Toggle Dropdown
18
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 17.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 15 ақпандағы № 636
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЛТТЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Toggle Dropdown
1. Кіріспе
Toggle Dropdown
2. Жаһандық үрдістерді талдау
Toggle Dropdown
3. Іске асырудың негізгі қағидаттары
Toggle Dropdown
4. Іске асыру тәсілдері және күтілетін нәтижелер
Toggle Dropdown
1-жалпыұлттық басымдық. Әділ әлеуметтік саясат
Toggle Dropdown
2-жалпыұлттық басымдық. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі
Toggle Dropdown
3-жалпыұлттық басымдық. Сапалы білім
Toggle Dropdown
4-жалпыұлттық басымдық. Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет
Toggle Dropdown
5-жалпыұлттық басымдық. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі
Toggle Dropdown
6-жалпыұлттық басымдық. Патриотизм құндылықтарын дәріптеу
Toggle Dropdown
7-жалпыұлттық басымдық. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту
Toggle Dropdown
8-жалпыұлттық басымдық. Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру
Toggle Dropdown
9-жалпыұлттық басымдық. Экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту
Toggle Dropdown
10-жалпыұлттық басымдық. Теңгерімді аумақтық даму
Toggle Dropdown
1. Кіріспе
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (бұдан әрі - Елдің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары) мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі бірінші деңгейдегі құжат болып табылады және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.
Toggle Dropdown
2018 жылы қабылданған 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары елдің үшінші жаңғыру процестерін іске қосты, сол арқылы экономиканың сапалы өсуі мен өмір сүру деңгейінің жоғарылауы бойынша міндеттерді айқындады.
Toggle Dropdown
Алайда коронавирус инфекциясы пандемиясының таралуы және оны ауыздықтау шаралары соңғы жүз жылдағы ең ауыр ауқымды дағдарысқа алып келді. Осылайша пандемия мен жаһандық рецессияның ажырамас әсері Қазақстан дамуының негізгі сценарийін түбегейлі өзгертіп, "жаңа болмысты" қалыптастырды.
Toggle Dropdown
Сын-қатерлер ушыға түсіп, мынадай үрдістер күшейді: шикізаттық үлгінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі; қоғам өмірі мен экономиканың барлық салаларын цифрландырудың жеделдеуі, технологиялық парадигма мен тұтыну құрылымының өзгеруі.
Toggle Dropdown
Қазіргі кездегі пандемия мен оның қайталану ықтималдығымен байланысты капитал мен шикізат нарықтарында белгісіздіктің жоғары деңгейі байқалып отыр.
Toggle Dropdown
Коронавирусты таралуын болдырмауға бағытталған шектеулердің сақталуына және соның салдарынан әлемдік сұраныс көлемінің төмендеуіне және протекционистік риториканың өсуіне байланысты сауда мен тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің бұрын-соңды болмаған қысқаруы байқалып отыр.
Toggle Dropdown
Коронадағдарыстың салдары әлемдегі ең ірі экономикалар арасындағы сауда қақтығысының бастауына айналуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру жағдайында жүйелік реформаларға Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаға негізделген қуатты серпін қажет.
Toggle Dropdown
Мемлекет азаматтардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру үшін кәсіпкерлік, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін толық іске асыру мақсатында барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасауға ұмтылады. Осындай тиімді құралдардың бірі халықпен үнемі қайтымды байланысты қамтамасыз ететін "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы болады.
Toggle Dropdown
Елдің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жаңа редакциясы коронадағдарыстың салдарын жоюға және анағұрлым орнықты және инклюзивті экономика үшін экономикалық өсуді жеделдету факторларын дамытуға бағытталған, елдің орта мерзімді кезеңдегі жаңа экономикалық бағдарының негізгі өлшемдерін қалыптастырады.
Toggle Dropdown
2. Жаһандық үрдістерді талдау
Toggle Dropdown
Әлемде СОVID-19 таралуы және оған қарсы күресте үшін қабылданған шектеулер, барлық дерлік салаларда іскерлік белсенділіктің төмендеуімен қатар әлемдік экономикаға елеулі әсер етіп отыр.
Toggle Dropdown
Дамудың одан арғы траекториясында және экономикаға әсер ету деңгейінде белгісіздіктің жоғары дәрежесі байқалады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте жаһандық деңгейде қалыптасқан трендтердің жеделдеуі және жаңа үрдістердің пайда болуы атап отіледі, олар шешімдер қабылдау кезінде және 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын әзірлеу кезінде ескерілуі қажет.
Toggle Dropdown
Қазақстан үшін өзекті әлемдік трендтер
Toggle Dropdown
Экономикалық трендтер
Toggle Dropdown
Орта мерзімді жаһандық өсу төмендеу жағына қайта қаралды. СОVID-19 пандемиясының салдарынан әлемдік экономиканың Ұлы күйзелістен кейінгі рекордтық құлдырауы болжанады, кейін баяу қалпына келудің ұзақ кезеңі тұр.
Toggle Dropdown
Әлемдік ЖІӨ өсуінің орта мерзімді кезеңде төмендеуі бейбіт уақытта бұрын-соңды болып көрмеген мемлекеттік қарыздың едәуір ұлғайтады.
Toggle Dropdown
Әлемдік мұнай нарығы пандемиядан айтарлықтай зардап шекті. Сұранысты қалпына келтіру перспективалары қайта қаралды, өйткені қозғалыстағы шектеулер сұраныстың үштен бір бөлікке төмендеуіне алып келді.
Toggle Dropdown
Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамдарына сәйкес Жаһандық сұраныстың ең жоғарғы шегіне ертерек қол жеткізумен мұнай нарығының біртіндеп қалпына келуі 2021-2023 жылдары күтілуде және ал 2030 жылы биікке шығады.
Toggle Dropdown
Бұл ілгерілеуге халық тарапынан көліктік және туризмнің көрсетілетін қызметтеріне қажеттіліктің төмендеуі, сол сияқты энергетика саласының трансформациялануы ықпал етеді.
Toggle Dropdown
Саланың өнімділігі төмендейді, бұл жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялардың тәуекелін арттырады. Мұнай экспорттаушы елдердің айырбас бағамы мен бюджеттері елеулі қысымды бастан кешіреді.
Toggle Dropdown
Өзге биржалық тауарларға бағалар серпіні мұнайдікіне ұқсас болады. 2024-2025 жылдарға қарай алюминий мен мыстың дағдарысқа дейінгі бағасының, ал мырыш пен темір кені бағасының аталған мерзімнен кейін ғана қалпына келуі күтілуде. Бағалы металдардың бағасы оң серпінді көрсетеді.
Toggle Dropdown
Жаңа әлемдік сауда тәртібі қалыптасуда.