Toggle Dropdown
1
Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16521 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 11.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына, 46-бабының 1-тармағына, 466-бабының 6-тармағына және 468-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу қағидалары;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6387 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтары тізбесінің 2-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев)заңнамада белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінҚазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау жәнеенгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Toggle Dropdown
3) оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 228 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Уәкілетті кеден органы жүргізетін кедендік сараптама өзінің түрлері бойынша «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 466-бабының 5-тармағына, 470-бабына сәйкес бөлінеді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
1-параграф. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін материалдарды жолдау және құжаттар мен материалдарды қабылдау
Toggle Dropdown
3. Кедендік сараптама тауарларды сыныптау туралы алдын-ала шешімді (бұдан әрі – АСШ) қабылдау кезінде және кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тағайындалады.
Toggle Dropdown
4. АСШ қабылдау кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы АСШ қабылдау туралы сұрау салу түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді (бұдан әрі - Шешім) қабылдау жолымен кедендік сараптаманы тағайындайды. Шешімге «Кеден органының лауазымды тұлғасы сараптамаға жолдайтын тауарлар құжаттарының тізбесі» (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №6/14 шешіміне қосымшада көзделген құжаттар қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Кедендік сараптама тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру және АСШ қабылдау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми білімдер талап етілетін жағдайда тағайындалады.
Toggle Dropdown
5. Кедендік сараптаманы жүргізу кезінде, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органының басшысына жазбаша және (немесе) электронды түрде Құжаттар тізбесіне сәйкес шешімді және материалдарды, осыған қоса кедендік сараптама жүргізуге керекті тауар сынамалары және (немесе) үлгілерін жолдайды.
Toggle Dropdown
6. Шешімдер, құжаттар, материалдар және оларға қоса берілген зерттеу объектілері уәкілетті кеден органымен түскен күні қабылданады. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері, ыдыс, тауарлардың орамалары, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге құжаттар, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдары кедендік сараптама объектілері болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Егер Шешімде ораманың жоқ екендігі көрсетілмесе, Шешімге қоса берілетін кедендік сараптама объектілері оралған және мөр басылған түрде қабылданады. Орамада орауды жүргізген тұлға туралы мәліметтерді, оның қолы мен күнін қоса алғанда, түсіндірме жазбаның болуы тиіс. Орамаға зақым келтірмей оның ішіндегіге қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау қажет.
Toggle Dropdown
8. Келіп түскен объектілердің орамаларын ашу, кедендік сараптаманы жүргізу тапсырылған кеден сарапшысымен (сарапшымен) ғана жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Кедендік сараптамаға жолданған объектілерде жеткізу (тасымалдау) кезінде зақымдану, бүліну не ішінара жоғалу болған кезде, олар бойынша зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргізілмейді. Бұл ретте зақымдану, бүліну не ішінара жоғалу фактілерін уәкілетті кеден органы фото және бейнетүсірілім түрінде тіркейді.
Toggle Dropdown
2-параграф. Кедендік сараптамалар өндірісін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
10. Кедендік сараптамалар өндірісін ұйымдастыру уәкілетті кеден органының басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
Toggle Dropdown
11. Кедендік сараптама уәкілетті кеден органының үй-жайларында да, сондай-ақ, егер бұл объектілерді зерттеу (сынау) сипаты бойынша қажет не зерттеу (сынау) объектісін кедендік сараптамаға жеткізу мүмкін болмауына байланысты болған кезде, одан тыс жерлерде де жүргізіледі.
Toggle Dropdown
12. Кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптама АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптаманы жүргізуді қоспағанда, кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдар мен құжаттарды қабылдаған күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
АСШ қабылдау кезіндегі кедендік сараптама кедендік сарапшымен (сарапшымен) кедендік сараптама жүргізу үшін құжаттар мен материалдар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
13. Кедендік сараптаманы Кодекстің 46-бабында көзделген мерзімдерден ұзағырақ мерзімдерде жүргізу жағдайлары осы Қағидалардың 3-параграфымен белгіленген.
Toggle Dropdown
14. Кедендік сараптамаға келіп түскен құжаттар мен материалдар, бір жұмыс күні ішінде нақты кедендік сарапшыға (сарапшыға) не бірнеше кедендік сарапшыларға (сарапшыларға) беріледі.
Toggle Dropdown
3-параграф. Кедендік сараптаманы тоқтату тәртібі мен мерзімдері
Toggle Dropdown
15. Кедендік сараптаманы ұзағырақ мерзімдерді жүргізу мынадай:
Toggle Dropdown
1) қаралатын объектілерге қатысты қосымша ақпаратқа сұрау салған;
Toggle Dropdown
2) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына қайтарылуға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болған;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті мемлекеттік кірістер органы өзге уәкілетті сараптамалық ұйымдарға (сарапшыларға) жүгінген жағдайларда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптама жүргізу мерзімі Кодекстің 468-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік сараптамаға келіп түскен құжаттар мен материалдар тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның жазбаша рұқсатымен мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамаларды және (немесе) үлгілерді беру туралы өтінішхаты болғанда.
Toggle Dropdown
Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі қосымша материалдарды, құжаттарды, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады. Егер аталған материалдар кедендік сарапшыға күнтізбелік отыз күн ішінде берілмесе, онда бұл жағдайда кедендік сараптама жүргізуден дәлелді бас тарту ресімделеді;
Toggle Dropdown
2) кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына қайтарылуға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болғанда.
Toggle Dropdown
Уәкілетті кеден органы кедендік сараптама тоқтатылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына, кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу үшін сұранысты жолдайды.
Toggle Dropdown
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдауға немесе жоюға сұранысты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті кеден органына жауап жолдайды.
Toggle Dropdown
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді, зерттеу немесе сынақтар жүргізу барысында елеулі зақымдау немесе жоюдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті кеден органымен бір жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту ресімделеді;
Toggle Dropdown
3) кедендік сараптама жүргізуге кіріскен кедендік сарапшы (сарапшы) дәлелді себеппен болмағанда (еңбекке уақытша жарамсыздық, іссапар).
Toggle Dropdown
Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі кедендік сарапшы (сарапшы) болмаған кезде, күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Кедендік сарапшы (сарапшы) күнтізбелік он күннен артық мерзімде болмаған кезде, кедендік сараптаманы жүргізу басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті мемлекеттік кірістер органы өзге уәкілетті сараптамалық ұйымдарға (сарапшыларға) жүгінгенде;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптама жүргізу үшін тартқанда тоқтатыла тұрады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда кедендік, оның ішінде қосымша және қайталама сараптаманы тоқтата тұру мерзімі жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
17. Уәкілетті кеден органы бір жұмыс күні ішінде, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын кедендік сараптаманы тоқтата тұру туралы себептер мен негіздемелерді көрсете отырып, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімінің тоқтатыла тұруы туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
18. Зерттеудің салыстыру (салыстырмалы) әдістерін қолдануды және әртүрлі ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін, ұзақ уақытты алатын кедендік сараптаманың екі және одан көп объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде кедендік сараптама мерзімі Кодекстің 468-бабының 1-тармағына сәйкес, егер кедендік сараптама нәтижелері алынғанға дейін тауарларды шығару жүзеге асырылмайтын болса, тауарларды уақытша сақтау мерзімінен аспайтын мерзімге осындай ұзарту мерзімінің себептері көрсетіліп, уәкілетті кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның жазбаша рұқсатымен ұзартылады.
Toggle Dropdown
4-параграф. Кедендік сараптама нәтижелерін ресімдеу және жолдау
Toggle Dropdown
19. Кедендік сараптама нәтижелері бойынша кедендік сарапшы (сарапшы) Кодекстің 469-бабына сәйкес Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын жасайды.
Toggle Dropdown
20. Егер Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы: сынақ хаттамалары, зерттеу хаттамалары, фотокесте, ксерокөшірмелер, сызбалар, кестелер, сұлбалар, графиктер түріндегі, зерттеу және (немесе) сынақ барысын суреттейтін құрылғылар мен жабдықтардан басып шығарылған иллюстративті материалдар түріндегі материалдармен және құжаттармен қоса берілсе және алынған нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын болса, онда осындай материалдар мен құжаттар Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген материалдар мен құжаттарға кедендік сарапшының (сарапшының) қолы қойылады және уәкілетті кеден органының мөрімен немесе кедендік сарапшының (сарапшының) жеке мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Toggle Dropdown
21. Кедендік сарапшының (сарапшының) шешуі үшін қойылған жекелеген сұрақтарға жауап беру мүмкін болмаған жағдайда, кедендік сарапшы (сарапшы) бұл туралы үш жұмыс күні ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын жауап беру мүмкіндігінің болмау себептерін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік кірістер органының одан әрі сараптамалық қызметті жүзеге асыратын басқа да тәуелсіз ұйымдарға жүгінуі үшін хабардар етеді.
Toggle Dropdown
22. Уәкілетті кеден органы қажет болған жағдайда, оның алдында қойылған мәселелер оның құзыретінен тыс болған не оның зерттеулерді және (немесе) сынақтарды жүргізу үшін қажетті жабдықтары мен аспаптары болмаған жағдайда, оған келіп түскен Шешімді, құжаттарды, материалдарды және кедендік сараптама объектілерін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік кірістер органының басқа бөлімшесіне қайта жолдайды.
Toggle Dropdown
23. Уәкілетті кеден органы бір жұмыс күнінің ішінде кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына құжаттардың, материалдардың және кедендік сараптама объектілерінің қайта жолданғаны туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Жоғарыда көрсетілген қайта жолдау бойынша кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі, олар қайта жолданған уәкілетті мемлекеттік кірістер органының кедендік сарапшысы құжаттарды, материалдарды және кедендік сараптама объектілерін алған сәтінен бастап есептелінеді
Toggle Dropdown
24. Кедендік сараптаманы жасаған кедендік сарапшы (сарапшы) жеке өзі барлық қайтаруға жататын кедендік сараптама объектілерін буып-түйеді. Орама олардың сақталуын қамтамасыз етуі, оны зақымдамай ішіндегіге қол жеткізуді болдырмауы, қажетті түсіндірме жазбалардың және кедендік сарапшының қолы болуы тиіс. Орама уәкілетті мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен, кедендік сарапшының жеке мөрімен (ол болған кезде) мөрленеді. Материалдар, құжаттар мен оралған және мөрленген кедендік сараптама объектілері кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына пошта байланысымен, арнайы байланыспен жөнелтіледі немесе қолма-қол жеткізіледі.
Toggle Dropdown
25. Егер Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы және объектілер ілеспе хатпен бірге кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына қолма-қол берілсе, онда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу журналына тиісті жазба енгізіледі, Кедендік сарапшының қорытындысын және объектілерін алғандығы туралы қолхат алушымен ілеспе хаттың екінші данасында орындалады және алынған материалдардың ілеспе хатта көрсетілген тізбеге сәйкестігі, алушының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), алған күні және қолы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
26. Кедендік сараптаманы орындалғаннан кейін, материалдар, құжаттар және (немесе) кедендік сараптама объектілері почта байланысымен жолдануы мүмкін болмаса, уәкілетті кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын бұл туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
5-параграф. Қосымша кедендік сараптамалар өндірісін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
27. Қосымша кедендік сараптама Кодекстің 470-бабына сәйкес тағайындалады және Кодекстің 468-бабындағы көрсетілген мерзімінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
28. Қосымша кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде жаңадан ашылған мән-жайлар көрсетілуі тиіс.
Toggle Dropdown
29. Қосымша кедендік сараптаманы жүргізу орны уәкілетті кеден органының басшысымен немесе оны алмастыратын тұлғамен айқындалады.
Toggle Dropdown
30. Қосымша кедендік сараптаманы жүргізу өндірісі бастапқы кедендік сараптама жүргізген кедендік сарапшыға немесе басқа кедендік сарапшыға тапсырылады.
Toggle Dropdown
31. Қосымша кедендік сараптаманы тағайындау кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) бастапқы кедендік сараптаманың нәтижелері ұсынылады.
Toggle Dropdown
32. Кедендік сарапшының (сарапшының) қосымша кедендік сараптама қорытындысында:
Toggle Dropdown
уәкілетті кеден органының атауы;
Toggle Dropdown
қосымша кедендік сараптаманы жүргізу орны, басталу және аяқталу күні;
Toggle Dropdown
бастапқы кедендік сараптама нәтижесі бойынша жаңадан ашылған мән-жайларды көрсете отырып, қосымша кедендік сараптаманы тағайындауға негіздер;
Toggle Dropdown
бастапқы кедендік сараптама туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
қосымша кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның біліктілігі;
Toggle Dropdown
қосымша кедендік сараптаманы жүргізу кезінде қасақана жалған Кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысын бергені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілгені туралы кедендік сарапшының (сарапшының) қолымен куәландырылған белгі;
Toggle Dropdown
кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер;
Toggle Dropdown
қосымша кедендік сараптаманы жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің, алынған құжаттардың немесе оларды сәйкестендіру құралдарының тізбесі;
Toggle Dropdown
қолданылған әдістерді көрсете отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері, қойылған мәселелер бойынша пікірлер және олардың негіздемесі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6-параграф. Қайталама кедендік сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру
Toggle Dropdown
33. Қайталама кедендік сараптама Кодекстің 470-бабына сәйкес тағайындалады және Кодекстің 468-бабындағы көрсетілген мерзімінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
34. Қайталама кедендік сараптаманы жүргізу орны уәкілетті кеден органының басшысымен немесе оны алмастыратын тұлғамен айқындалады.
Toggle Dropdown
35. Қайталама кедендік сараптама, кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыны) қоспағанда, екі және одан көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады.
Toggle Dropdown
Қайталама кедендік сараптама жүргізу үшін комиссияның құрамына осындай сараптамаларды жүргізуде тәжірибесі бар бір мамандықтың сарапшылары кіреді.
Toggle Dropdown
Кедендік сарапшылар (сарапшылар) арасында кедендік сараптама нәтижелері әртүрлі болған кезде, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) жеке қорытындысын ұсынады.
Toggle Dropdown
36. Кедендік сараптама жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптаманы жүргізу кезінде оған қатыса алады және комиссияға қажетті түсіндірме бере алады.
Toggle Dropdown
37. Қайталама кедендік сараптаманы тағайындау кезінде кедендік сарапшылар (сарапшылар) комиссиясына бұрын жүргізілген кедендік сараптамалардың нәтижелері ұсынылады.
Toggle Dropdown
38. Кедендік сарапшының (сарапшының) қайталама қайта жүргізілген Кедендік сараптама қорытындысында:
Toggle Dropdown
уәкілетті мемлекеттік кірістер органының атауы;
Toggle Dropdown
кедендік сараптаманы қайта жүргізу орны, басталу және аяқталу күні;
Toggle Dropdown
кедендік сараптаманы қайта тағайындау негізі;
Toggle Dropdown
бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалар туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
кедендік сараптаманы қайта жүргізген кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), олардың біліктілігі;
Toggle Dropdown
кедендік сараптаманы қайта жүргізу кезінде қасақана жалған Қорытынды бергені үшін әкімшілік жауапкершілік жөнінде ескертілгені туралы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) қолдарымен куәландырылған белгі;
Toggle Dropdown
кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер;
Toggle Dropdown
қайталама кедендік сараптаманы жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің, алынған құжаттардың немесе оларды сәйкестендіру құралдарының тізбесі;
Toggle Dropdown
қолданылған әдістерді көрсете отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері, қайталама кедендік сараптама зерттеулерінің нәтижелерін бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптама нәтижелерімен салыстырғандағы баға, қойылған мәселелер бойынша пікірлер және олардың негіздемесі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 228 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім
Toggle Dropdown
ХХХХХ/ККААЖЖ/YY/ХХХХХХ
Toggle Dropdown
1. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының атауы және мекенжайы____________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
______________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) «176-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік декларация (бұдан әрі – КД) № және «өзге құжаттардың № мен атауы» ___________________________________________________
Toggle Dropdown
3. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін негіз ________________________________________________
Toggle Dropdown
______________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
4. Кедендік сараптаманы жүргізудің мақсат_________________________________________________
Toggle Dropdown
______________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
5. Кодексінің 466-бабына сәйкес __________________________________________________________
Toggle Dropdown
______________________________________________________________________________________ (лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
ШЕШТІМ:______________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________кедендік сараптама тағайындалсын, (Кодексінің 466-бабына сәйкес кедендік сараптаманың түрін көрсету)
Toggle Dropdown
оны жүргізуге___________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________ тағайындалсын. (кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
6. Кедендік сарапшыны (сарапшыны) қасақана жалған кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысын бергені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 659-бабына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабына сәйкес жауапкершілігі туралы ескерту.
Toggle Dropdown
7. Кедендік сарапшының (сарапшының) алдына мәселелер қою:
Toggle Dropdown
1) ____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
2) ____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
3) ____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
8. Тауардың атауы_______________________________________________________________________ (Кодексінің 176-бабының 6-тармағына сәйкес КД не өзге құжаттар бойынша)
Toggle Dropdown
9. Кедендік сарапшының (сарапшының) қарауына мынадай құжаттар ұсынылды:
Toggle Dropdown
1) _____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
2) _____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
3) _____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
4) _____________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
10. Тауардың сынамалары, үлгілері, олардың саны____________________________________________
Toggle Dropdown
11.Зерттеу материалдарының, құжаттарының, сынамалары мен үлгілерінің түрін өзгертуі, ішінара немесе толықтай жойылуы, бұзылуы ______________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________________ (рұқсат берілді/рұқсат берілмеді – керегін жазбаша толтыру)
Toggle Dropdown
12. Ораманың сипаттамасы немесе ораманың жоқтығы туралы белгі _____________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
13. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органынының лауазымды тұлғасы__________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы, жеке нөмірленген мөр (ол болған кезде), немесе кедендік сараптаманы тағайындаған органның мөрімен куәландырылған қолы)
Toggle Dropdown
14. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының қызметтік телефоны_____________________________
Toggle Dropdown
Аббревиатураларды ашып жазу:
Toggle Dropdown
Әрбір мемлекеттік кірістер органында кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің нөмірі бірыңғай қалыптастыру тәртібінде белгіленеді:
Toggle Dropdown
ХХХХХ/ККААЖЖ/YY/XXXXXX, мұндағы:
Toggle Dropdown
1-элемент – кедендік мақсаттар үшін қолданылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының коды (бес белгі);
Toggle Dropdown
2-элемент – күні (екі белгі), айы (екі белгі), жылдың соңғы екі саны;
Toggle Dropdown
3-элемент – шешімді қабылдау кезеңінің әріптік мағынасы (екі белгі)
Toggle Dropdown
ШД – тауарлар шығарылғанға дейін;
Toggle Dropdown
ШК – тауарлар шығарылғаннан кейін.
Toggle Dropdown
4-элемент – реттік нөмір (алты белгі, 000001 басталады күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап).
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. _____________________________________
Toggle Dropdown
Қолы ___________________