Toggle Dropdown
1
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 232 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16579 болып тіркелді
Toggle Dropdown
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 524-бабы 1-тармағынның 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10653 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жариялған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
____________ Қ. Әбдірахманов
2018 жылғы 23 ақпан
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 232 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары
Toggle Dropdown
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық ұйымдардың қараманындағы мемлекеттік өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарына не олардық өкіліктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілінің дипломаттық персоналдың мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың қараманындағы мемлекеттік өкілдіктерінің персоналына (қызметкерлерге, лауазымды адамдарға) тауарларды сату үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;
Toggle Dropdown
2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;
Toggle Dropdown
3) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.