Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 16446 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 11.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_______________ М. Бекетаев
2018 жылғы 12 ақпан
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2018 жылғы 16 қантар
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 18 қантар
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 10 қантар
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 248 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі
Toggle Dropdown
1
1. Тармақ күшін жойды (ескретуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9948 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларында:
Toggle Dropdown
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына, Халықаралық сауда палатасы қабылдаған Құжаттамалық аккредитив бойынша біріздендірілген дәстүрлерге және қағидаларға (International Chamber of Commerce, UCP Publication № 600) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы банктерінің (бұдан әрі – банктер) құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу тәртібін реттейді.»;
Toggle Dropdown
1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
Toggle Dropdown
«2-тарау. Аккредитивті ашу тәртібі»;
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсететін банкке (эмитент банкке) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде көзделген құжаттарды (Ұлттық Банкте аккредитивтер ашуды қоспағанда) және аккредитив ашуға арналған еркін нысандағы өтініштің екі данасын ұсынады. Өтініштің бірінші данасы аккредитив ашу үшін банкте қалады, қабылдағаны туралы белгі қойылған екінші данасы клиентке қайтарылады.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«5-1. Ұлттық Банк аккредитив ашуы үшін бұйрық беруші Ұлттық Банкке құжаттамалық аккредитивті қолдана отырып есеп айырысу нысанын пайдалануды көздейтін шарттың көшірмесімен қоса ашуға арналған еркін нысандағы өтінішті береді.»;
Toggle Dropdown
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3-тарау. Аккредитивті орындау»;
Toggle Dropdown
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«15. Бенефициардың пайдасына төлемді жүзеге асыру кезінде эмитент банк (орындаушы банк) аккредитив сомасына төлем құжатын қалыптастырады, оның орындалуы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.»;
Toggle Dropdown
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«18. Бенефициардың аударым вексельдерін (тратталарын) акцептеу немесе негоциациясы аккредитив талаптарына қарай «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.»;
Toggle Dropdown
4-тарауалып тасталсын.
Toggle Dropdown
1
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8. «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13256 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарда:
Toggle Dropdown
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Осы Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық банктік қызметтер көрсету қамтамасыз етілетін банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілейді.»;
Toggle Dropdown
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: