Toggle Dropdown
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16600 болып тіркелді
Редакция 09.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 103, 105, 486, және 535-баптарына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.
1) «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11172 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған);
2) «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 493 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14323 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
1-қосымша
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидасы
1. Осы Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 103-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібін (бұдан әрі – бас қамтамасыз ету) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті (бұдан әрі – міндет) орындауды қамтамасыз етуге жататын кедендiк операцияларды жасайтын мемлекеттiк кірістертер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.
Бұл ретте Кодекстің 139-бабының 1-тармағының екінші бөлігін ескере отырып, міндетті орындауды қамтамасыз ету арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді қамтиды;
мемлекеттік кірістер органы деп, Кодекстің 105-бабына сәйкес міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркеуге жататын мемлекеттік кірістер органы түсініледі;
міндет туындаған тұлғалар;
Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар түсініледі;
уәкілетті лауазымды тұлға деп, бас қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асырушы, сондай-ақ бас қамтамасыз ету сомаларын есепке алуды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.
Техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.
2-тарау. Бас қамтамасыз етуді қолдану тәртiбi
3. Бас қамтамасыз етуді тiркеу төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Бас қамтамасыз етуді мемлекеттiк кірістер органы банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-бабтарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспайтын төлеушiнiң өтiнiшiнде айқындалған мерзiмде қабылдайды.
5. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас қамтамасыз етуді есепке алу нысанына (бұдан әрі – Нысан) ауыстырылады және (немесе) автоматты түрде өзгертіледі.
6. Бас қамтамасыз етудің тіркеу нөмірі осы бұйрықпен бекітілген, Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу қағидасының 7-тармағына сәйкес беріледі.
7. Егер бас қамтамасыз ету ақшамен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қоя отырып, төлем құжатымен расталған ақшаның болуын тексеруді жүзеге асырады және барлық талаптар сақталған кезде бас қамтамасыз етуді тіркейді.
8. Егер бас қамтамасыз ету Кодекстiң 97-бабының 1-тармағының 2), 3), 4) 5) тармақшаларында көрсетiлген әдiстермен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қояды және барлық талаптар сақталған кезде бас қамтамасыз етуді тіркейді.
9. Өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі туралы Нысанға белгі қояды, бас қамтамасыз етуді тіркеуден бастартады.
10. Бас қамтамасыз етуді тiркеу немесе бас тартудың себептерiн көрсете отырып, тіркеуден бас тарту туралы хабарлама, жазбаша немесе электрондық нысанда міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуден бас тарту туралы хабарлама үшін осы Кодексте белгiленген мерзiмде төлеушіге жолданады.
11. Бас қамтамасыз етуді тiркеу туралы хабарламада бас қамтамасыз етудiң тiркеу нөмiрi болуы тиiс.
12. Төлеуші кеден заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талап етілетін кедендік операцияны жасау үшін мемлекеттік кірістер органына жүгінген жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, осындай өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
уәкілетті лауазымды тұлғаға бас қамтамасыз етудiң есебінен кедендік операция бойынша міндеттемелердің орындалуын, оның ішінде кедендiк операциялардың түрі мен мерзiмi туралы мәлiметтерді көрсете отырып, қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы өтініш жолдайды, немесе;
егер банк кепілдігінің және (немесе) мүліктік кепілі және (немесе) кепілгерлік және (немесе) сақтандыру шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз ету сомасы Шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келуі жағдайында техникалық мүмкіндік болған кезде, кеден заңнаманың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, Нысанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кедендік операциялар бойынша осындай міндетті тоқтатқанға дейін осындай міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді уақытша шектеу туралы белгі қояды.
13. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген көрсетілген өтінімді алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға Кодекстің талаптарын ескере отырып, бас қамтамасыз ету есебінен кедендік операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігінің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты жолдайды.
14. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген қолданысымен бір мезгілде бас қамтамасыз ету есебінен кедендік операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар болған кезде, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның өтінішінде көрсетілген сомаға бас қамтамасыз етудің сомасын уақытша шектейді.
15. Егер төлеуші міндетті орындамаса немесе дұрыс орындамаса, кеден заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізген лауазымды тұлға төлеуші міндетін орындамаған немесе дұрыс орындамаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндетті орындамағаны немесе тиіссіз орындағаны туралы ақпаратты жолдайды немесе