Toggle Dropdown
1
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16525 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 06.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы _____________ Д.Т. Ақышев
2018 жылғы 22 ақпан
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 260 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген және валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) табыс етеді.
Toggle Dropdown
3. Қағидалар мынадай салық төлеушілерге қолданылмайды:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде жүзеге асыратын, олар үшін мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушімен ұсынылған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері қорытынды болып табылады;
Toggle Dropdown
2) Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын, олар үшін салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына ресми ілеспе хатпен ұсынған шетел банкінің немесе резидент елдің заңнамасына сәйкес банктік операцияларды реттеуді жүзеге асыратын ұйымның шотына төлемнің түсуін растайтын үзінді-көшірмесі қорытынды болып табылады.
Toggle Dropdown
Егер түсімді (ішінара немесе толығымен) тікелей немесе жанама бақыланатын ұлттық компания және (немесе) Ұлттық басқарушы холдинг салық төлеушінің міндеттемелерін орындау есебіне осындай салық төлеушінің шетел банкіндегі шотына түсімдерсіз жолдаған және (немесе) ұстаған жағдайда, онда мемлекеттік кірістер органына ұсынылған, осындай салық төлеуші мен тауарды сатып алушы арасындағы өзара есеп айырысудың тиісті салыстыру актісі қорытынды болып табылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, егер осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат шетел тілінде жазылса, онда оған нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Қорытындыны беру тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік кірістер органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Toggle Dropdown
есеп нөмірлері алынған валюталық шарттарға қатысты экспорт бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салуды жолдаған кезде:
Toggle Dropdown
салық төлеушінің атауы;
Toggle Dropdown
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН);
Toggle Dropdown
валюталық шарттың нөмірі және күні;
Toggle Dropdown
сұрау салынған кезең;
Toggle Dropdown
нұсқаманың тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Экспорт бойынша валюталық шарттарға қатысты сұрау салуда валюталық шарттың есептік нөмірі мен күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктердің аумақтық филиалдары мемлекеттік кірістер органының қорытындыны беру туралы сұрау салуы бойынша электрондық түрде осындай сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытындыны береді. Қорытынды басшының не басшының жазбаша шешімімен қорытындыға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер арасында ақпараттық жүйелердің мемлекеттік кірістер органдарымен интеграция болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылады. Бұл ретте, ілеспе хат пен қорытындыға басшы не басшының жазбаша шешімімен қорытындыға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлға қол қояды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктің аумақтық филиалының мөрімен (ол болған кезде) бекітіледі.
Toggle Dropdown
Валюталық түсімнің түсуі
туралы қорытындыны беру
қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
20___ жылғы «___» _______ бастап 20___ жылғы «____» _______ аралығындағы кезеңге валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды
Toggle Dropdown
|
р/с
№
|
Тексерілетін салық төлеуші
|
Шот валютасы
|
|
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
|
Салық төлеушінің атауы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Toggle Dropdown
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
|
Валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер
|
Валюталық шарттың нөмірі мен күні
|
Валюталық шарттың есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе валюталық шарттың нөмірі және күні
|
|
Жөнелтушінің атауы
|
Күні
|
Төлем сомасы
|
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Toggle Dropdown
Валюталық шарттың бойынша жиынтығы: ________________________
Toggle Dropdown
Ескертпе: 9-баған есеп нөмірлері алынған немесе экспорт бойынша валюталық шарттарға қатысты толтырылады.
Toggle Dropdown
Осы нысанның қосымшасында қорытындыны толтыру жөніндегі түсіндірме келтірілген.
Toggle Dropdown
Валюталық түсімнің түсуі
туралы қорытындыға
қосымша
Toggle Dropdown
«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Toggle Dropdown
Нысан мына үлгіде толтырылады:
Toggle Dropdown
нысанның 1-бағанында қатардың рет нөмірі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 3-бағанында салық төлеушінің атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 4-бағанында «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 жіктеушісіне сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 5-бағанында жіберушінің атауы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 6-бағанында күні көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 7-бағанында төлем сомасы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 8-бағанында валюталық шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
Toggle Dropdown
нысанның 9-бағанында эқспорт бойынша валюталық шарттың есептік нөмірі және оның берілген күні көрсетіледі (есептік нөмірі алынған экспорт бойынша влаталық шарттарға қатысты толтырылады).
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 260 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күшін жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1465) жарияланған).
Toggle Dropdown
2. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 146 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7487 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2012 жылғы 8 мамырындағы № 65 (2247) жарияланған).
Toggle Dropdown
3. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 287 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7737 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 15 маусымдағы № 187-188 (27006-27007) жарияланған).
Toggle Dropdown
4. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 107 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8405 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 19 қазандағы № 235 (28147) жарияланған).
Toggle Dropdown
5. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 574 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10159 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).