• Мое избранное
Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 16365 болып тіркелді

Редакция 11.04.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 404-бабы 7-тармағына, 415-бабының 5-тармағына, 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а.  29.03.2023 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а.  29.03.2023 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (01.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқама нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқаманы тіркеу журналының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын тіркеу журналының нысаны бекітілсін;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме нысаны.
2. Мыналардың:
1) «Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6454 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 қырқүйектегі №390-393 (26236)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 7 маусымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған
___ нұсқама
 1._________________________________________________________________
       (кедендік қарап-тексеруді жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының атауы)
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісін реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабының сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап-тексеру жүргізілсін:
 2. ___________________________________________________________________________
                (қаралатын субъектінің атауы, (жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі), заңды және нақты мекенжайы)
 3._____________________________________________________________________________
 (кедендік қарап-тексеру өткізудің мақсаты)
 4.   ___________________________________________________________________________
 (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), кедендік қарап-тексеруді жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымы)
 5._____________________________________________________________________________
                        (кедендік қарап-тексеру өткізудің мерзімі)
 6.____________________________________________________________________________
 (үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісінің нөмірі (өткізілген кедендік қарап-тексеру нәтижесі бойынша толтырылады)
Аумақтық мемлекеттік
кірістер органы
  басшысының қолы______________
_______________________
тегі, аты және әкесінің аты
(ол болған кезде)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Тұрақты және уақытша рұқсат қағаздары
 ______________________________
      (мемлекеттік кірістер органы)
 №_____ Тұрақты рұқсат қағазы
 3х4       Берілді _________________________________ фото      Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған            кезде) орны      Ұйымның атауы____________________________           Лауазымы ________________________________           Кедендік бақылау аймағы _________________
 Берілді____ _____ 20___жылы       20___жылғы ____ ____ дейін жарамды
 Жеке куәліктің № ________________________
Мемлекеттік кірістер органның
 басшысы _______________________________
------------------------------------------------------------------------------------------------------
 ______________________________ (мемлекеттік кірістер органы)
 20___жылғы ___ ______ №_____  Уақытша рұқсат қағазы
 Кедендік бақылау аумағына өту үшін рұқсат қағазы __________________________
 Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) _______________________________
 Ұйымның атауы ______________________________________________________
 Лауазымы ___________________________________________________________
 Келу уақыты ___ сағат___минут          Кету уақыты ___ сағат___минут
 __________________________________________ кіру рұқсат етілді. (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған         кезде), лауазымы, қолы).
Ескертпе: рұқсат қағазының мөлшері – 148х210 миллиметрге (А5 форматы) сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 3-қосымша
Нысан
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқаманы тіркеу журналы

р/с №

Қаралатын субъектінің атауы

Субьектінің ЖСН/БСН

*

Кедендік қарап-тексеруге жататын уақытша сақтау орны

Кедендік қарап-тексеруді өткізу мақсаты

Мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы

Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісінің нөмірі (қарап-тексеруді өткізу нәтижесі бойынша толтырылады)

Кедендік қарап-тексеруге шығу күні және уақыты

Кедендік қарап-тексеруді аяқтау күні және уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ескертпе:
* ЖСН–Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН–Бизнес сәйкестендіру нөмірі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 4-қосымша
Нысан
Тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарды тіркеу журналы

р/с №

Рұқсат қағаздың

түрі

Кедендік бақылау аумағының түрі

Рұқсатқағазды алатын лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)

Рұқсат қағазды алатын ұйымның атауы

Тұрақты рұқсат қағазы

Уақытша рұқсат қағазы

Мемлекеттік кіріс органдарының рұқсат қағазын берген адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы

Рұқсат қағазын беретін лауазымды адамның қолы

Берілген күні

Жарамды мерзімі

Күні

Келу уақыты (___ сағат,___минут)

Кету уақыты (___ сағат, ___минут)


 


 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына
5-қосымша
Осы Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а.  29.03.2023 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме
___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
 _________________________________________________________ тұлғасында (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында, егер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай кедендік декларацияны толтыру жөнелту (шығарылған, транзит) елінде көзделсе, тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға міндеттенеді.
 
Қолы _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
  
Күні ______________________________________________