«Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 196 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 16394 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 196 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10901 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов