• Мое избранное
Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16675 болып тіркелді

Редакция 23.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 215 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, 4 тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларына, 5 тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына, 6 тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 10 тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес резидент емес-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есепте төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйлықақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімі нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кредит (қарыз) бойынша және оған сыйлықақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тізілімі нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес шығу және келу туризмі шегінде туроператордың қызметі бойынша салық тіркелімінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлар қалдықтары түрінде айналым бойынша салық тіркелімінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тауарлар қалдықтары бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бойынша салық тіркелімінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның ауыл-шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алуын ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы коорперативі және (немесе) заңды тұлғалармен және оны өткізуін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің мөлшерін көрсетуге, сондай-ақ осы ауыл шаруашылығы өнімін өткізу мөлшерін көрсетуге арналған бойынша салық тіркелімінің нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері өздерінің мүшелеріне сатылған тауарларды, және осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруді, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес табыстарды, соның ішінде қолма-қол жасалмайтын есеп айырысу арқылы алынған, есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу салық тіркелімінің нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын салық салу объектілерін есепке алу үшін салық регистрінің нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақымен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы салық тіркелімінің нысаны;
17) осы бұйрық 17-қосымшаға сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы салық тіркелімінің нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы туралы салық тіркелімінің нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бекітілген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін қорларды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес бекітілген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін табыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жеке практикадан түсетін кірістерді есепке алу бойынша салық регистрінің нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғаның шығындарын есепке алу бойынша салық регистрінің нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес салық тіркелімдері нысандарын жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп саналсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1 тармағының 21) және 22) тармақшаларын және Қағидалардың 22 және 23 тарауларын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы № 388
бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 31.10.2019 жылғы № 1197 Бұйрығына сәйкес (16.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
Инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімі
 1. ЖСН/БСН ____________________________________________________________ 
2. Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе салық төлеушінің атауы 
_____________________ ______________________________________________________________________ 
3. Салық кезеңі: _________________________________________________________
Инвестициялық преференциялар бойынша шегерімдер

№№

Преференция объектіcінің (негізгі құралдар) атауы

Негізгі құрал (ол болған жағдайда) пайдалануға енгізілген күн

Келісімшарттың (ол болған жағдайда) нөмірі мен күні

Преференция берілген кезең

Преференция объектісінің (негізгі құралдың) және (немесе) шегерімге жатқызылуы тиіс қайта жаңартуға, жаңғыртуға шығыстар құны

Преференция объектісінің (негізгі құралдың) және (немесе) салық кезеңінде шегерімге жатқызылған қайта жаңартуға, жаңғыртуға шығыстар құны

Преференция объектісінің (негізгі құралдар) және (немесе) қайта жаңартуға, жаңғыртуға кеткен шығыстардың қалдық құны (6-баған - 7-баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады)

 

 

 

 __________________________________________________________________________ 
(Басшының (салық төлеушінің) Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы, мөрі (ол болған жағдайда, дара кәсіпкерлік субъектілерге жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) __________________________________________________________________________ 
(Бас бухгалтердің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы) __________________________________________________________________________ 
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы) __________________________________________________________________________ 
(Салық тіркелімі жасалған күн)
Ескерту:
аббревиатураның таратып жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру номері;
БСН – бизнес-сәйкестендіру номері;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы № 388
бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 31.10.2019 жылғы № 1197 Бұйрығына сәйкес (16.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
Тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімі