Toggle Dropdown
Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16508 болып тіркелді
Редакция 09.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына, 167-бабының 6-тармағына, 170-бабының 2-тармағына, 171-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тауар чегі кітабының нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауар чегінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ фискалдық деректер операторының оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 208 бұйрығына
1-қосымша
Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары
1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін айқындайды.
2. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
3. Осы Қағидалардың мақсатында салық төлеушінің жауапты адамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – көрсетілетін қызметті алушы не көрсетілетін қызметті алушымен еңбек қатынасында тұрған немесе сенімхат, шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде оның атынан әрекет ететін, бақылау-касса машинасын қолдана отырып, сатып алушымен (клиентпен) ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін адам.
4. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілген қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
5. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерден тұратын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерде іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және тиісті уәкілетті тұлғаларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
6. Бақылау-касса машиналарын қолдану:
1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды;
4) бақылау-касса машинасын пайдалануды қамтиды.
7. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген
2-тарау. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1-параграф. Бақылау-касса машиналарын мемлекеттік кірістер органдарында есепке қою
8. Салық кодексінің 166-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
9. Осы тармақта белгіленген жағдайларды қоспағанда, бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіде есепке қоюға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың орналасқан жері бойынша мынадай:
1) стационарлық емес немесе өзге жылжымалы (мобильді) объектілер арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын;
2) банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналарын көрсетілетін қызметті берушіде есепке қоюға жатады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қоюға арналған мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің «Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы арқылы не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.
11. Көрсетілетін қызметті алушы «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен бекітілген Фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) нысан бойынша фискалдық деректер операторы арқылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын көрсетілетін қызметті берушіде қоюға арналған мәліметтерді қағаз тасымалдағышта жолдайды.
12. Фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру Салық кодексінің 167-бабының 2-тармағына сәйкес көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы деректерді бермей бақылау-касса машинасын есепке қою үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16425 болып тіркелген) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта бақылау-касса машинасын көрсетілетін қызметті берушіде есепке қою туралы салықтық өтінішті (бұдан әрі – салықтық өтініш) ұсынады.
14. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы:
1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттардың, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестігін тексереді;
2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн салықтық өтініште көрсетiлген нөмiрмен салыстырады;
3) қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын және тауар чектерi кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;