• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 172 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 16447 болып тіркелді

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялану және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 13 ақпандағы № 172
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі
 1. «Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10152 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 ақпанда жарияланған).  
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 700 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14769 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 ақпанда жарияланған).
3. «Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 02 ақпандағы № 75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14871 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 26 сәуірде жарияланған).