• Мое избранное
Өкімдердің нысандарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Өкімдердің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16533 болып тіркелді

Редакция 05.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабы 3-тармағына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 15.05.2020 жылғы № 487 Бұйрығына сәйкес (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.02.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 15.05.2020 жылғы № 487 Бұйрығына сәйкес (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлейтін агенттің (әлеуметтік төлемдерді төлеушінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдердің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.02.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4)  осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
 ______________Д. Ақышев
2018 жылғы 16 ақпан № 145
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы № 145
бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.02.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
 20__жылғы «___»____________ № _________
 _________________________________________________________________
 _________________________________________________________________
 (екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
 жүзеге асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН),
орналасқан орны)
 _________________________________________________________ ұсынылды.
 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
 Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 118-бабына, «Қазақстан
 Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
 (бұдан әрі – Кодекс) 125-бабына және 20__ жылғы «___» _________
 № ___ хабарламаға сәйкес
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
 (мемлекеттік кірістер органының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)
 Салық кодексінің 118-бабының 2-тармағында, Кодекстің 125-бабының 2-тармағында
 көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын
 қоспағанда,
 _________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________
 (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара
 кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
 болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес сәйкестендіру нөмірі
(БСН/ЖСН), орналасқан орны)
 __________________________________________________________________________
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда)
 ____________________________________________________________________
 (жеке сәйкестендіру коды) бойынша шығыс операциялары
(х-ті тиісті торкөзде көрсету керек):
 _______________________________________________ тенге* сомасы шегінде
 (сомалары санмен және жазумен)
 ☐ барлық шығыс операциялары
 __________________________________________________________________,
 (тоқтатыла тұрудың себебі)
 тоқтатыла тұрсын.
 Мөр орны
 ____________________________________________________________________
 (мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
 Осы өкім 20___жылғы «__» ________ табыс етілді.
*Ескерту: мемлекеттік кірістер органы салық берешегі немесе кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда көрсетеді.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 145 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 15.05.2020 жылғы № 487 Бұйрығына сәйкес (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.02.2024 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес (15.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік төлемдерді төлейтін агенттің (әлеуметтік төлемдерді төлеушінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
 20 __ жылғы «___» ____________№ ________
 ____________________________________________________________________
 ____________________________________________________________________
 (екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
 жүзеге асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН),
 орналасқан орны)
 ________________________________________________________________________________
 ұсынылды.
 Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің, «Міндетті әлеуметтік
 медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына
 және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
 есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына
 аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 Қаулысына сәйкес,
 міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек
 сомасы туралы 20__ жылғы «___» _________ № ______ хабарламаның, аударымдар және
 (немесе) жарналар бойынша берешек сомасы туралы 20__ жылғы «___» _________ № ______
 хабарламаның, әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы 20__ жылғы «___»
 _________ № ______ хабарламаның орындалмауына байланысты
 ____________________________________________________________________
 (мемлекеттік кірістер органының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы
 кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны
 алып қою жағдайларын қоспағанда,
 _________________________________________________________________________________
 (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің,
 жеке практикамен айналысатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
 жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН
немесе БСН), орналасқан орны)
 ____________________________________________________________________
 банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
 ___________________________________________________________________
 (жеке сәйкестендіру коды)
 барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.
 Мөр орны
 ____________________________________________________________________
 (мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Осы өкім 20___жылғы «__» ________ табыс етілді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы № 145
бұйрығына 3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі  
  20 __ жылғы «___» ____________       № _______   (жазба күні) ____________________________________________________________________________________   (екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге ____________________________________________________________________________________      асыратын ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны) __________________________________________________________________________ ұсынылды.    «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан  Республикасы Заңының 17-бабына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін және (немесе) міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыскерлердің тізімдерін мемлекеттік  кірістер органына табыс ету ____ жылғы «___»_______ № ____ хабарламаға сәйкес     (хабарлама күні) ____________________________________________________________________________________         (мемлекеттік кірістер органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН) ____________________________________________________________________________________        хабарламаның мазмұны)    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 118-бабының  2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, ____________________________________________________________________________________  (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің,  жеке практикамен айналысатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),   ____________________________________________________________________________________  жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)  ____________________________________________________________________________________   банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша ____________________________________________________________________________________      (жеке сәйкестендіру коды) барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын. Мөр орны  __________________________________________________________________________ (мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)  Осы өкім 20___жылғы «__» ________ табыс етілді.