• Мое избранное
Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 наурызда № 16463 болып тіркелді

Редакция 13.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары −  Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2022 жылғы № 678 Бұйрығына сәйкес (15.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
  № _____ аңшы куәлiгi

_________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________________________________

Туған күнi _________ жылғы «____» ______________

Аңшы өтiлi _____________________ жылдан бастап.

 Куәлiктi берген ________________________________________________________ (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының атауы)
 _____________________________________________________________________ (аңшы куәлігін берген электрондық цифрлық қолтаңба, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  Аңшылық минимумы бойынша тестілеуден өткені туралы белгi ______________
  Берілген күні 20__жылғы «__»____________. 20__жылғы «__»__________ дейiн жарамды.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Балықшы куәлігі
 Балықшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 105х80 миллиметр, түсi көк, жазуы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)
 
1-парақ
  (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)
 _________________________________________________________________________               (балық шаруашылығы субъектісінің атауы)
      № ____ балықшы куәлiгi
 
 __________________________________________________________ (балықшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туылған күнi ______ жылғы «____» ______________  Балықшы өтiлi ___________жылдан бастап ______ жыл Куәлiктi берген _________________________________________________________                  (балық шаруашылығы субъектісінің атауы) Мөр орны___________________________________________________________________                 (куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)
2-парақ
  (куәлік мұқабасының iшкi бетiнiң оң жағына желiмделедi)
 Берілген күні 20 __жылғы  «__» ____________. 20 __жылғы «__» _________дейін жарамды.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Қорықшы куәлігі
 Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 95х66 миллиметр, түсi қызыл, жазуы алтын түстес, ішкі жағының тысы көгілдір түсті, баспаханалық тәсілмен жасалады)
 
1-парақ
  (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)
 _____________________________________________________________________________             (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)
____ қорықшы куәлiгi
 
 ____________________________________________________________     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туылған күні ______ жылғы «__»_______________  Куәлiктi берген ______________________________________________         (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы) ____________________________________________________________       (куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні) Мөр орны           2-парақ (куәлік мұқабасының iшкi бетiнiң оң жағына желiмделедi) Берілген күні 20 __жылғы  «__» ________. 20__жылғы «__»_______ дейiн жарамды.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
4-қосымша
Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 18.06.2020 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (02.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.10.2022 жылғы № ҚР ДСМ-120 Бұйрығына сәйкес (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2022 жылғы № 678 Бұйрығына сәйкес (15.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, «Аңшы куәлігін беру» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аң аулау құқығын алған жеке тұлға;
2) аңшы куәлігі – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
3) аңшылық минимумы – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқаша курсы, оны білу аңшы куәлігін беру үшін міндетті шарт болып табылады;
4) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттеріне байланысты балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
5) балықшы куәлігі – балықшы функцияларын жүзеге асыруға жеке тұлғаның құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген белгіленген нысандағы құжат;
6) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
7) қорықшы – бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілетті адамы;
8) қорықшы куәлігі – қорықшының құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат.
2-тарау. «Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi
4. Аңшы куәлігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге беріледі.
5. Аңшы куәлігін алуға мүдделі көрсетілетін қызметті алушы «Аңшылық минимумын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген) бекітілген аңшылық минимумына оқытылады.
Аңшылық минимумын оқыту аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы аңшылық минимум курсын аяқтағаны туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат) алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 «Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 нөмірімен тіркелген) сәйкес тестілеуден өтеді
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) баяндалған.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттардың көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызмет берушінің қарауына жібереді. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Аңшы куәлігін бірінші рет алған болса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілген мерзімде толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) «жеке кабинетіне» өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Аңшы куәлігін ауыстыратын болса көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Өтініштің Қағидалардың талаптарына сәйкестік фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде аңшы куәлігін дайындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбеде баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады және сонда сақталады.
7. Аңшылар куәліктерінің тізілімі порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
4-тарау. Балықшы куәлігін беру тәртібі
10. Балық шаруашылығы субъектісі қызметкерге еңбек шартының қолданылу кезеңінде балықшы куәлігін беруді жүргізеді, ол өз қызметін жүзеге асыру кезінде куәліктің тиісті түрде сақталуын, оның өзімен бірге тұрақты болуын және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың талабы бойынша оны көрсетуді қамтамасыз етеді.
11. Балықшы куәлігінің негізінде қызметкер еңбек шартына сәйкес бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында (су айдындарында) және (немесе) учаскесінде (учаскелерінде) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асырады.
12. Балық шаруашылығы субъектісі мен балықшы арасында жасалған еңбек шарты бұзылған кезде балықшы куәлігін кейіннен жойып, балық шаруашылығы субъектісі алып қоюға жатады.
13. Балықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз күйге келтірілген (бүлінген) кезде балық шаруашылығы субъектісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш негізінде оның телнұсқасын береді.
5-тарау. Қорықшы куәлігін беру тәртібі
14. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің қызметкерлеріне қорықшы куәлігін береді.
15. Егер қорықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз (бүлінген) болған жағдайда, қорықшы куәлігінің телнұсқасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде беріледі.
16. Қорықшы жұмыстан босатылған кезде куәлік аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілеріне қайтарылады.
Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
1-қосымша

«Аңшы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

«электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аңшы куәлігі не дәлелді бас тарту

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады және сонда сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы көрсетіледі

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 1) тармақшасына сәйкес ңшы куәлігін (аңшы куәлігінің телнұсқасын) бергені (қайта ресімдегені) үшін төлемақы-2 АЕК.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) сертификаттың электрондық көшірмесі (аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда).

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілетін хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Заңның 23-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өтініш
  Тегі ____________________________________________________________
  Аты _____________ әкесінің аты (бар болса) _________________________
  Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
  Үйінің мекенжайы, телефоны ______________________________________
 ___________________________________________________ директорына (аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының атауы)
  Аңшы куәлігін ауыстыру үшін ұсынылады № ________________,
 берілген____________________________________________________________ (берілген күні және аңшы куәлігін берген ұйымның атауы (оны ауыстырған жағдайда).
 Аңшылық минимумы бойынша бағдарлама курсын аяқтағаны туралы сертификат 20 жылғы «__» __________ (аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда).
 ____________________________________ / ________________/ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЭЦҚ)
Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Аңшы куәлiктерінің тізілімі

Аңшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)


 

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы

Аңшы куәлiгiнiң нөмiрi

Аңшы куәлігін беру / ауыстыру

Аңшы куәлігінің берілген/ауыстырылған күні

1

2


 

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 


 

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Өтініш
  Тегі ____________________________
  Аты ________________ әкесінің аты (бар болса) ___________________
  Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________
  Үйінің мекенжайы, телефоны __________________________________
  ________________________________________________ директорына
  (аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектісінің атауы)
  Қорықшы куәлігін ауыстыру үшін ұсынылады № _________________,
 берілген _________________________________________________________ (қорықшы куәлігін берген ұйымның атауы және берілген күні)
 ____________________________________ / ________________/ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6261 болып тіркелген, 2011 жылғы  2 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінің № 124-127 (26529) жарияланған).
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 17-03/541 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8108 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 842-846 (27917) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесінің 1) тармақшасы.
3. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысандары мен оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы  № 362-Ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9006 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 32 (28256) жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12902 болып тіркелген, 2016 жылы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесінің  1-тармағы.