Toggle Dropdown
1
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 16409 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 23.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 140 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Негізгі ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 65-1 бабына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру үшін айқындайды.
Toggle Dropdown
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, ұлттық жобаларды іске асыруды ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды дербес бөледі.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстардың бірінші кезектегі басымдығын дербес айқындайды.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері шегінде ескерілмеген шығыстар макроэкономикалық сценарий мен кірістердің болжамы екінші кезеңде көрсеткіштерді жақсарту жағына өзгерген және (немесе) тиісті бюджет комиссиясына қорытынды дайындау барысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жекелеген шығыстарды қабылдамаған жағдайда бюджет жобасына енгізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау
Toggle Dropdown
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды Кодекстің 65-1-бабына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының негізінде айқындалады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органдардың даму жоспарлары әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен кезеңдегі бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау негізінде айқындалады.
Toggle Dropdown
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары мен мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.
Toggle Dropdown
7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жылдар бойынша бөле отырып, бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы үш жылдық кезеңге айқындалады.
Toggle Dropdown
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған лимиттер әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгеруін ескере отырып, кезекті жоспарлы кезеңге арналған лимиттерді айқындау кезінде өзгеруі мүмкін.
Toggle Dropdown
Макроэкономикалық болжам және экономиканың өсуі бойынша болжам азаю жағына өзгерген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар бойынша тиісті жылға арналған номиналды Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) немесе Жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) болжамды өсімінен асатын бекітілген жоспардан аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
Бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілмейді.
Toggle Dropdown
8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:
Toggle Dropdown
1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;
Toggle Dropdown
2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;
Toggle Dropdown
3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;
Toggle Dropdown
4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;
Toggle Dropdown
5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;
Toggle Dropdown
6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;
Toggle Dropdown
7) ұлттық жобалардың іс-шаралары;
Toggle Dropdown
8) Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша оны алдын ала бағалауы;
Toggle Dropdown
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер есепке алынады.
Toggle Dropdown
Ұлттық жобаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, өзге де Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары есепке алынады.
Toggle Dropdown
9. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде лимиттердің құрамында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқа шығыстарға қайта бөлуге жатпайтын бюджеттің мынадай шығыстары жеке бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) іске асырылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен көзделген жобалар бойынша шығыстар;
Toggle Dropdown
2) бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алып қоюлар;
Toggle Dropdown
3) үкіметтік борышқа немесе жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсетуге арналған шығыстар;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерві;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резерві;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар.
Toggle Dropdown
10. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді есепке алмай айқындалады.
Toggle Dropdown
Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі ескеріле отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңында, облыстық мәслихаттың жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы шешімінде, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімінде белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері ескеріледі.
Toggle Dropdown
11. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірінші кезеңінде мақұлданған болжамда көрсетілген жоспарлы кезеңге арналған бюджет шығыстарының болжамына сүйене отырып, ағымдағы шығыстардың және жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының жалпы лимиті айқындалады. Ағымдағы шығыстар мен үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламалары шығыстарының жалпы лимиті номиналды ЖІӨ-нің (ЖӨӨ) және соңғы пайдалану бойынша оның құрамдауыштарының болжанатын көлемін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
12. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттің базалық шығыстарына сүйене отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Шығыстар лимиттерін айқындау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Кодекстің 67-бабына сәйкес бюджеттік өтінімнің құрамында есеп айырысулар берілмейтін базалық шығыстардың тізбесін айқындайды.
Toggle Dropdown
Базалық шығыстар тізбесін айқындау шеңберінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы әкімшілік шығыстарды қоспағанда, тұрақты сипаттағы шығыстарды қарайды.
Toggle Dropdown
13. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиті құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимитін айқындайды.
Toggle Dropdown
Ағымдағы әкімшілік шығыстары деп мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етумен байланысты ағымдағы шығыстар түсініледі.
Toggle Dropdown
14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде есептеледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті, олар бойынша ағымдағы әкімшілік шығыстар лимиттері мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламаның құрамында шығыстардың жекелеген бағыты бойынша есептелетін, жедел-іздестіру қызметін, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, және күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін олардың мекемелерін қоспағанда, «Ағымдағы әкімшілік шығыстар» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша есептеледі.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті мынадай ағымдағы әкімшілік шығыстарды есептеу жолымен айқындалады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеуге есеп «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының (бұдан әрі – ШЭС) 110-кіші сыныбының ерекшеліктері) штат саны лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына сәйкес тиісті және келесі жылдарға арналған штат санының бекітілген лимиттерінен тыс олар бойынша қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда сақталатын басшы қысқартқан мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге есеп мемлекеттік орган басшысының штат санын, штат кестесін қысқарту туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның штат санының лимиттері қысқартылған кезде мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады. Мемлекеттік органға сақталатын қаражат мөлшері, ақшалай қаражатты аудару/жіберу бойынша банктердің қызметтерін (ШЭС-тың 110 және 120-кіші сыныптарының ерекшеліктері мен 159-ерекшелігі) қоса, қысқарған сәтке тіркеледі және келесі жылдарға өзгертусіз сақталады.
Toggle Dropdown
3) жұмыс берушілердің жарналарына есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады (ШЭС-тың 120-кіші сыныбының ерекшеліктері);
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсетуге есеп «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен (бұдан әрі – № 179 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларынжәне ағымдағы қаржы жылындағы шарттар мен тауар бірлігі үшін құнын негіздеуші құжаттардың көшірмелерін ескере отырып, автокөлік құралдарын міндетті техникалық тексеріп қарауға арналған шығыстарды қоса алғанда (ШЭС-тың 153 және 169-ерекшеліктері), автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын есепке ала отырып жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
5) қызмет бабындағы iссапарларға есеп «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысын асәйкес (ШЭС-тың 161-ерекшелігі) жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
6) телефон байланысы қызметтеріне есеп 179-бұйрыққа сәйкес заттай нормаларды және телефон байланысымен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларын (ШЭС-тың 152-ерекшелігі) ескере отырып жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
7) коммуналдық қызметтерге есеп «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысына (бұдан әрі – № 1118 қаулы) сәйкес заттай нормаларды, шарттардың көшірмелерін (ШЭС-тың 151-ерекшелігі) ескере отырып жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
8) ғимараттарға қызмет көрсетуге есеп №1118 қаулыға сәйкес заттай нормаларды, шарттар көшірмелерді (ШЭС-тың 159-ерекшелігі) есепке ала отырып жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
9) кеңсе тауарларына есеп заттай нормаларды және (немесе) тауардың бірлігі үшін құнын негіздейтін құжаттарды есепке ала отырып (ШЭС-тың 149-ерекшелігі) жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
10) отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға есеп № 1210 қаулыға сәйкес (ШЭС-тың 144-ерекшелігі) жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
11) үй-жайды жалға алу төлеміне есеп үш баға ұсынысын есепке ала отырып және жасасқан шарттарға сәйкес (ШЭС-тың 154-ерекшелігі) жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
12) өзге ағымдағы шығыстарды төлеуге (ақшалай қаражатты аудару/жіберу бойынша банктердің қызметтерін, ШЭС-тың 159-ерекшелігі) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Келесі жоспарлы кезеңге арналған ағымдағы әкімшілік шығыстардың лимитін айқындау кезінде орталық мемлекеттік органдар құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және штат санының лимиттері өзгерген жағдайда, қайта ұйымдастырылатын, жаңадан құрылған да республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы қаржы жылына бекітілген штат кестесі және жоспарлы кезеңге арналған штат кестесінің жобасы;
Toggle Dropdown
2) «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес нысандар бойынша ағымдағы әкімшілік шығыстардың көлемі бойынша негізделген есептер;
Toggle Dropdown
3) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік органдардың көліктік қызмет көрсетуге, коммуналдық қызметтер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған шығыстар бойынша шарттардың көшірмелері, кеңсе тауарлары бойынша тауар бірлігі үшін құнды негіздейтін құжаттар.
Toggle Dropdown
Егер ағымдағы әкімшілік шығыстардың көлемі өзгермеген жағдайда кейінгі жоспарлы кезеңдерге лимитті айқындау үшін растау құжаттары ұсынылмайды.
Toggle Dropdown
17. Тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін қысқарту кезінде бекітілген штат санының лимиттеріне сәйкес есептелген жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат мөлшері тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың тиісті және кейінгі жылдарға арналған мөлшерінде сақталады.
Toggle Dropdown
18. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін есептеу үшін база ретінде ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген (нақтыланған) жоспар, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген жоспар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
19. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері мына формула бойынша есептеледі:
Toggle Dropdown
Лимит t = Ағымдағы шығыстар t + Даму бюджеті t,
Toggle Dropdown
Лимит t – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының лимиті;
Toggle Dropdown
Ағымдағы шығыстар t – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына шығыстар бойынша лимит;
Toggle Dropdown
Даму бюджеті t – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит.
Toggle Dropdown
20. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерін есептеу үшін әрбір әкімші үшін шығыстар мынадай санаттарға топтастырылады:
Toggle Dropdown
1) ағымдағы шығыстар:
Toggle Dropdown
тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар;
Toggle Dropdown
күрделі шығындар;
Toggle Dropdown
2) бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары.
Toggle Dropdown
Тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар:
Toggle Dropdown
мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды;
Toggle Dropdown
мемлекеттік тікелей міндеттемелерді;
Toggle Dropdown
шығыстардың көлемі бойынша негіздемелерді талап ететін мемлекеттік міндеттемелерді қамтиды.
Toggle Dropdown
Күрделі шығындар:
Toggle Dropdown
мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты күрделі шығындарды;
Toggle Dropdown
ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты күрделі шығындарды қамтиды.
Toggle Dropdown
Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары:
Toggle Dropdown
республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстарды;
Toggle Dropdown
төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қамтиды.
Toggle Dropdown
21. Ағымдағы шығыстар бойынша лимиттерді есептеу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес тиісті жылға болжанатын инфляция деңгейі, сондай-ақ жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына бекітілген шығыстар көлемі есепке алынады.
Toggle Dropdown
22. Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары бойынша лимит мына формулаға сәйкес есептеледі:
Toggle Dropdown
Даму бюджеті t = Жалғасатын республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларға арналған бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар t + Жалғасатын бюджеттік инвестицияларға арналған нысаналы даму трансферттері t .
Toggle Dropdown
Жалғасатын бюджеттік инвестициялар шығыстарының лимиті іске асырылуы ағымдағы немесе өткен қаржы жылдарында басталып кеткен бюджеттік инвестициялар бойынша бюджетте көзделген қаражат ескеріле отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы жоқ бюджеттік инвестициялар есепке алынбайды.
Toggle Dropdown
23. Бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстар лимитін айқындау кезінде республикалық, облыстық немесе аудандық бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері бойынша пул айқындалады.
Toggle Dropdown
Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бойынша пул мына формула бойынша айқындалады:
Toggle Dropdown
НДТП t = ЖДБ t х К t -1,
Toggle Dropdown
НДТП t – тиісті қаржы жылына арналған төмен тұрған бюджеттің нысаналы даму трансферттері бойынша пул;
Toggle Dropdown
ЖДБ t – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).
Toggle Dropdown
Бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарын айқындау кезінде тиісті үшжылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамы, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша нақтыланған жоспары ескеріледі.
Toggle Dropdown
К t -1 – нысаналы даму трансферттері түрінде жоғары тұрған бюджеттен тартылған, бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджеттен (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде) бөлінген бір теңгеге теңге санын айқындайтын коэффициент.
Toggle Dropdown
Осы коэффициент ағымдағы қаржы жылында қалыптасқан жоғары тұрған бюджеттің нысаналы даму трасферттерінен жергілікті бюджеттердің меншікті даму бюджетінің тәуелділігін айқындайды және мына формула бойынша есептеледі:
Toggle Dropdown
К t -1 = НТ t -1 / ЖДБ t -1
Toggle Dropdown
НТ t -1 – жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері;
Toggle Dropdown
ЖДБ t -1 – бюджеттік даму бағдарламаларына жергілікті бюджет шығыстары (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерін есептемегенде).
Toggle Dropdown
Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері пулын айқындау кезінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың пулы жеке бөлінеді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік комиссияларда қарау және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне дейін жеткізу
Toggle Dropdown
24. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жоспарлы кезеңнің жылдары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін енгізеді.
Toggle Dropdown
25. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Тиісті бюджет комиссиясы мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бес күн мерзімде пысықтайды.
Toggle Dropdown
26. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып айқындалған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін жібереді.
Toggle Dropdown
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттеріне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік өтінім құрамындағы есептер берілмейтін базалық шығыстар тізбесін қоса береді.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері шығыстарының
лимиттерін
айқындау қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттер ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
Toggle Dropdown
мың теңге
Toggle Dropdown
|
Атауы
|
Жоспарлы кезеннің бірінші жылы
|
Жоспарлы кезеннің екінші жылы
|
Жоспарлы кезеннің үшінші жылы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиті, онын ішінде:
|
|
|
|
|
Мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті
|
|
|
|
|
тізім бойынша негізгі шығындар
|
|
|
|
|
Қайта бөлуге жатпайтын шығыстар
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері шығыстарының
лимиттерін
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттер ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
Toggle Dropdown
мың теңге
Toggle Dropdown
|
Атауы
|
Жоспарлы кезеннің бірінші жылы
|
Жоспарлы кезеннің екінші жылы
|
Жоспарлы кезеннің үшінші жылы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиті, онын ішінде:
|
|
|
|
|
қайта бөлуге жатпайтын шығыстар
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері шығыстарының
лимиттерін
айқындау қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджеттік өтінімде есептеулер ұсынылмайтын базалық шығындардың тізбесі ___________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
Toggle Dropdown
мың теңге
Toggle Dropdown
|
Бюджеттік бағдарлама коды
|
Бюджеттік кіші бағдарлама коды
|
Базалық шығындардың тізбесі
|
Жоспарлау кезеңінің бірінші жылы
|
Жоспарлау кезеңінің екінші жылы
|
Жоспарлау кезеңінің үшінші жылы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|