Toggle Dropdown
2
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысанын, оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 16406 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 440-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидалары және мерзімі;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) «Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10284 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған);
Toggle Dropdown
2) «Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 651 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12703 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 131 бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидалары мен мерзімі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 440-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
әкелінген тауарлардың өзіндік қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
Toggle Dropdown
әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде;
Toggle Dropdown
оларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты тауарларды әкелу (әкету) кезінде тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну тәртібін және мерзімін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалардың ережелері:
Toggle Dropdown
1) тауарларды уақытша әкелу (әкету):
Toggle Dropdown
жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;
Toggle Dropdown
көрмеде және жәрмеңкеде;
Toggle Dropdown
2) оларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты тауарларды әкелу (әкету) кезінде қолданылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Хабарламаны ұсыну тәртібі және мерзімі
Toggle Dropdown
3. Хабарлама осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде ұсынылады.
Toggle Dropdown
4. Хабарлама оның негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған әрбір шарт (келісімшарт) және Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) тауарлар коды бойынша салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жеке ұсынылады.
Toggle Dropdown
5. Хабарлама:
Toggle Dropdown
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкетілген күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде ұсынылады.
Toggle Dropdown
Хабарлама тауарларды әкелудің (әкетудің) әр күніне ұсынылады.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 131 бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Ескерту: Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын толтыру түсініктемесі тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанының қосымшасында келтірілген.
Toggle Dropdown
Тауарды әкелу (әкету) туралы
хабарлама нысанына
қосымша
Toggle Dropdown
Тауарды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын толтыру бойынша түсіндерме
Toggle Dropdown
1. Хабарламада мынадай деректер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1-жолда – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бұдан әрі – ЖСН, БСН);
Toggle Dropdown
2-жолда тауарларды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Заңды тұлға үшін атауы құрылтай құжаттарына сәйкес, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), дара кәсіпкер үшін атауы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес көрсетіледі.
Toggle Dropdown
«Тауарларды өткізу» деген 3-жолда:
Toggle Dropdown
3 I-ұяшық кейіннен Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде немесе оларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты тауарларды әкелу кезінде белгіленеді;
Toggle Dropdown
3 II-ұяшық кейіннен Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде немесе оларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты тауарларды әкету кезінде белгіленеді;
Toggle Dropdown
«Тауарларды әкелу (әкету) үшін негіздеме» деген 4-жолда:
Toggle Dropdown
4 I-ұяшық кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) тауарларды әкелуге (әкетуге) болатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді. 4 I-ұяшық белгіленген кезде, А немесе В ұяшықтарына белгі қойылады;
Toggle Dropdown
4 I А-ұяшық жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;
Toggle Dropdown
4 I В-ұяшық көрме және жәрмеңкеге тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;
Toggle Dropdown
4 II ұяшық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тауарларды бір заңды тұлға шегінде оларды беруге байланысты әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;
Toggle Dropdown
5-жолда аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің коды көрсетіледі;
Toggle Dropdown
6-жолда шартпен (келісім шарт) анықталған негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған және тауар құнына қолданатын валюта коды көрсетіледі;
Toggle Dropdown
7-жолда бұрын ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес хабарлама қайтадан берілген жағдайда хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
8-жолда ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауарлардың 10 таңбалық коды көрсетіледі;
Toggle Dropdown
9-жолда әкелінген (әкетілген) тауарлардың толық атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
10-жолда оның негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшарт) сәйкес әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
11-жолда оның негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) туралы мәліметтер (атауы, күні және нөмірі) көрсетіледі;
Toggle Dropdown
12-жолда оның негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартта (келісімшартта) айқындалатын әкелінген (әкетілген) тауарлардың құны көрсетіледі;
Toggle Dropdown
13-жолда оның негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) және/немесе тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес әкелінген тауарлардың саны, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі. Аталған жол 3 I ұяшық белгіленген жағдайда толтырылады;
Toggle Dropdown
«Тауарларды әкелу мерзімі» деген 14-жолда:
Toggle Dropdown
«бастап» ұяшықта тауарларды әкелу күні көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«дейін» ұяшықта шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды болжамдалған әкету күні көрсетіледі. Аталған жол 3 I ұяшық белгіленген жағдайда толтырылады;
Toggle Dropdown
15-жолда оның негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) және/немесе тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес әкетілген тауарлардың саны, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі. Аталған жол 3 II ұяшық белгіленген жағдайда толтырылады;
Toggle Dropdown
«Тауарларды әкету мерзімі» деген 16-жолда:
Toggle Dropdown
«бастап» ұяшықта тауарларды әкету күні көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«дейін» ұяшықта шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды болжамдалған әкелу күні көрсетіледі. Аталған жол 3 II ұяшық белгіленген жағдайда толтырылады;
Toggle Dropdown
«Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер хабарламаны жеке тұлға ұсынған болса, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Хабарламаны ұсыну күні» деген жолда хабарламаны мемлекеттік кірістер органына тапсыру күні көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Мемлекет кірістер органының коды» деген жолда салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекет кірістер органының коды көрсетіледі;
Toggle Dropdown
«Құжаттың кіріс нөмірі» деген жолда хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Хабарламада көрсетілген әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны туралы шарттың (келісімшарттың) талаптары өзгерген жағдайда, салық төлеуші алдыңғы хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда хабарламаны ұсыну кезінде тек мынадай деректер:
Toggle Dropdown
ЖСН (БСН) (1-жол);
Toggle Dropdown
тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (2-жол);
Toggle Dropdown
алдыңғы ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі (7-жол);
Toggle Dropdown
әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны (10-жол) толтырылады.
Toggle Dropdown
Егер хабарламада көрсетілген әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі өткенге дейін тараптардың (контрагенттердің) өзара келісімімен уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі ұзартылған болса, салық төлеуші бұрын тапсырылған хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда хабарламаны ұсыну кезінде тек мынадай деректер:
Toggle Dropdown
ЖСН (БСН) (1-жол);
Toggle Dropdown
тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (2-жол);
Toggle Dropdown
алдыңғы ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі (7-жол);
Toggle Dropdown
оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт), оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарттың (келісімшарттың) күні және нөмірі, шарттың (келісімшарттың) күні толтырылады (11-жол);
Toggle Dropdown
әкелу мерзімі (14-жол) немесе әкету мерзімі (15-жол) толтырылады.