• Мое избранное
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2021 жылғы № 841 Қаулысына сәйкес (08.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.10.2022 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 25.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.10.2022 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2021 жылғы № 841 Қаулысына сәйкес (08.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.10.2022 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері
Мөлшерлемелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2018 жылғы № 793 Қаулысымен (06.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.05.2019 жылғы № 331 Қаулысына сәйкес (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 928 Қаулысына сәйкес (29.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мөлшерлемелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2021 жылғы № 220 Қаулысымен (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2021 жылғы № 841 Қаулысына сәйкес (08.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.03.2022 жылғы № 155 Қаулысына сәйкес (25.11.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.10.2022 жылғы № 786 Қаулысына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мөлшерлемелер өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2024 жылғы № 959 Қаулысымен (05.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Р/с


 

1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 411 0-2710 12590 0)

Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 421 0 - 2710 19 425 0)

Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 900 9, 2906 21 000 0, 2710 12 250 9, 2710 12 900 8, 2710 12)

1

2

3

4

5

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі

38 134

35 726

38 134

2 .

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі

0

0

0

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы

38 634

35 786

38 634

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы

500

60

500

5.

Импорт

38 134

35 726

38 134

6.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру

38 134

35 726

38 134

7.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда көрсетілген тауарларды беру

0

0

0

8. Бензанол өндірушілердің акциз төленген бензин мен отандық өндірістің биоэтанолын компаундирлеу арқылы өндірілген бензанолды көтерме саудада өткізуі 0 0 3 000
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
  
М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, тоннамен;
V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, литрмен;
0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
  
М – өткізілген дизель отынының көлемі, тоннамен;
V – өткізілген дизель отынының көлемі, литрмен;
0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отынды бөлшек саудада өткізген кезде салық салу мақсатында көлемнің өлшем бірлігі тонна болып табылады.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат).
2. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 452-құжат).
3. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 310-құжат).
 4. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 68-құжат).