Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 138 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарынҚазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытшаәкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 25.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Осы «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Министрлікпен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледi.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйке нысан бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат), не стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорация – жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
Toggle Dropdown
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi: өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
Toggle Dropdown
жеке тұлға үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), заңды тұлға үшін – құрылтай құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрі – Қаулы) 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18392 болып тіркелген, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезінде ресімделетін (жасалатын) құжаттар нысандарына (бұдан әрі – Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің анықтамасы.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақшада көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сол күні береді.
Toggle Dropdown
Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде Мемлекеттік корпорацияға жүгінбеген жағдайда, талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сақтау мерзімі ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан сұраныс келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды;
Toggle Dropdown
2) портал арқылы:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік паролін енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;
Toggle Dropdown
Нысандарға 50-қосымшаға сәйкес нысандағы сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің электрондық архивтік анықтамасы немесе архивтік анықтаманың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңымен, және Қағидалардың 186-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, стандартпен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не Министрлік басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде Мемлекеттік корпорацияға жолданады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғандығын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы өзі келген немесе бейнеөтініш арқылы өтініш білдірген жағдайда кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның филиалы, бөлімі басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 17-тармағында көрсетілген Бірыңғай байланыс-орталығының телефондары арқылы алады.
Toggle Dropdown
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қарауы барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Toggle Dropdown
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесiнде берiледi.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгінеді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
Toggle Dropdown
13. Организм функциялары тұрақты бұзылған, өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгінгенде Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізіледі.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің – www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
3) порталда орналастырылған.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушы оның ЭЦҚ болған жағдайда немесе бір реттік пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің телефондары Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
1
«Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге
уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
|
Уәкілетті органның
атауы
(мемлекеттік тілде)
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
|
Уәкілетті органның атауы
(орыс тілінде)
|
Toggle Dropdown
Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығын беретін № _____ рұқсат
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________(заңды тұлғаның атауы, лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі) ________________________________________________________________________ қоса беріліп отырған________парақтағы тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын уақытша әкету құқығы берілді. Құжаттар____________________________ (ел) уақытша әкетіледі. Уақытша әкетудің мақсаты: көрмеге қою, қалпына келтіру жұмыстары (қажеттісінің астын сызу), өзге де жағдайлар (көрсету) __________________ __________________________________________________________________________. Болатын мерзімі__________ бастап____________ дейінгі кезеңде. __________________________________________________________________________ _______________________________ негізінде уақытша әкетуге рұқсат берілді. Мемлекеттік органның ______________ _____________ басшысы (қолы) (Т.А.Ә.) (ұйымның атауын көрсете отырып, лауазымының атауы) М.О. 20____ жылғы «____» ________________ ________________ (берілген орны)
Toggle Dropdown
Кеден және шекара қызметтерінің белгілері
Toggle Dropdown
«Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге
уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Toggle Dropdown
_________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Toggle Dropdown
тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін)/заңды мекенжайы (заңды тұлға үшін): ____________________________
Toggle Dropdown
байланыс телефоны: _____________
Toggle Dropdown
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ___________
Toggle Dropdown
Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі мынадай құжатын (-тарын) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беруді сұраймын: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (атауы) Әкету мақсаты: _____________________________________________________ ____________________________________________________________________ Құжат (-тар) әкетілетін елдің атауы: _______________________________. ____________________________________________________________________ Әкету мерзімі: _____________________________________________________. Көрсетілетін қызметті алушының деректері: __________________________, (жеке тұлға үшін – тұрғылықты мекенжайы, ____________________________________________________________________ пошталық индексі, электрондық поштасы, телефондары, факсі, жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды тұлға ____________________________________________________________________үшін – заңды мекенжайы, пошталық мекенжайы, электрондық поштасы, телефондары, факсі,
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі) Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________ (қолы)
Toggle Dropdown
20 __ жылғы «____»_______________
Toggle Dropdown
Мөр орны (заңды тұлға үшін)
Toggle Dropdown
1
«Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі
құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге
уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
жоқ құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
1)_______________________________;
Toggle Dropdown
2)_______________________________;
Toggle Dropdown
3)_______________________________.
Toggle Dropdown
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің
Toggle Dropdown
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Toggle Dropdown
Орындаған: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Телефон: _______________________________
Toggle Dropdown
Алды: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
Toggle Dropdown
20 __ жылғы «__» ____________