Toggle Dropdown
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 22 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 наурызда № 16540 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі ________________ Д. Абаев 2018 жылғы 1 ақпан «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы ________________ А. Қабыкенов 2018 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 22 бұйрығына қосымша
Кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған тізбесі
1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 274-ОД бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2981 болып тіркелген, 2004 жылғы 4 қыркүйекте «Ресми газет» газетінде жарияланған № 36 (193).
2. «Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3526 болып тіркелген, 2005 жылғы 10 желтоқсанда «Ресми газет» газетінде жарияланған № 51 (260).
3. «Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 85-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 болып тіркелген, 2005 жылғы 30 сәуірде «Ресми газет» газетінде жарияланған № 18).
4. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 242-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4455 болып тіркелген, 2007 жылғы 2 ақпанда «Заң газеті» газетінде жарияланған № 17 (1220).
5. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5595 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірде «Заң газеті» газетінде жарияланған № 53 (1650) бекітілген Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесінің 1) тармақшасы.
6. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2009 жылғы № 3, 338-құжат) бекітілген Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 13-тармағы.
7. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 15-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9217 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы.