Toggle Dropdown
2
Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 16437 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 28.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн есепке алу қағидалары;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн қамтамасыз ету мөлшерi бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмдерiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 80 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14875 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Теңгебаев А.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 144 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және:
Toggle Dropdown
1) алкоголь өнімін (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда) (бұдан әрі – алкоголь өнімі) өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін импорттайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалардың, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі – ЕБМ) алу, есепке алу, сақтау, беру;
Toggle Dropdown
2) алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның Салық кодексінің 172-бабы 7-тармағына сәйкес алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін (бұдан әрі – Міндеттеме) және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы есебін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) ұсыну тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. ЕБМ-ны жасап шығаруды, оларды жеткізуді және алушыларға беруді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және көрсетілетін қызметті алушылармен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізілген кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажет ақпараттарды қамтитын ақпараттық жүйелер істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті берушілер істен шыққан сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде sd_pbf@nіtec.kz электронды пошта арқылы қолдау қызметіне міндетті түрде мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берген өтініштің тіркеу нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауын, жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің нұсқасын (Wіndows, Google Chrome), қатеге әкеліп соққан әрекеттер дәйектемесін сипаттауды, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншотты ұсына отырып сұрау салуды жолдайды.
Toggle Dropdown
5. Өндіруші және (немесе) импорттаушы ЕБМ алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені ұсынады.
Toggle Dropdown
6. «Алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
Toggle Dropdown
2-тарау. «Алкоголь өніміне ( толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
Toggle Dropdown
7. Көрсетілетін қызметті алушылар «Есепке алу-бақылау маркаларын және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік кірістер органына ЕБМ алу жүзеге асырылатын жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен немесе ағымдағы жылдың екінші жартыжылдық басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өніміне ЕБМ (бұдан әрі – өндірістік өтінім) дайындауға арналған өтінімді;
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне ЕБМ дайындауға арналған өтінімді (бұдан әрі – импортық өтінім) ұсынады.
Toggle Dropdown
8. Жаңадан құрылған немесе алкоголь өнімін өндіру және (немесе) импорттау бойынша қызметті бастаған ЕБМ көрсетілетін қызметті алушылары ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік кірістер органына:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өндірістік өтінімді;
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде импорттық өтінімді ұсынады.
Toggle Dropdown
9. ЕБМ қызметін алушылар, ЕБМ саны өзгерген кезде, бұрын тапсырылған:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде қосымша өтінім жасау жолымен өндірістік өтінімге;
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде импорттық өтінімді жасау жолымен өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Toggle Dropdown
ЕБМ саны өзгерген кезде, қосымша өтінімде мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне байланысты қосу немесе алу мәнімен өзгерістер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Алкоголь өнімін импорттайтын ЕБМ көрсетілетін қызметті алушылардан импорттық өтінімді қабылдау, оның негізінде акцизделетін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмелері ұсынылған кезде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы, Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 10), 12) және 13) тармақшаларының орындалмаған хабарламалардың болмауы импорттық өтінімді келісу үшін міндетті шарт болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті алушылар табыс еткен өндірістік өтінімдер және импорттық өтінімдер келесі күнтізбелік жылға көшірілмейді.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік кірістер органы ұсынылған өндірістік және (немесе) импорттық өтінімдерді ақпараттық жүйе арқылы:
Toggle Dropdown
өндірістік өтінімді – келіп түскен күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
импорттық өтінімді – келіп түскен күннен бастап, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттік кірістер органы ұсынылған ЕБМ арналған өтінімдерді келісуден бас тартады.
Toggle Dropdown
13. Мыналарға:
Toggle Dropdown
бір көрсетілетін қызметті алушы алған ЕБМ-ны басқа көрсетілетін қызметті алушыға беруге;
Toggle Dropdown
алкоголь өнімдерін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушының бір сыртқы сауда шартын (келісімшартты) орындауы кезінде алынған ЕБМ, көрсетілетін қызметті алушының басқа сыртқы сауда шартын (келісімшартты) орындауы үшін пайдалануға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
14. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе импортталатын алкоголь өніміне ЕБМ жасауға арналған өтінімдер мемлекеттік кірістер органымен келісілген соң, автоматты түрде ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген қызметті берушіге әзірлеу үшін түседі.
Toggle Dropdown
15. Ұсынылған өтінімді келісуден бас тарту алған кезде ЕБМ көрсетілетін қызметті алушылары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ЕБМ арналған өтінімді қайта береді.