• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16701 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған::
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және комуникация министрлігінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі;  
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (пәтерлер) бойынша мәліметтер нысаны;
3) осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (жеке үйлер) бойынша мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (саяжай құрылыстары) бойынша мәліметтер нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (гараждар) бойынша мәліметтер нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес көпқабатты үйлер орналасқан кондоминиумнің үй-жайларының меншік иесіне (қатысушыларына) берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның жер учаскелері (жеке тұрғын үй құрылысы үшін, көпқабатты үйлер орналасқан кондоминиумнің үй-жайларының меншік иесіне (қатысушыларына), өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелерін қоспағанда) бойынша мәліметтер нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 ______________ Д. Абаев
2018 жылғы 14 наурыз
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы № 285
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ақпарат және комуникация  министрлігінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар мен салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді беру мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) тұлғасында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігімен салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәлімет) мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2. Мәліметтер қағаз жеткізгіште және (немесе) электронды түрде (Microsoft Excel форматында), екі данада қазақ және орыс тілдерінде беріледі:
1) бірінші данасы Мемлекеттік корпорацияда қалады;
2) екінші данасы мемлекеттік кірістер органына беріледі.  
3. Мемлекеттік кірістер органына берілетін мәліметтерге Мемлекеттік корпорацияның басшысы не оны ауыстыратын тұлға, сондай-ақ мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрімен куәландырылады.  
4. Мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдауға жауапты қызметкері тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), лауазымын және алған күнін көрсете отырып, мәліметтерді алғанын растап қол қояды.
3-тарау. Мәліметтерді ұсыну мерзімі
5. Мемлекеттік корпорация жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына мынадай:
1) осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (пәтерлер) бойынша мәліметтер нысаны;
2) осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (жеке үйлер) бойынша мәліметтер нысаны;
3) осы Бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (саяжай құрылыстары) бойынша мәліметтер нысаны;
4) осы Бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның мүлкі (гараждар) бойынша мәліметтер нысаны;
5) осы Бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
6) осы Бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес көпқабатты үйлер орналасқан кондоминиумнің үй-жайларының меншік иесіне (қатысушыларына) берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
7) осы Бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
8) осы Бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның жер учаскелері (жеке тұрғын үй құрылысы үшін, көпқабатты үйлер орналасқан кондоминиумнің үй-жайларының меншік иесіне (қатысушыларына), өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелерін қоспағанда) бойынша мәліметтер нысаны;
9) осы Бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны;
10) осы Бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес шаруа (фермер) қожалықтарының жер учаскелері бойынша мәліметтер нысаны.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы № 285
бұйрығына 2-қосымша
нысан
 20___ жыл үшін жеке тұлғаның мүлкі (пәтерлер) бойынша мәлімет

р/с№

Елді мекен

нің атауы

Көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын аудан)

Үйдің нөмірі

П ә т е р д і ң

н ө м і р і

Жалпы көлемі (шаршы метр)

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу күні

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Салық салу мақсатында мүліктің құны, (теңге)

Меншік құқығы

(жеке, бірлескен ортақ, бірлескен үлес)

Мүліктегі үлесі

(бірлескен үлес меншігінде ), пайыз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 

ЖИЫНЫ:


 

 


 


 


 


 


 


 


 

 

 

 _________________________________________________________   _________________ (Мемлекеттік корпорацияның басшысының тегі, аты, әкесінің       (қолы, МО) аты (ол болған жағдайда)  _________________________________________________________   _________________   (мәліметті толтыруға жауапты лауазымды тұлғаның тегі,           (қолы)             аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)  Жасалған күні 20___ жылғы «___» ___________________.
Осы «жеке тұлғаның мүлкі (пәтерлер) бойынша мәлімет» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.