Toggle Dropdown
Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тауарларды шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 16398 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 424-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін ұсыну қағидаларын мен мерзімдерін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің шығаруға жазып берілген құжаттардың тізілім нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10863 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10863 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесімен шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін ұсыну қағидасы және мерзімдері
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттікматериалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдықбөлімшесімен шығаруға жазып берілген құжаттардың тізілімін ұсыну қағидасы және мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 424-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттардың тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) ұсыну тәртібін және мерзіміндерін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Тізілім мынадай түрлерге бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) құрылымдық бөлімше Тізілімді табыс ету бойынша алғашқы рет міндеттемесі туындаған есептілік кезеңге және осындай кезеңнен кейінгі есептілік кезеңіне табыс етілетін кезекті тізілім;
Toggle Dropdown
2) осы өзгерту және (немесе) толықтыру жататын есептілік кезеңге бұрын табыс етілген тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде құрылымдық бөлімше табыс ететін қосымша тізілім.
Toggle Dropdown
2-тарау. Тізілімді табыс ету тәртібі және мерзімдері
Toggle Dropdown
3. Тізілімді, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарылғаннан кейін құрылымдық бөлімше жасайды.
Toggle Dropdown
4. Тізілімді, құрылымдық бөлімшенің тіркеу есебінде тұрған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік немесе орыс тілінде 2 данада қағаз тасығыштарда құрылымдық бөлімше табыс етеді. Тізілімнің бір данасы, мемлекеттік кірістер органының белгісімен құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.
Toggle Dropdown
5. Тізілімді табыс ету үшін есепті кезең тоқсан болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Тізілім, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і (он бес) күні мерзімінен кешіктірмей табыс етіледі.
Toggle Dropdown
7. Тізілім, есепті кезең ішінде мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған тауарлар бойынша құрылымдық бөлімше жазатын құжаттар туралы мәліметтерді көрсету үшін арналған.
Toggle Dropdown
8. Тізілім қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен толтырылады.
Toggle Dropdown
9. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
10. Тізілім құрылымдық бөлімшенің мөрімен куәландырылады және оны жасауға жауапты тұлға, сондай-ақ басшы не құрылымдық бөлімшенің уәкілеттік берілген лауазымды тұлғасы қол қояды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Тізілім нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Toggle Dropdown
11. Тізілім мынадай түрде толтырылады:
Toggle Dropdown
нысанда Тізілім жасалған тоқсан және жыл көрсетіледі, бұл ретте тоқсан, тоқсанның реттік нөміріне сәйкес араб цифрымен көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлігінде салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі), тізілімнің түрі (кезекті немесе қосымша, белгі тиісті ұяшықта жүргізіледі);
Toggle Dropdown
нысанның «Өткізілген тауарлар бойынша қосылған кұн салығы сомасы» бөлігінде көрсетіледі:
Toggle Dropdown
А бағанында – қатардың реттік нөмірі;
Toggle Dropdown
В бағанында – сатып алушы – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);
Toggle Dropdown
С бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың нөмірі;
Toggle Dropdown
D бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың жазылған күні;
Toggle Dropdown
Е бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы жалпы құны;
Toggle Dropdown
F бағанында – мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы.
Toggle Dropdown
F бағанының жиынтық шамасы, Тізілімнің тек бірінші бетінде ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағандарында көрсетілген барлық шамаларды жинақтау жолымен айқындалады.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 116 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Ескерту: Тізілімді толтыру бойынша түсіндірме, осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі шығаруға жазып берген құжаттардың тізілімін ұсыну қағидаларында және мерзімдерінде келтірілген.