• Мое избранное
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 250 бұйрығы ​Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16520 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшағасәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың оларға қойылатын үлгілік талаптары;
 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерінде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілсін.   
2. «Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 205 бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10811 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 250 бұйрығына
1-қосымша
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру тәртібін айқындайды.
2. Кедендер, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері сыныпталуына байланысаты, сыртқы экономикалық операциялардың көлемі бойынша, халықаралық қатынас түрі, мәртебесі, жұмыс режимі, қатынас сипаты, жұмыс істеу тәртібі бойынша санаттауға жатады.
2-тарау. Кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру тәртібі
3. Кедендер «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 159-бабының 1-тармағына сәйкес құрылады.
4.	Кеден бекеттерін құрудың орындылығын айқындау үшін мүдделі мемлекеттік орган немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – бастамашы) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға мынадай материалдарды:  
1) кедендік бақылауға және декларациялауға жататын сыртқы экономикалық операциялардың жоспарланған көлемдері туралы мәліметтер;
2) кеден бекеттерінің инфрақұрылымын (объектілерін) жобалауға, салуға және күтіп-ұстауға, сондай-ақ жобалауы, салуы және күтіп-ұстау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларда, мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті оларды жабдықтауға, техникалық жарақтандыруға, көліктік, инженерлік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдарды құру мен дамытуға арналған қаражаттардың есебін және негіздемесін;
3) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті кеден бекеттерінің инфрақұрылым объектілерін орналастыру схемасы;
4) жобалау, салу және күтіп-ұстау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларда, кеден бекеттерінің объектілерін орналастыруы болжанатын жер учаскесін бөлу бойынша ұсыныстарды қоса бере отырып еркін нысандағы кеден бекеттерін құру туралы қолдаухатты жолдайды.
5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген мерзім ішінде ұсынылған материалдарды  қарайды және бастамашыға еркін нысандағы уәжделген қорытындыны жолдайды.
6. Кеден бекетін құрудың орындылығы туралы шешім қабылданған жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның актісі негізінде кеден бекеттері құрылады.
7. Бақылау-өткізу пункттері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның келісуімен аумақтық мемлекеттік кірістер органының актісі негізінде құрылады.
8. Кедендердің, кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттерінің штат саны әрбір санат үшін жеке еңбек жүктемесінің негізгі көрсеткіштерін және еңбек өндірісінің нормативтерін ескере отырып айқындалады.  
3-тарау. Кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін санатқа бөлу, сыныптау, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру тәртібі
9. Кедендер, кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері шекара маңы және ішкі болып сыныпталады.
Шекара маңы – Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасында орналасқан кеден, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері.
Ішкі – Қазақстан Республикасының ішкі аумағында орналасқан кеден бекеттері.
10. Транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуды, халықаралық қатынастың қарқындылығын, шекара маңы кедендердің, кеден бекеттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын айқындау үшін сыныптауға байланысты санаттар белгіленеді.
Шекара маңы кедендер, кеден бекеттері, бақылау-өткізу пункттері үшін:
1) 1-санат – тәулігіне жолаушылар ағынының қарқындылығы 1000 жолаушыдан жоғары және автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) 200 бірліктен астам;  
2) 2-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 800-1000 жолаушы және АКҚ 180-200 бірлік;
3) 3-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 500-800 жолаушы және АКҚ 150-180 бірлік;
4) 4-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 500 жолаушыға дейін және АКҚ 100-150 бірлік;
5) 5-санат – жолаушылар ағынының қарқындылығы 300 жолаушыға дейін және АКҚ 100 бірлікке дейін.  
11. 1, 2 және 3-санатты кеден бекеттері қозғалысы қарқынды әуежайларда, теңіз порттарында, теміржол станцияларында және автомагистральдарда, жолаушылар мен көлік ағындарының қарқындылығына байланысты жұмыс режимімен құрылады.
4 және 5-санатты кеден бекеттері жолаушылар мен көлік ағындары қарқынына байланысты жұмыс режимімен автомобиль жолдарында және өзен порттарында құрылады.
Ішкі кеден бекеттері, бақылау-өткізу пункттері үшін:
1) 1-санат – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары (тауарлардың алушылары және жөнелтушілері) шоғырланатын орындарда, яғни тауарларды кедендік тазартуды, бақылауды, кедендік төлемдерді жинауды және жергілікті жерлерде тікелей басқа кедендік рәсімдерді жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық орталықтарда орналасқан кеден бекеттері;  
2) 2-санат – ресімделетін тауарлардың кеңейтілген номенклатурасы бар үлкен емес аумақта қызмет көрсететін, елді-мекенде орналасқан кеден бекеттері;
3) 3-санат – ресімделетін  тауарлардың шеттелген номенклатурасы бар өнеркәсіп кәсіпорындарында орналасқан кеден бекеттері.
12. Кедендер, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері аумақтық орган туралы ережеде айқындалған, олардың қызмет аймағы бойынша кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жасайды.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 250 бұйрығына
2-қосымша
Кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормалары
1. 3-санатты (автомобиль қатынасы бойынша) кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің кедендік бақылау техникалық құралдарының тиесілік нормалары

Кедендік бақылау техникалық құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Автокөлік құралдарын электрондық есепке алуға арналған жабдық (кедендік бақылаудың басқа техникалық құралдарымен (бұдан әрі – КБТҚ) интеграцияланған))

жиынтық

1

кіру/шығу

2

Жеңіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын электрондық есепке алуға арналған жабдық

жиынтық

1

кіру/шығу

3

Автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін, оның ішінде осьтік жүктемесін автоматты түрде айқындауға арналға жабдық (басқа КБТҚ интеграцияланған))

жиынтық

1

кіру/шығу

4

Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты түрде айқындауға арналған жабдық (алып жүрілетін), ось бойынша өлшейтін таразы

дана

1

5

Көлік құралдарының толық массасын айқындауға арналған стационарлық таразы жабдығы (бақылау таразысы)

дана

1

6

Автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеруге (тексеріп қарауға) арналған жабдық (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы (басқа КБТҚ интеграцияланған))

жиынтық

1

7

Женіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеруге (тексеріп қарауға) арналған жабдық (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері – немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы (басқа КБТҚ интеграцияланған))

жиынтық

1

8

Радиациялық бақылауға арналған жабдық (жолақтардың санына байланысты), 1 жолақ тиісінше кіру жағынан жүйенің 1 жиынтығы

жиынтық

1

9

Биологиялық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жабдығы

жиынтық

1

10

Көлік құралдарын тазалау және дезинфекциялау жабдығы (жолақтардың санына байланысты)

жиынтық

1

11

Карантинге жататын өнімдерді залалсыздандыру жабдығы

жиынтық

1

12

Резервтік (барлық өткізу пунктін электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін) электр қорына арналған жабдық

жиынтық

2 (оның ішінде 1- резервтік)

13

Қол жетпейтін жерлердегі тауарлар мен көлік құралдарды тексеріп қарау аспаптары (тексеріп қарау айналары)

дана

4

14

Көлік құралдарының қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (тексеріп қарау сүңгілері)

дана

4

15

Көлік құралдарындағы қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (эндоскоп)

дана

2

16

Тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру аспаптары (тексеріп қарау шамдары мен лампалар)

дана

10

17

Отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жетпейтін орындарда бөгде салымдарды анықтау аспаптары (тығыздықтың өзгеруін айқындау аспаптары)

дана

2

18

Электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбалар) оқу аспаптары;

жиынтық

1

19

Штрих-кодтардың принтерлері

жиынтық

1

20

Штрих-кодтарды оқу аспаптары

жиынтық

1

21

Түнде көру және 24 сағат жұмыс кестесі кезінде локальдық (тұйық) аспаптар

дана

1

22

Шолу телевизиясының жүйесі – бірыңғай бақылау пультімен қашықтықтан басқарылатын немесе басқарылмайтын телевизиялық камералар мен бақылау мониторлар желісі

жиынтық

1

23

Тасымалы ультра қысқа толқынды (бұдан әрі – УҚТ) радио байланыс

дана

15

24

Стационарлық (базалық) радио байланыс

дана

1

25

Кеден бекетінің барлық көлік құралдары үшін автомобильді радио байланыс аппаратурасы

дана

1

26

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық

жиынтық

2

кіру/шығу

27

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық (қолда ұстайтын)

дана

1

2. 2-санатты (автомобиль қатынасы бойынша) кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің кедендік бақылау техникалық құралдарының тиесілік нормалары

Кедендік бақылау техникалық құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Автокөлік құралдарын электрондық есептеу жабдығы (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

2

кіру/шығу

2

Жеңіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын электрондық есептеу жабдығы

жиынтық

1

кіру/шығу

3

Автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін, оның ішінде осьтік жүктемесін автоматты түрде анықтау жабдығы (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

2 кіру, 1 шығу

4

Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты түрде анықтау жабдығы (қолда алып жүретін) ось бойынша өлшейтін таразы

дана

1

5

Көлік құралдарының толық массасын анықтау үшін стационарлық таразылық жабдығы (бақылау таразы)

дана

1

6

Автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері – немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы) (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

1

7

Женіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері – немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы)

жиынтық

1

8

Радиациялық бақылау жабдығы (жолақтардың санына байланысты), 1 жолақ тиісінше кіру жағынан жүйенің 1 жиынтығы

жиынтық

1

9

Биологиялық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жабдығы

жиынтық

1

10

Көлік құралдарын тазалау және дезинфекциялау жабдығы (жолақтардың санына байланысты)

жиынтық

1

11

Карантинге жататын өнімдерді залалсыздандыру жабдығы

жиынтық

1

12

Резервтік электр қорына арналған жабдық (барлық өткізу пунктін электрмен қамтамасыз ету үшін)

жиынтық

2 (оның ішінде 1-резервтік)

13

Қол жетпейтін жерлердегі тауарлар мен көлік құралдарды тексеріп қарау аспаптары (тексеріп қарау айналары)

дана

6

14

Көлік құралдарының қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (тексеріп қарау сүңгілері)

дана

6

15

Көлік құралдарындағы қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (эндоскоп)

дана

2

16

Тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру аспаптары (тексеріп қарау шамдары мен лампалар)

дана

15

17

Отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жетпейтін орындарда бөгде салымдарды анықтау аспаптары (тығыздықтың өзгеруін айқындау аспаптары)

жиынтық

2

18

Электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбалар) оқу аспаптары

жиынтық

2

19

Штрих-кодтардың принтерлері

жиынтық

2

20

Штрих-кодтарды оқу аспаптары

дана

2

21

Түнде көру және 24 сағат жұмыс кестесі кезінде локальдық (тұйық) аспаптар

жиынтық

1

22

Шолу телевизиясының жүйесі – бірыңғай бақылау пультімен қашықтықтан басқарылатын немесе басқарылмайтын телевизиялық камералар мен бақылау мониторлар желісі

дана

1

23

Тасымалы УҚВ радио байланыс

дана

15

24

Стационарлық (базалық) радио байланыс

дана

1

25

Кеден бекетінің барлық көлік құралдары үшін автомобильді радио байланыс аппаратурасы

дана

1

26

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық

жиынтық

2

кіру/шығу

27

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық

дана

1

3. 1-санатты (тәулігіне 200-ден және жоғары АКҚ байланысты автомобиль қатынасы бойынша) кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің кедендік бақылау техникалық құралдарының тиесілік нормалары

Кедендік бақылау техникалық құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Автокөлік құралдарын электрондық есептеу жабдығы (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

4

кіру/шығу

2

Жеңіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын электрондық есептеу жабдығы 1 жолақ – 1 жиынтық

жиынтық

1

кіру/шығу

3

Автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін, оның ішінде осьтік жүктемесін автоматты түрде анықтау жабдығы (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

2 кіру, 2 шығу

4

Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты түрде анықтау жабдығы (қолда алып жүретін) ось бойынша өлшейтін таразы

дана

3

кіру/шығу

5

Көлік құралдарының толық массасын анықтау үшін стационарлық таразылық жабдығы (бақылау таразы)

дана

1

6

Автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері – немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы) (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

3

7

Женіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері – немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы)

жиынтық

1

8

Радиациялық бақылау жабдығы (жолақтардың санына байланысты), 1 жолақ тиісінше кіру жағынан жүйенің 1 жиынтығы

жиынтық

1

9

Биологиялық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жабдығы

жиынтық

1

10

Көлік құралдарын тазалау және дезинфекциялау жабдығы (жолақтардың санына байланысты)

жиынтық

1

11

Карантинге жататын өнімдерді залалсыздандыру жабдығы

жиынтық

1

12

Резервтік электр қорына арналған жабдық (барлық өткізу пунктін электрмен қамтамасыз ету үшін)

жиынтық

2 (оның ішінде 1-резервтік)

13

Қол жетпейтін жерлердегі тауарлар мен көлік құралдарды тексеріп қарау аспаптары (тексеріп қарау айналары)

дана

8

14

Көлік құралдарының қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (тексеріп қарау сүңгілері)

дана

8

15

Көлік құралдарындағы қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (эндоскоп)

дана

4

16

Тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру аспаптары (тексеріп қарау шамдары мен лампалар)

дана

15

17

Отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жетпейтін орындарда бөгде салымдарды анықтау аспаптары (тығыздықтың өзгеруін айқындау аспаптары)

дана

4

18

Электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбалар) оқу аспаптары

жиынтық

3

19

Штрих-кодтардың принтерлері

жиынтық

3

20

Штрих-кодтарды оқу аспаптары;

жиынтық

3

21

Түнде көру және 24 сағат жұмыс кестесі кезінде локальдық (тұйық) аспаптар

дана

3

22

Шолу телевизиясының жүйесі – бірыңғай бақылау пультімен қашықтықтан басқарылатын немесе басқарылмайтын телевизиялық камералар мен бақылау мониторлар желісі

жиынтық

1

23

Тасымалы УҚВ радио байланыс

дана

20

24

Стационарлық (базалық) радио байланыс

дана

2

25

Кеден бекетінің барлық көлік құралдары үшін автомобильді радио байланыс аппаратурасы

дана

1

26

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық

жиынтық

2

кіру/шығу

27

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық

дана

3

4. 1-санатты (тәулігіне 500-ден 1000-ға дейінгі АКҚ байланысты автомобиль қатынасы бойынша) кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің кедендік бақылау техникалық құралдарының тиесілік нормалары

Кедендік бақылау техникалық құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Автокөлік құралдарын электрондық есептеу жабдығы (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

12

кіру/шығу

2

Жеңіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын электрондық есептеу жабдығы 1 жолақ – 1 жиынтық

жиынтық

1

кіру/шығу

3

Автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін, оның ішінде осьтік жүктемесін автоматты түрде анықтау жабдығы (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

5 кіру, 3 шығу

4

Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты түрде анықтау жабдығы (қолда алып жүретін) ось бойынша өлшейтін таразы

дана

5

кіру/шығу

5

Көлік құралдарының толық массасын анықтау үшін стационарлық таразылық жабдығы (бақылау таразысы)

дана

1

6

Автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері – немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы) (басқа КБТҚ-мен интеграцияланған)

жиынтық

2

7

Женіл автокөлік үшін жеке жолақ болған кезде автокөлік құралдарын және тауарларды қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері – немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы)

жиынтық

2

8

Радиациялық бақылау жабдығы (жолақтардың санына байланысты), 1 жолақ тиісінше кіру жағынан жүйенің 1 жиынтығы

жиынтық

1

9

Биологиялық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жабдығы

жиынтық

1

10

Көлік құралдарын тазалау және дезинфекциялау жабдығы (жолақтардың санына байланысты)

жиынтық

1

11

Карантинге жататын өнімдерді залалсыздандыру жабдығы

жиынтық

1

12

Резервтік электр қорына арналған жабдық (барлық өткізу пунктін электрмен қамтамасыз ету үшін)

жиынтық

2 (оның ішінде 1-резервтік)

13

Қол жетпейтін жерлердегі тауарлар мен көлік құралдарды тексеріп қарау аспаптары (тексеріп қарау айналары)

дана

10

14

Көлік құралдарының қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (тексеріп қарау сүңгілері)

дана

10

15

Көлік құралдарындағы қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (эндоскоп)

дана

6

16

Тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру аспаптары (тексеріп қарау шамдары мен лампалар)

дана

25

17

Отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жетпейтін орындарда бөгде салымдарды анықтау аспаптары (тығыздықтың өзгеруін айқындау аспаптары)

дана

6

18

Электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбалар) оқу аспаптары

жиынтық

5

19

Штрих-кодтардың принтерлері

жиынтық

5

20

Штрих-кодтарды оқу аспаптары;

жиынтық

5

21

Түнде көру және 24 сағат жұмыс кестесі кезінде локальдық (тұйық) аспаптар

дана

3

22

Шолу телевизиясының жүйесі – бірыңғай бақылау пультімен қашықтықтан басқарылатын немесе басқарылмайтын телевизиялық камералар мен бақылау мониторлар желісі

жиынтық

1

23

Тасымалы УҚВ радио байланыс

дана

25

24

Стационарлық (базалық) радио байланыс

дана

3

25

Кеден бекетінің барлық көлік құралдары үшін автомобильді радио байланыс аппаратурасы

дана

1

26

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық

жиынтық

2

кіру/шығу

27

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық

дана

3

5. Кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің кедендік бақылау техникалық құралдарының тиесілік нормалары (теміржол қатынасы бойынша)  

Кедендік бақылау техникалық құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Теміржол вагондарының салмақтық параметрлерін автоматты анықтау жабдығы

дана

1 кіру

2

Теміржол құрамдарын қарап тексеру (тексеріп қарау) (инспекциялық-тексеріп қарау кешендері немесе тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы (теміржол жолдарының сандарына байланысты) жабдығы

жиынтық

1 кіру

3

Радиациялық бақылау үшін жабдық (теміржол санына байланысты), тиісінше 1 жолаққа кіру жүйесінің 1 кешені

жиынтық

1

4

Резервтік электр қоректендіру жабдығы (барлық өткізу пунктінің электр жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін)

жиынтық

2 (оның ішінде 1-резервтік)

5

Қол жетпейтін жерлерде тауарлар мен теміржол вагондарын тексеріп қарау аспаптары (тексеріп қарау айналары)

дана

3 кіру

6

Теміржол вагондарында қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (тексеріп қарау сүңгілері)

дана

3 кіру

7

Теміржол вагондарында қол жетпейтін орындарын және әртүрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған аспаптар (эндоскоп)

дана

2 кіру

8

Тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру аспаптары (тексеріп қарау шамдары мен лампалар)

дана

15

9

Қол жетпейтін орындарындағы бөтен салымдарды анықтау аспаптары (тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар)

дана

2 кіру

10

Түнде көру және 24 сағат жұмыс кестесі кезінде локальдық (тұйық) аспаптар

дана

1

11

Шолу телевизиясының жүйесі – бірыңғай бақылау пультімен қашықтықтан басқарылатын немесе басқарылмайтын телевизиялық камералар мен бақылау мониторлар желісі

жиынтық

1

12

Тасымалы УҚВ радио байланыс

дана

15

13

Стационарлық (базалық) радио байланыс

дана

1

14

Кеден бекетінің барлық көліктік құралдары үшін автомобильді радио байланыс аппаратурасы

дана

1

6. Кеден жаяу жүргінші өткізу пункттерінің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің жолаушы терминалдарындағы кедендік бақылау техникалық құралдарының тиесілік нормалары  (әуе, теміржол, автомобиль қатынасы бойынша)

Кедендік бақылау техникалық құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Радиациялық бақылау үшін жабдық (жолаушы терминалдарға кіру санына байланысты)

жиынтық

1

2

Өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған жабдық (жолаушы терминалдарға кіру санына байланысты)

жиынтық

1

3

Багажды және қол жүгін қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 1000-ға дейін өткен кезде

дана

2

кіру/шығу

4

Багажды және қол жүгін қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 3000-ға дейін өткен кезде

дана

4

кіру/шығу

5

Багажды және қол жүгін қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 5000-ға дейін өткен кезде

дана

6

кіру/шығу

6

Багажды және қол жүгін қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 7000-ға дейін өткен кезде

дана

8

кіру/шығу

7

Багажды және қол жүгін қарап тексеру (тексеріп қарау) жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 7000 және жоғары өткен кезде

дана

10

кіру/шығу

8

Жеке тұлғаларды байланыссыз тексеріп қарау жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 1000-ға дейін өткен кезде

дана

2

кіру/шығу

9

Жеке тұлғаларды байланыссыз тексеріп қарау жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 3000-ға дейін өткен кезде

дана

4

кіру/шығу

10

Жеке тұлғаларды байланыссыз тексеріп қарау жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 5000-ға дейін өткен кезде

дана

6

кіру/шығу

11

Жеке тұлғаларды байланыссыз тексеріп қарау жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 7000-ға дейін өткен кезде

дана

8

кіру/шығу

12

Жеке тұлғаларды байланыссыз тексеріп қарау жабдығы (жолаушы ағынына байланысты) кеден бекеті арқылы жеке тұлғалар 7000 және жоғары өткен кезде

дана

10

кіру/шығу

13

Қол жүгі мен багажға арналған тасымалдау рольганг-конвейерлер (қызыл дәліздің санына байланысты)

дана

1 кіру/шығу

14

Қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтау аспаптары (стационарлық металл детекторлары) (төлқұжат бақылауының шекаралық кабинкалардың санына байланысты)

дана

1

15

Қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтау аспаптары (тасымалданатын металл детекторлары) (төлқұжат бақылауының шекаралық кабинкалардың санына байланысты)

дана

14

16

Бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары

дана

5

17

Асыл тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары

дана

5

18

Есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары

дана

2

19

Жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары

дана

2

20

Химиялық элементтердің құрамын анықтау аспаптары (анализатор)

дана

2

21

Жолаушылардың багажын өлшеу аспаптары

дана

4

22

Бірдейлендіру құралдар, детекторлар және хладагенттер талдағыштар

дана

2

23

Шолу телевизиясының жүйесі – бірыңғай бақылау пультімен қашықтықтан басқарылатын немесе басқарылмайтын телевизиялық камералар мен бақылау мониторлар желісі

жиынтық

1

24

Тасымалы УҚВ радио байланыс

жиынтық

10

Ескертпе: «кіру/шығу» – осы кедендік бақылау техникалық құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына кіруде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одағы аумағына шығуда да орнатылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 250 бұйрығына
3-қосымша
Кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың оларға қойылатын үлгілік талаптары
1. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу үшін оның ерекшеліктеріне (санаттау, сыныптау, инфрақұрылымды дамыту) байланысты кедендік бақылауды ұйымдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарының кедендері, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері осы бұйрықпен бекітілген жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларына сәйкес жайластырылады және материалдық-техникалық жарақтандырылады.
2. Кедендер, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері үшін мынадай үй-жайлар қажет:  
1) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына арналған қызметтік үй-жайлар;
2) серверлік, байланыс тораптарын орналастыруға арналған үй-жайлар;
3) тағақтануға және демалуға арналған үй-жайлар;
4) санитариялық тораптар (ерлер және әйелдер – бөлек);
5) электр қоректендіру және резервті электр қоректендіру жүйесіне арналған үй-жайлар;
6) көлік құралдарына арналған тұрақ орындары (қызметтік көлік және персонал көлігі үшін).
3. Кедендер, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері екі функционалдық бөліктен тұрады:
1) қызметтік – кедендік және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерін жүзеге асыру үшін;
2) әкімшілік – мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын орналастыру үшін.
4. Қызметтік бөлікте:
1) операциялық зал – тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларациялау бойынша кедендік операцияларды жүргізуге арналған;
2) бақылау кезеңінде уақытша болуға арналған санитариялық-тұрмыстық жағдайлары бар жолаушыларға арналған залдар;
3) екі дәліздік жүйесімен жайластырылған қажетті құжаттамаларды толтыруға арналған тіреуіші бар кедендік бақылау аймақтары;  
4) кедендік бақылау уақытын қысқарту және оның нәтижесін арттыру мақсатында пайдалануға арналған кедендік бақылау техникалық құралдары қарастырылады.
5. Операциялық залдарда:
1) қызметтерді сапалы ұсыну үшін зал, компьютерлік техникамен, интернетпен, телефондық және спутниктік байланыспен, заманауи ұйымдастыру техникасымен жабдықталған;
2) кедендік операцияларды жасау кезінде тауарларды шығару үшін қажетті төлемдер бойынша операцияларды жүргізетін банктердің қызмет көрсету POS-терминалдары;
3) екінші деңгейдегі банктердің кассалары және/немесе банк қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
4) операциялық залда, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізу орындарында объектіні сапалы шолу үшін жеткілікті мөлшерде жазатын бейнеқадағалау камералары;
5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (бұдан әрі – СЭҚҚ) сапалы және уақтылы қызмет көрсетуді көздейтін электрондық кезек жүйесі;
6) отыруға арналған жиһазбен қамтамасыз етілген СЭҚҚ арналған жабдықталған күту орындары;  
7) электрондық анықтамалық нормативтік құқықтық актілер базасымен, стендтармен, буклеттермен және Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамаларының ережелерін түсіндіретін өзге де материалдармен жарақтандырылған ақпараттық-консультативтік пунктіне бөлінген орын қарастырылады.
6. Кедендер, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері үшін қосымша:
1) кедендік қарап тексеру/тексеріп қарау жүргізуге арналған жабық үлгідегі орындарды;  
2) жоғары радиациялық фонымен, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылаудың талаптарын бұзған көлік құралдарын орналастыруға арналған аландарды;
3) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына арналған қызметтік үй-жайларын;
4) бейнеқадағалау камералары бар спутниктік, ұялы және радио байланысты беру құралдарын орнату үшін биіктігі 30 метрден кем емес металл конструкциясынан жасалған мачтаны орнатуын;
5) шектес өткізу пункттерімен электрондық манифестпен және алдын алу ақпараттың электрондық деректерімен алмасу үшін байланыстың талшықты-оптикалық желісін қарастыру қажет.
7. Әуежайлар, теңіз бекеттері, теміржол стансалары аумағында орналасқан кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттерінде кедендік тексеріп қарау/қарап тексеруге арналған алаңдарын қоса алғанда, теміржол, әуе және теңіз көлігімен, оның ішінде жылжымалы құрам, контейнерлер, теңіз және әуе кемесінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті үй-жайлар мен құрылысжай қосымша қарастырылады, онда:
1) жартылай вагондармен тасымалданатын үйілме жүктерді кедендік қарап тексеру үшін эстакада;  
2) кедендік нарядтың аккумуляторлық жәшіктерге қол жетімділігі және құрамның вагон астындағы кеңістігіне кедендік қарап тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етілетін, биік платформалар;  
3) құрамның астынан кедендік қарап тексеру үшін құдықтар (теміржол жолдарының екі жағынан өтпелі көпірлерге жақын жабдықталады);
4) кедендік тексеріп қарау/қарап тексеруді жүргізу үшін контейнерлердің орналасқан жеріне кіру мүмкіндігі;
5) жүктерге және жолаушы бөлімшелеріне және үй-жайларға кедендік қарап тексеру/тексеріп қарау жүргізу үшін теңіз және әуе кемелеріне кіру мүмкіндігі болуы тиіс.
Қазақстан Республика
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 250 бұйрығына
4-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерінде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар
1. Кедендік инфрақұрылым элементтері мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерінде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде (бұдан әрі – кедендік инфрақұрылым элементтері) мемлекеттік кірістер органдары лауазымдық тұлғаларының функционалдық міндеттемелерді тиісінше орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.  
2. Кедендік инфрақұрылым элементтері мынадай:  
1) көлік құралдарын есепке алу (автомобиль өткізу пункттері үшін) –тіркеуді автоматтандыру арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында кіретін/шығатын автокөлік құралдарын автоматтандырылған түрде бақылауға арналған;
2) радиациялық бақылау – жоғары деңгейлі иондалған сәуле (оның ішінде тұлғалар) объектілерін анықтау арқылы бөлінетін және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымының жолын кесуге арналған;  
3) көлік құралдарын тазарту және дезинфекциялау – көлік құралдарын механикалық тазартуды, жууды және залалсыздандыруды қамтамасыз ету үшін, оларды кейіннен дезинфекциялау үшін арнайы ертінділердің беткі қабатын жинауға арналған);
4) салмақтық габариттік параметрлерді айқындау – мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелермен интеграциялау мүмкіндігімен, өткізілетін тауарлардың салмақты параметрлерін өлшеу, жүк автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін, оның ішінде автоматты режимде айқындауға арналған;
5) адамдарды, багажды және қол жүгін тексеру (қарау) – тыйым салынған (өткізуі шектелген) тауарларды, сондай-ақ декларациялауға жататын тауарларды анықтау мақсатында көлік құралы персоналына қызмет көрсету мен жолаушыларды тексеруге арналған;
6) адамдардың дене температурасын байланыссыз өлшеу – дене температурасы жоғары адамдарды қашықтықтан анықтауға арналған;
7) көлік құралдары мен тауарларын тексеру (қарау) – көлік құралдары мен тауарларын бақылау (тексеру және сәйкестендіру), сондай-ақ тыйым салынған (өткізуі шектелген) тауарларды және (немесе) көліктік және тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілмеген тауарларды табу, көлік құралдарында, багаждар мен тауарларда жасырылған адамдарды анықтауға арналған;
8) биологиялық қалдықтарды жинау және жою (кәдеге жарату) – қол жүгінде, жеке тұлғалардың багажында және пошта жөнелтімдерінде, сондай-ақ тауар партияларында анықталған жануарлар мен өсімдік тектес тауарларды (жою (кәдеге жарату) орнына дейін тасымалдау сақтау мүмкін болмаған кезде) жинауды, уақытша сақтауды қамтамасыз етуге және жоюға (кәдеге жаратуға) арналған;
9) қол жетімдікті басқару мен бақылау және күзет дабылы – кедендік бақылау аймағына заңсыз кіруді (кіруге әрекет етуді) анықтау үшін, сондай-ақ ақпаратты жинау, өндеу мен беруге арналған;
10) байланыс және ақпараттық технологиялар – ақпараттық қауіпсіздіктің кепілденген деңгейін, сондай-ақ «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желіге шығатын жұмыс орнымен қамтамасыз ететін байланыстың ашық (ішкі, қалааралық және халықаралық) және арнайы байланыс түрлерінің қажетті ақпаратын қамтамасыз етуге арналған;
11) телевизиялық қадағалау (бейнеқадағалау) – электрондық қадағалау құралдарының көмегімен объектілерге (аумаққа) көзбен шолып бақылауды қамтамасыз етуге арналған;
12) өрт сөндіру дабылы – өртті жою мен адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды (қолжетімді өрт тәуекелін ескере отырып) ұйымдастыру мақсатында өрт сөндіру қондырғылары мен өрт туралы хабарландыру жүйелерін қосу үшін қажетті уақыттағы өрт туралы хабарландыруды өндеуге, беруге, өртті автоматты түрде анықтауға арналған;
13) инженерлік күзет құралдары – көлік құралдарын тоқтатуға және жылдамдықты шектеуге арналған;
14) ақпараттық өзара іс-қимыл – мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті ақпаратқа мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың қолжетімдігін, жұмыс істеуі мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін;
15) резервтік электр қорегі – электр жабдықтау жүйелерін апатты ажырату кезінде электрмен кедендік инфрақұрылым элементтерін қамтамасыз етуге арналған техникалық жүйелердің жұмыс істеу қажеттігін ескере отырып, жайластырылады және жарақтандырылады.
3. Кедендік инфрақұрылым элементтерін жарақтандыру үшін қажетті жүйелер құрамын және осы жүйелердің құрамына кіретін жабдық санын мемлекеттік кірістер органдары не кеден инфрақұрылымының элементі түрін, сондай-ақ мынадай:
1) халықаралық қатынас түрі;
2) мамандығы;
3) адамдарды, көлік құралдары мен тауарларды өткізуді ұйымдастырудың технологиялық схемасы (жобасы);
4) өткізу қабілеті (тәулігіне, сағатына адамдардың, көлік құралдарының қозғалыс қарқыны);
5) саны:
шығу және кіру бағыттарына автокөлік қозғалысының жолағы (автомобильдер (автожолдар) үшін өткізу пункттері);
халықаралық терминалдар (әуе және теңіз өткізу пункттері үшін);
6) көлік және адамдар қозғалысы ағынының кіруін және шығуын бөлу;
7) көлік құралдарының типтері (жеңіл автокөлік құралдары, жүк автокөлік құралдары, автобустар, теңіз кемелері, әуе кемелері, жолаушы және жүк құрамдары) жаяу жүру бағыттары;
8) адамдарды, көлік құралдары мен тауарларды  қарау (тексеру) аумағы мен орын саны, олардың қоршаулары мен жарықтануын;
9) жұмыс режимі;
10) бақылау операцияларын өткізу уақыты;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылысжайларды жайластыруға қойылатын арнайы талаптар;
12) инженерлік-техникалық жабдықтың болуы мен жағдайы ерекшеліктерін ескере отырып, құзыретіне  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіретін өзге де органдар айқындайды.
4. Кедендік инфрақұрылым элементтерінде:
1) бақылау жүргізуге арналған жұмыс орындары;
2) лауазымды тұлғалар үшін қызметтік (арнайы) үй-жайлар;
3) бақылау жүргізуге арналған арнайы орындар (тұрақтар, алаңдар, тұйықтар, айлақтар);
4) адамдарды жеке тексеруге арналған үй-жайлар;
5) мыналар:  
 кедендік операцияларды жасау кезінде тауарларды шығару үшін қажетті төлемдер бойынша операциялар жүргізетін банктердіңе қызмет көрсететін POS-терминалдар;  
нормативтік құқықтық актілердің электрондық ақпараттық базасымен, стендтермен, буклеттермен және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерін түсіндіретін өзге де материалдармен жарақтанған ақпараттық-консультативтік пунктке бөлінген орны бар санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін, мемлекеттік бақылауды жүргізуге қажетті жолаушыларға (адамдарға) арналған залдар (орындар);  
6) жұқпалы ауруларға күдігі бар адамдарды уақытша оқшаулауға арналған үй-жайлар;
8) кідіртілген адамдарды ұстауға арналған үй-жайлар;
7) серверлік, байланыс тораптарын орналастыруға арналған үй-жайлар;
8) бақылау техникалық құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар;
9) тамақ дайындау, тақтану мен демалуға арналған үй-жайлар;
10) санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар;
11) қызметтік иттерді (вольерлер) ұстауға арналған үй-жайлар;
12) электрқорек жүйелері мен резервтік электрқорекке арналған үй-жайлар;
13) ресми кездесуге арналған зал көзделеді.
5. Бақылау операцияларын жүргізу орындары осындай операцияларды жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жарықтандырумен жабдықталуы тиіс.