Toggle Dropdown
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 16361 болып тіркелді
Редакция 29.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
1) «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12700 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15305 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2017 жылғы 18 шілдеде Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаевқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№76 бұйрығына қосымша
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Акциз бекеттері этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағына орнатылады.
2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі
3. Акциздік бекеттің қызметін басқару және үйлестіру акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органдары) басшылары жүзеге асырады.
4. Акциздік бекеттің орналасу орындары мен қызметкерлердің құрамын ұйымдастыру мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Мемлекеттік кірістер органдарының басшылары аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметкерлерінен (бұдан әрі – лауазымды тұлға) тұратын акциз бекетінің кезекшілік кестесін жасайды.
6. Акциз бекетінде болу лауазымды тұлғалармен өндірушінің жұмыс кестесі және кезекшілік кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
Лауазымды қызметкердің акциз бекетінде болу уақыты осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті уақытына қарай айқындалады.
Акциз бекетінде болу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі немесе бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциз бекетінде болу актісі толтырылады.
7. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:
1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;
2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын, атап айтқанда:
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарына» (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 13607 болып тіркелген) сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарының жұмысын;
этил спирті, алкоголь өнімі және бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, ауыстырылу және өткізу көлемдері туралы деректерді есепке алудың бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБА) арқылы Комитетке беруді;
бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларының (бұдан әрі – пломба):
есепке алудың бақылау аспаптарына:
пломба қойылған жерлерде (әр айдың 1 және 15 күндері):
ректификациялық бағаналардан ЕБА-на дейін (этил спиртін өндірушілер үшін);
дайын өнімнің ыдыста шығуынан ЕБА-на дейін (алкоголь өнімін өндірушілер үшін) бүлінбеуін;
жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:
этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өндіру бойынша желілерінің;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған үй-жай қоймаларының (лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта);
спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарының (бұрандаларының);
алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілерінің;
бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды араластыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілері крандарының (бұрандаларының);
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды босату (өткізу) крандарының пломбалануын;
пломбаның үзілгені немесе бүлінгені анықталған жағдайда (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауын қоспағанда) үзілген немесе бүлінген жердің тіркелуін (суреті, бейне түсірілімі);
ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда тіркелуін;
3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын, атап айтқанда, арнайы аспаптар арқылы алкоголь өнімдерінің есепке алудың бақылау таңбаларының (шығарылған өнімінің әрбір түрінен 100 бөтелкеден кем емес) түпнұсқалылығына ішінара тексеру жүргізеді;
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
8. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылың;
4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:
акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;
мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өндіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды босату (өткізу) крандарына пломба салуға.
9. Жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған, ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда тиісті акт толтырылады, акт толтырылған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей акцизделетін тауарларды өндіру жүзеге асыралытын орны бойынша жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының және Комитеттің назарына жеткізеді.
Лауазымды тұлға қажеттілігіне қарай, осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін, акциз бекетінің кестесіне қосумен, Акциздік әкімшілендіру, ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерін, экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін тарту туралы ұсыным хат береді.
10. Бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларын қою және алуды лауазымды тұлға жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі жасалады.
11. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аталған пломбаларды өндірушінің өкілі шешеді.
12. Лауазымды тұлға акциз бекетінде егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсен кейінгі жұмыс күні осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциз бекеті бойынша (толысылған шараптан басқа) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есепті, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемдері туралы есепті, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есепті ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
13. Лауазымды тұлға акциз бекетінде болғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізуін есепке алу журналын толтырады.
Есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және тиісті мемлекеттік кірістер органының басшысының қолы қойылып, мөрі басылады.
14. Акциз бекеттерінің қызметін бақылау ЕБА-ның, акциз бекетінде болу актісі, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі мәліметтерді көрсету арқылы деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 1-қосымша
Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі
№
|
Күні
|
Бастапқы болу уақыты
|
Есепке алу бақылау аспабының (бұдан әрі - ЕБА) зауыттық нөмірі
|
ЕБА-ның жұмыс істеуі
|
Этил спиртінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші (декалитрде)
|
Иә
|
Жоқ
|
Сулы
|
Сусыз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Алкоголь өнімінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші
|
Пломба қойылған орын
|
Қойылған пломбалар саны
|
Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі
|
Желінің №
|
Алкоголь өнімінің түрі
|
Көлемі V (литр)
|
Бөтелкеде
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Пломбаның бар болуы
|
Дайын өнімдегі есепке алудың бақылау таңбасының бар болуы
|
Болу уақытының аяқталуы
|
Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
|
Лауазымды адамның қолы
|
Иә
|
Жоқ
|
Бар
|
Жоқ
|
|
21
|
22
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциз бекетінде болу актісі
№
|
Күні
|
Бастапқы болу уақыты
|
ЕБА -ның зауыттық нөмірі
|
ЕБА -ның жұмыс істеуі
|
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынының, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын өндірісі, өткізу (тиеп жөнелту) бойынша ЕБА мәліметі
|
Пломба қойылған орын
|
Қойылған пломбалар саны
|
Иә
|
Жоқ
|
ЕБА (шығын өлшегіштер, деңгей өлшегіштер)
|
Мұнай өнімінің түрі
|
Тонна
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 2-қосымша
Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі
|
Пломбаның бар болуы
|
Болу уақытының аяқталуы
|
Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
|
Лауазымды адамның қолы
|
Иә
|
Жоқ
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі
Мен (бізбен) ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы) ___________________________________________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі), салық төлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (жеке сәйкестендіру нөмірі) қатысуымен қалдығын алу жүргізілді.
№
|
Акцизделетін тауарлардың түрі
|
Кезеңі (күні, уақыты)
|
Саны (декалитр, мың дана, тонна)
|
Ескерту (алкоголь өнімі үшін- декалитр, темекі өнімдері үшін – мың дана, бензин, дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын үшін – тонна)
|
Басталды
|
Аяқталды
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Этил спирті
|
|
|
|
|
2
|
Алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімінен басқа), оның ішінде алкоголь өнімдерінің түрлері бойынша
|
|
|
|
|
3
|
Бензин (авиациалық бензиннен басқа) (оның ішінде түрлері бойынша)
|
|
|
|
|
4
|
Дизель отыны
|
|
|
|
|
5
|
Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын
|
|
|
|
|
6
|
Темекі өнімдері, оның ішінде темекі өнімдерінің түрлері бойынша
|
|
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) __________________________________________________________ _________ (қолы) Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) __________________________________________________________ _________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) __________________________________________________________ _________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) _______________________________________________________ _________ (қолы)
Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 3-қосымша
Пломбаларды қою және/немесе алу актісі
_______________________ ________________________ (жасалған күні, уақыты) (жасалған орны) Мен (бізбен)_________________________________________________________________________ (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы) _________________________________________________________________________ қатысуымен (салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), салық төлеуші өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)) ________________________________________________________ _______________________ (пломба қойылған орын) _______________________________________________________________________________________ (бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі және қойылған пломбаның саны) пломба қойылды немесе алынды. Пломбаның сақталуына салық төлеуші жауапты болады. Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ ______________ (қолы) Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ ______________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ ______________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ _______________ (қолы)
Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 4-қосымша
Акциздік бекеттің бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша
№
|
Өндіруші кәсіпорынның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі- БСН-і)
|
Өндіруші кәсіпорынның атауы
|
Күннің басындағы өнім қалдығы
|
Есепті кезеңде өндірілген этил спиртімен алкоголь өнімі
|
Спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші
|
Түрі
|
Өнімнің атауы
|
Бөтелкеде (дана) (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)
|
Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)
|
Декалитр
|
Спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі
|
Сулы
|
Сусыз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
Алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші
|
Құю желісінің нөмірі
|
Күннің басына
|
Күннің соңына
|
V (литр)
|
Бөтелке
|
ЕБТ-ң техникалық көру құралымен тіркелгелгені
|
V-(литр)
|
Бөтелке
|
ЕБТ-ң техникалық көру құралымен тіркелгелгені
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
Басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару
|
Есептік кезеңде заңды немесе жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі
|
Күннің соңындағы өнімнің қалдығы
|
Кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған)
|
Түрлері бойынша
|
Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)
|
Декалитр
|
Жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
|
Жеткізуші заңды немесе жеке тұлғаның атауы
|
Түрі
|
Бөтелке данада (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)
|
Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін)
|
Декалитр
|
Алушының ЖСН/ БСН-і
|
Алушы заңды немесе жеке тұлғаның атауы
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
Орындаушы: ___________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) байланыс телефон
Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысандағы қосымшада келтірілді
Акциздік бекеттің бойынша
этил спирті және (немесе)
алкоголь өнімінің (толысылған
шараптан басқа) өндірісі мен
өткізу көлемі бойынша
есебінің нысанына
қосымша
Нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Акциз бекеті бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі»
1. «Акциз бекеті бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген Акциз бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі мақсаты этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша деректерді алу.
2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
3. Нысан этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндіруші кәсіпорындар ұсынған деректердің негізінде толтырылады және ұсынылады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысандағы 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
5. Нысандағы 2-бағанда өндіруші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6. Нысандағы 3-бағанда өндіруші кәсіпорынның толық атауы көрсетіледі.
7. Нысандағы 4-бағанда күннің басындағы өнім қалдығы көрсетіледі.
8. Нысандағы 5-бағанда Есепті кезеңде өндірілген өнімнің түрі көрсетіледі.
9. Нысандағы 6-бағанда есепті кезеңде өндірілген өнімнің атауы көрсетіледі.
10. Нысандағы 7-бағанда есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
11. Нысандағы 8-бағанда есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
12. Нысандағы 9-бағанда есепті кезеңде өндірілген өнімнің көлемі декалитрде көрсетіледі.
13. Нысандағы 10-бағанда бақылау спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі көрсетіледі.
14. Нысандағы 11-бағанда спиртті есеп алудың бақылау аспабының көрсеткіші – «сулы» көрсетіледі.
15. Нысандағы 12-бағанда спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші – «сусыз» көрсетіледі.
16. Нысандағы 13-бағанда құю желісінің нөмірі көрсетіледі.
17. Нысандағы 14-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
18. Нысандағы 15-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
19. Нысандағы 16-бағанда ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші көрсетіледі.
20. Нысандағы 17-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
21. Нысандағы 18-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
22. Нысандағы 19-бағанда ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші көрсетіледі.
23. Нысандағы 20-бағанда алкоголь өнімнің кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) көрсетіледі.
24. Нысандағы 21-бағанда басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару түрлері бойынша көрсетіледі.
25. Нысандағы 22-бағанда басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтарылған бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
26. Нысандағы 23-бағанда басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімнің кері қайтарылған көлемі декалитрде көрсетіледі.
27. Нысандағы 24-бағанда жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
28. Нысандағы 25-бағанда жеткізуші заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
29. Нысандағы 26-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі (толысылған шараптан басқа) жөнелтілген өнімнің түрі көрсетіледі.
30. Нысандағы 27-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
31. Нысандағы 28-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
32. Нысандағы 29-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген көлемі декалитрде көрсетіледі.
33. Нысандағы 30-бағанда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
34. Нысандағы 31-бағанда алушы заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
35. Нысандағы 32-бағанда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) күннің соңындағы өнімнің қалдығы көрсетіледі.
Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 5-қосымша
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша
№
|
Өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі -БСН)
|
Өндіруші кәсіпорынның атауы
|
Мұнай өнімінің түрі
|
Дара сәйкестендіру коды
|
Тиеп жөнелтілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отын, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын (тоннада)
|
Операция коды
|
Ілеспе жүкқұжатының күні
|
Ілеспе жүкқұ жатының нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Алушының БСН-і
|
Алушы кәсіпорынның атауы
|
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды жеткізу мекенжайы
|
Тиеп жөнелту түрі (темір жол, автокөлік, құбыр желісі арқылы)
|
10
|
11
|
12
|
13
|
Орындаушы: ___________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілді.
Бензинді (авиациялық бензинді
қоспағанда) және дизель отынын,
газохолды, бензанолды, мұнай
еріткішін, жеңіл көмірсулардың
қоспаларын, экологиялық отынды
өткізу (тиеп жөнелту) көлемі
туралы есебінің нысанына
қосымша
«Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. «Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі бойынша мәліметтерді алу.
2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
3. Нысан мұнай өндіруші кәсіпорындар ұсынған деректер негізінде толтырылады және ұсынылады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бағанында өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында өндіруші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахолдың, бензанолдың, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсулар қоспаларының, экологиялық отынның түрі көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында дара сәйкестендіру коды көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында тиеп жөнелтілетін мұнай өнімінің көлемі (тоннада) көрсетіледі
10. Нысанның 7-бағанында операцияның коды көрсетіледі.
11. Нысанның 8-бағанында ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі.
12. Нысанның 9-бағанында ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
13. Нысанның 10-бағанында алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
14. Нысанның 11-бағанында алушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
15. Нысанның 12-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахол, бензанол, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсулар қоспалары, экологиялық отынды жеткізу мекенжайы көрсетіледі.
16. Нысанның 13-бағанында тиеп жөнелту түрі (теміржол, автокөлік, құбыржелісі арқылы) көрсетіледі.
Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 6-қосымша
Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша
Мың дана
|
|
|
№
|
Өндірілген темекі өнімдері
|
Темекі өнімдерінің импорты
|
Темекі өнімдерін өткізу
|
Барлығы
|
Отандық өндіріс
|
Импорт өндірісі
|
Экспортқа
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) байланыс телефоны
Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілді
Темекі өнімдерін өндіретін
кәсіпорындардың темекі өнімдерін
өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт)
және импортының көлемдері
туралы есебінің нысанына
қосымша
«Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. «Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі міндеті темекі өнімдерін өндіру және импортының көлемі бойынша мәліметтерді алу.
2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
3. Нысан темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындар ұсынған деректер негізінде толтырылады және ұсынылады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бағанында өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында импортталатын темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында өткізілген темекі өнімдерінің жалпы саны мың данада көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында өткізілген отандық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында өткізілген импорттық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында экспортқа өткізілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Акциздік бекеттің
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 7-қосымша
Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы
Күні
|
Салық төлеушінің атауы
|
Салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі
|
Акцизделетін өнімдердің өндірісі және өткізуі (этил спирті мен алкоголь өнімі үшін - декалитр, темекі өнімі үшін – мың дана, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулар қоспалары, экологиялық отын үшін – тонна)
|
Акциз делетін өнімді өндірушінің жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы
|
Мемлекеттік кірістер органының лауазымды қыз меткерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы
|
Күннің басындағы қалдық
|
Бір күнде өнді ілгені
|
Өндір іске жібер ілгені
|
Өндірістік шығындар
|
Бір, күнде өткіз ілгені
|
Күн соңындағы қалдық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|