Toggle Dropdown
Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 ақпанда № 16330 болып тіркелді
Редакция 26.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 319-бабы 2-тармағының 40), 42) және 43) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауга бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде колданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы жеке тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары белгіленсін;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары белгіленсін.
1) «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10878 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған);
2) «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14777 болып тіркелген, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 1-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с
№
|
Ел
|
Күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
|
ақша сомасын
төлеуге
|
тұруға
|
1
|
Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа
|
80-ге
дейін
|
30-ға
дейін
|
2
|
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия,
Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері,
Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин
|
70-ке
дейін
|
25-ке
дейін
|
3
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
|
50-ге
дейін
|
10-ға
дейін
|
4
|
Басқа да елдер
|
60-қа
дейін
|
15-ке
дейін
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 2-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
Оқу орны
|
Күндік іс жүзіндегі шығыстарының (айлық есептік көрсеткіш –
бұдан әрі АЕК)
|
ақша сомасын
төлеуге
|
тұруға
|
1. Облыс, аудан орталықтары
|
6 АЕК-ке дейін
|
4 АЕК-ке дейін
|
2. Астана, Алматы, Атырау қалалары
|
6 АЕК-ке дейін
|
5 АЕК-ке дейін
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 3-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с №
|
Ел
|
Тұруға арналған
күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
|
1
|
Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа
|
30-ға дейін
|
2
|
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері,
Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин
|
25-ке дейін
|
3
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
|
10-ға дейін
|
4
|
Басқа да елдер
|
15-ке дейін
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 4-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с
№
|
Оқу орны
|
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары (айлық есептік
көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)
|
1
|
Облыс, аудан орталықтары
|
4 АЕК-ке дейін
|
2
|
Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы
|
5 АЕК-ке дейін
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 5-қосымша
Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с
№
|
Ел
|
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
|
1
|
Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа
|
30-ға дейін
|
2
|
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин
|
25-ке дейін
|
3
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
|
10-ға дейін
|
4
|
Басқа да елдер
|
15-ке дейін
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 6-қосымша
Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с
№
|
Оқу орны
|
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(айлық есептік
көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)
|
1
|
Облыс, аудан орталықтары
|
4 АЕК-ке дейін
|
2
|
Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы
|
5 АЕК-ке дейін
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с №
|
Ел
|
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
|
тұруға
|
1
|
Америка ҚұрамаШтаттары, Канада, Жапония, ҚытайХалықРеспубликасы, БатысжәнеШығысЕуропа
|
30-ға дейін
|
2
|
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, СаудАрабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы және Филиппин
|
25-ке дейін
|
3
|
ТәуелсізМемлекеттерДостастығыелдері
|
10-ға дейін
|
4
|
Басқа да елдер
|
15-ке дейін
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 8-қосымша
Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с
№
|
Оқуорны
|
Күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары (айлық есептік
көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)
|
тұруға
|
1
|
Облыс, аудан орталықтары
|
4 АЕК-ке дейін
|
2
|
Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы
|
5 АЕК-ке дейін
|