• Мое избранное
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандырудың кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 113 қаулысы

Редакция 30.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша қағидалары (бұдан әрі – Уақытша қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген құқықтық акт қолданысының аяқталу мерзімі 2018 жылғы 30 маусым болып айқындалсын.
3. Уақытша қағидалар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт министрліктеріне, Павлодар облысының әкімдіктеріне, мәслихаттарына және Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына қолданылсын.
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, ақпараттық жүйелер мен жабдықтарды техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (07.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 113 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің  уақытша қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша қағидаларында (бұдан әрі – Уақытша қағидалар) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлерінің бұйрықтарын, оның ішінде көрсетілген орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктерінің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерін, Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік органдар) нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеу тәртібі айқындалады.
Осы Уақытша қағидалар «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
2-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібі
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Павлодар облысының Әділет департаментіне бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар келіскен жағдайда, көрсетілген акт мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.
3. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актілер осы Уақытша қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтiк құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Уақытша қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.
4. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Павлодар облысының Әділет департаментіне электрондық құжат нысанында мемлекеттік органдардың интранет-порталына (бұдан әрі – МОИП) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мынадай құжаттар ұсынылады:
1) *doc немесе *docx форматындағы ілеспе хат;
2) қазақ және орыс тiлдерiнде нормативтік құқықтық акті *doc немесе *docx форматында;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14355 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама-негiздеме қазақ және орыс тiлдерiнде *doc немесе *docx форматында;
4) егер нормативтiк құқықтық акт жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде *pdf форматында;
5) нормативтік құқықтық акт азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын жағдайда, қоғамдық кеңес ұсынымы қазақ және орыс тілдерінде *pdf форматында;
6) нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайда, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің алдыңғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қазақ және орыс тілдерінде *doc немесе *docx форматында;
7) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған жағдайда, тиісті міндеттемелерді жүктеу туралы құжат қазақ және орыс тілдерінде *pdf форматында;
8) жүргiзiлуi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген тиiстi сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде *pdf форматында.
5. Қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда органның заң қызметі басшысының мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiні ұсынған жағдайда, қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге оны мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмшенің басшысы, ол болмаған жағдайда тиісті құрылымдық бөлімше басшысының мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органда заңгер функциясын орындайтын адам не жергiлiктi органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда жергілікті органның бірінші басшысының мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – сараптамалық қорытындыны, сондай-ақ қоғамдық кеңес ұсынымдарды орталық және мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытындыны ұсыну үшін әзірлеуші орган белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түскен кезінен бастап он жұмыс күнінен кем болмайды.
7. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және (немесе) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен, сондай-ақ қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық актіге келіспеу себептерінің негіздемелері бар хатты (жауапты) қоса береді.
8. Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Павлодар облысының Әділет департаменті құжаттар түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды не тоқтатыла тұрды деп оларды бiрлесе қабылдаған орталық немесе жергiлiктi мемлекеттік органдар таниды.
Бұл тәртіп өзге мемлекеттік органдармен келісу бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.
Осы Уақытша қағидалардың 9-тармағында көзделген кезеңдердің өтуі кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдер тоқтатыла тұрмайды.
9. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу рәсімі мынадай төрт кезеңді қамтиды:
бірінші кезең – сегіз жұмыс күні ішінде актіде құқық нормасының болуы тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу және оны мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы шешім қабылдау, нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін айқындау болып табылады;
Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша орталық немесе жергілікті мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдау туралы хабарламаны не жоюға болатын ескертулердің болуы туралы электрондық құжат нысанындағы хатты МОИП не мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы хатты жіберу;
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдау туралы хабарлама жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі не Павлодар облысының Әділет департаменті екі жұмыс күні ішінде үшінші кезеңнің екінші бөлігінде және төртінші кезеңде көзделген рәсімдерді өткізеді;
екінші кезең – орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жоюға болатын ескертулердің болуы туралы электрондық құжат нысанындағы хат МОИП арқылы келіп түскен кезден бастап төрт жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің не Павлодар облысы Әділет департаментінің ескертулерін жояды, оның қорытындылары бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар ескертулерді ескере отырып пысықталған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған *doc немесе *docx форматындағы электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актіні қазақ және орыс тілдерінде ілеспе хатпен МОИП арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Павлодар облысының Әділет департаментіне енгізеді;
үшінші кезең – ескертулерді ескере отырып пысықталған нормативтік құқықтық акт МОИП арқылы қайта келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі не Павлодар облысының Әділет департаменті ескертулердің жойылуы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан салыстыру жүргізеді.
Салыстыру нәтижелері бойынша ескертулер жойылған және нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келген жағдайда:
1) орталық мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісін мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыны – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары, жергілікті мемлекеттік органның –Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы бекітеді;
2) нормативтiк құқықтық акті мемлекеттiк тiркеу нөмiрi беріле отырып, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне автоматты түрде енгізіледі.
Ескертулер жойылмаған және нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ ескертулер ескеріліп нормативтік құқықтық акті екінші кезеңде көзделген мерзімде келіп түспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі не Павлодар облысының Әділет департаменті нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға МОИП арқылы электрондық құжат нысанындағы хатпен нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тарту жібереді;
төртінші кезең – нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға МОИП арқылы электрондық құжат нысанындағы хатпен нормативтiк құқықтық актiге берілген мемлекеттiк тiркеу нөмiрiмен нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды жіберіледі.
10. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Павлодар облысының Әділет департаменті жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нысаны «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1007 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14411 болып тіркелген) бекітілген.
11. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актіні пысықтау мақсатында әзiрлеушi мемлекеттiк орган өз бастамасымен МОИП арқылы мемлекеттiк тiркеуден қайтарып алуы мүмкiн.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтарып алу бұл туралы тиісті хат келіп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде МОИП арқылы жүзеге асырылады.
 Нормативтік құқықтық актіні қайтарып алу туралы хатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде орталық немесе жергілікті мемлекеттік органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарушы адам нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы акт қабылдайды және оның көшiрмесiн электрондық құжат нысанында МОИП арқылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне немесе Павлодар облысының Әділет департаментіне жiбередi.