Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Пилоттық халық санағын жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16692 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пилоттық халық санағын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Пилоттық халық санағы 2018 жылғы 1-30 сәуір аралығында Ақмола облысының Бурабай ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында жүргізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына басшылыққа алу және орындау үшін жеткізілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерінің ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ» Ақмола облысының әкімі ___________ М. Мырзалин 2018 жылғы 16 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ___________ Д. Абаев 2018 жылғы 26 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы 20 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Шығыс Қазақстан облысының әкімі ___________ Д. Ахметов 2018 жылғы 15 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 121 бұйрығымен бекітілді
Пилоттық халық санағын жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пилоттық халық санағын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) санақ парақтарын сынау, өткізуді ұйымдастыру мен алынған деректерді өңдеу кезін сынақтан өткізу мақсатында әзірленді және 2018 жылғы 1-30 сәуір аралығында Ақмола облысының Бурабай ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында (бұдан әрі – облыстар) пилоттық халық санағын (бұдан әрі – пилоттық санақ) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Пилоттық санақты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет), оның аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АЕО» РМК) жүргізеді.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» (бұдан әрі – Санақ қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Пилоттық халық санағын жүргізу тәртібі
4. Пилоттық санақты ұйымдастыру мен жүргізу үшін республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде мынадай персонал тартылады (бұдан әрі –тартылатын персонал):
еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі басшы;
еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушы (бұдан әрі – ЕШ бойынша нұсқаушы);
өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушы (бұдан әрі – ӨҚКШ бойынша нұсқаушы);
өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюер (бұдан әрі – интервьюер).
5. Тартылатын персоналды жасақтау, бекіту және оқыту тиісті аумақтық органдарға жүктеледі.
6. Пилоттық халық санағы үш кезеңде: дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдерде жүргізіледі.
7. Дайындық кезеңінде қолда бар деректерді нақтылау үшін аумақтық органдар әрбір елді мекеннің аумағын тіркеу учаскелеріне бөлуді жүргізеді.
Аумақтық органдарда алдын ала дерекқор жасалады, оған интервьюерлердің әрі қарай пайдалануы үшін планшеттерге жүктелетін шаруашылық бойынша есепке алу кітабынан (ауылдық жерлер үшін), халықтың статистикалық және тұрғын қоры тіркелімдерінен алынған деректер жүктеледі.
ЕШ бойынша нұсқаушы интервьюерлер үшін тіркеу учаскелерін бекітеді. Интервьюерлер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үйлердің, ғимараттардың және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін (бұдан әрі – тұрғын үйлер тізімі) электронды және қағаз жеткізгіштерде (ол қажет болған жағдайда) нақтылайды және жасайды.
Интервьюер әрбір тұрғын үйге барады, бару мақсатын түсіндіреді, алдағы пилоттық санақты өткізу күні туралы хабарлайды және респонденттердің мекенжайын, санын, тегін, аты мен әкесінің атын (ол болған жағдайда) нақтылайды.
Интервьюерлер учаскелердің схемалық жоспарларымен тұрғын үйлер тізімін нақтылаудан кейін оларды нұсқаушыға ұсынады, ол тұрғын үйлердің жасалған тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
Аумақтық органдар тұрғын үйлердің нақтыланған тізімдері мен картографиялық материалдары негізінде аумақты интервьюерлердің халыққа пікіртерім жүргізуі үшін қажетті учаскелерге бөлуін, пилоттық санақтың екінші кезеңінде жүзеге асыруы үшін ұйымдастыру жоспарын жасайды.
8. Пилоттық санақтың негізгі кезеңі күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізіледі.
Пилоттық санақ басталған күннен бастап алғашқы күнтізбелік 10 күнде интернет желісі арқылы онлайн режимде респонденттердің электронды түрде санақ парақтарын толтыруы жүргізіледі.
Пилоттық санақтан онлайн режимде өткен кезде респондент өзінің мобильді телефонының нөміріне және (немесе) тіркеу кезінде көрсетілген респонденттің электрондық мекенжайына пилоттық санақтан өткендігі туралы хабарлама алады.
Келесі күнтізбелік 20 күнде пилоттық санақ планшеттерді немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда) пайдаланумен интервьюерлердің респонденттерге пікіртерім жүргізу жолымен жүргізіледі. Респондент пилоттық санақтан онлайн режимде өткені туралы хабарламаны ұсынған жағдайда аталған респондентке санақ парақтары толтырылмайды. Егер респонденттер пилоттық санақтан онлайн режимде өтпесе, онда интервьюер респонденттерге пікіртерім рәсімін жүргізуі қажет.
Пилоттық санақ онлайн режимде интернет желісі арқылы және планшеттерді немесе қағаз жеткізгішті пайдаланумен (планшетті пайдалану мүмкіндігі жоқ болған жағдайда) келесі санақ парақтарын:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі» (индексі 1-П, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша «Тұрғын үй жағдайлары» (индексі 2-Ж, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша «Жеке» (индексі 3-И, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем жүргендер» (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) (индексі 4-В, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын толтырумен интервьюерлердің халыққа пікіртерім жүргізуі арқылы жүргізіледі.
9. Пилоттық санақтың негізгі кезеңін өткізгеннен кейін халықты қамтудың анықтығы мен толықтығын тексеру мақсатында интервьюерлер мен ӨҚКШ бойынша нұсқаушы пікіртерім жүргізілген халықты іріктемелі бақылап аралап шығады.
10. Пилоттық санақтың алдын ала және негізгі кезеңдерінің нәтижелері бойынша қорытынды кезеңде:
1) халық санағына дайындықтың және өткізудің барлық кезеңдерінде анықталған ықтимал кемшіліктерге немесе қиындықтарға;
2) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді жинауды ұйымдастыру әдістерін (интернет желісі арқылы электрондық санақ парақтарын толтыру және планшеттерді пайдалана отырып, респонденттерге пікіртерім жүргізу жолымен) сынақтан өткізуге;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |