1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
-
Продукты:
Консультации
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығы
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республика Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығымен (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.11.2020 жылғы № 450 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.12.2020 жылғы № 465 Жарлығына сәйкес (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығымен (07.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 19.11.2022 жылғы № 1077 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (07.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісім бойынша)
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
сарапшылар:
Ахметов Қайрат Бәкібайұлы – «Көркем Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)
Әбдуәлиев Әсет Қуандықұлы – «Silkroad Innovation Hub» компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша)
Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы – Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Боқаев Бауыржан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісім бойынша)
Бутумбаев Серік Батырханұлы – «Helios soft» (Favorit) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)
Датбаев Әлібек Амангелдіұлы – «Booking.com» тобының аға әзірлеушісі және басшысы (келісім бойынша)
Дос Бақытжан Ерланұлы – «Goat.AI» компаниясының бас директоры және негізін бірлесіп қалаушы (келісім бойынша)
Мусин Бағдат Батырбекұлы – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қанафин Байжан Болатбекұлы – «Documentolog» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)
Лещенко Сергей Владимирович – «Microsoft» компаниясының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өңірі бойынша бас директоры (келісім бойынша)
Ломтадзе Михаил Нугзарович – «Kaspi Bank» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Мухоряпов Рамиль Радикович – «Chocofamily Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байқаушы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Сабыржан Арай – «Google» компаниясының инженер-бағдарламашысы (келісім бойынша)
Төлебаев Дәурен Оңғарбекұлы – «Kazdream Technologies» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)
Турлов Тимур Русланович – «Freedom Holding Corp.» компаниясының бас директоры (келісім бойынша)
Фабрицио Пессина – «BCG Platinion» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Латын Америкасы өңірлері бойынша аға серіктесі және бас операциялық директоры (келісім бойынша)
Шаяхметова Үміт Болатханқызы – «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.12.2020 жылғы № 465 Жарлығына сәйкес (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан, Комиссияның мүшелерінен, Комиссияның сарапшыларынан тұрады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
6. Комиссияның шешімімен оның алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Комиссияның жобалау топтары (бұдан әрі - жобалау топтары) құрылуы мүмкін.
7. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
8. Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасындағы цифрландыру, инновациялық технологиялар және байланыс саласы мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу болып табылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Комиссия:
1) күн тәртібі шеңберінде ұсынымдар, ұсыныстар және нақты жобалар әзірлейді;
2) тиісті бастамаларды іске асыру мақсатында жобалау топтарын құрады;
3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратады және алады;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 19.11.2022 жылғы № 1077 Жарлығына сәйкес (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (07.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
10. Комиссияның қызметіне басшылықты Комиссия төрағасы жүзеге асырады.
11. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
12. Комиссия хатшысы:
1) төрағаның тапсырмалары мен Комиссия отырыстарында қабылданған басқа да міндеттердің орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
2) жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тиісті сарапшылар мен мамандарды тартады;
3) төрағаның және төраға орынбасарының тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мен қолдап отыруды жүзеге асырады;
2) Комиссия төрағасының атына күн тәртібін енгізеді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3) Комиссияның көзбе-көз және сырттай (онлайн) форматтағы отырыстарын дайындау мен өткізуді жүзеге асырады;
4) Комиссияның көзбе-көз және сырттай (онлайн) форматтағы отырыстарының хаттамасын жүргізеді;
5) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6) Комиссияның жұмыс жоспарын қалыптастырады;
7) Комиссия мүшелерін Комиссия құрамының, ережесінің өзгергені және өзге де өзгерістер туралы хабардар етеді;
8) Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады;
9) Комиссияның құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, ұйымдармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
10) Комиссияның жобалық топтарының және онлайн-платформаның жұмыс әдістемесін қалыптастырады;
11) онлайн-платформаның қызметін қамтамасыз етеді.
14. Комиссияның отырыстары көзбе-көз, сырттай өтуі мүмкін әрі ашық және жабық болып бөлінеді:
1) ашық отырыстар қажеттігіне қарай Комиссия мүшелерінің және Комиссия сарапшыларының қатысуымен өткізіледі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) жабық отырыстар қажеттігіне қарай және тоқсанына бір реттен сиретпей, Комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
15. Комиссия төрағасы Комиссия отырысы өткізілетін күнді айқындайды және күн тәртібін Комиссияның жұмыс органына материалдар ұсыну үшін мемлекеттік органдарға жібереді.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
16. Егер отырысты шақыру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материал дар (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттама жобасы, сөз сөйлеушілер мен қатысушылардың тізімі) отырыс өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жұмыс органына ұсынылады.
17. Комиссия отырысы жоспарланатын отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия төрағасының бастамасы бойынша шақырылады.
18. Отырыс күніне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелері мен Комиссия сарапшылары отырысқа өздерінің қатысатынын растайды.
19. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
20. Комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және жүргізілген стенограмма негізінде хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
21. Комиссияның отырысы аяқталғаннан кейін жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде Комиссия отырысы хаттамасының жобасын дайындайды. Комиссия хаттамасының көшірмелері Комиссияның барлық мүшесіне, мүдделі мемлекеттік органдарға және тұлғаларға жіберіледі.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
22. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
23. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
24. Қазақстан Республикасының Президенті қажеттігіне қарай Комиссия қызметінің нәтижелері туралы есепті тыңдайды.
25. Комиссияның сарапшылары Комиссияның ашық отырыстарына хатшының шақыруы бойынша қатысады.
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
26. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
26-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 07.11.2023 жылғы № 397 Жарлығына сәйкес (19.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
27. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |