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі
1-параграф. Электронды нысанда кедендік декларацияны қолдана отырып, тауарларды кедендік тазарту кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеті
13. ЭТД тіркеуге немесе тіркеуден бас тартуға байланысты кедендік операциялар ЕЭК Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешімімен бекітілген, Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады, ал Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы нұсқаулықта реттелмеген бөлігінде осы тараудың ережелері қолданылады.
14. ЭТД тіркеу немесе тіркеуден бас тартуды Кодекстің 148-бабы 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші (бұдан әрі – ЭТД автоматты түрде тіркеу) жүзеге асырады.
ЭТД беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы Тауарларға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулықта көзделген мерзімде ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуын немесе болмауын тексереді.
Көрсетілген тексеруді жүргізгеннен соң көрсетілетін қызметті беруші ЭТД берілген сәттен бастап 2 (екі) сағаттан көп емес уақытта ЭТД тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.
15. ЭТД беру күні мен уақытын көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы тіркейді.
Бұл ретте, Кодекстің 181-бабында белгіленген ЭТД беру мерзімдерін бақылауды АЖ арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Мерзімдерді бұза отырып ЭТД берілген кезде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 538-бабында көзделген шаралар қолданылады.
16. ЭТД беру Кодекстің 180-бабының 7-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды табыс етумен сүйемелденбейді.
17. Көрсетілетін қызметті алушы ЭТД тіркегенге дейін, көрсетілетін қызметті беруші АЖ арқылы, формат-логикалық бақылауды жүргізу жолымен Кодекстің 182-бабының 5-тармағына сәйкес ЭТД тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болмауын тексеруді жүзеге асырады.
Формат-логикалық бақылау нәтижесінде ЭТД бойынша қателерді беру кезінде АЖ-да тиісті хабарлама бейнеленеді.