• Мое избранное
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 25

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16689 болып тіркелді

Редакция 22.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектурова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
  _____________ Н.Н. Годунова
2018 жылғы 27 наурыз
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 наурыздағы
№ 392 бұйрығына 1-қосымша
  • 3
Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік және қаржылық бақылауды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік және қаржылық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік және қаржылық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ішкі мемлекеттік аудит Заңның 17-бабының 1-тармағымен айқындалған өзара байланысты кезеңдерден тұрады.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 07.10.2024 жылғы № 672 Бұйрығымен (18.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.09.2025 жылғы № 504 Бұйрығына сәйкес (07.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аудиторлық дәлелдемелер – мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің бар немесе жоқ екенін анықтауына негіз болатын, заңдылығы, анықтығы және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар;
2) аудиторлық рәсімдер – аудит бағдарламасына сәйкес аудиторлық іс-шара барысында жүзеге асырылатын, аудиторлық іс-шара мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет іс-қимылдар;
3) аудиторлық іс-шара – ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша есептер мен қорытындыларды дайындауға, жүргізуге, ресімдеуге бағытталған іс-қимылдар кешені;
4) аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты тұлға – уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыруды және жүргізуді бақылау жөніндегі міндеттер жүктелген лауазымды тұлғасы;
5) қаржылық есептілік – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағдайының өзгерістері туралы ақпарат, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның нысандары мен көлемдерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды;
6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары – мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажет құжаттар, сондай-ақ олардың нәтижелері бойынша жасалған құжаттар және қоса берілетін аудиторлық дәлелдемелер;
7) мемлекеттік аудит тобы – аудиторлық іс-шараға екі және одан көп қатысушылар (мемлекеттік аудитор (-лар), мемлекеттік аудитор ассистент (-тер)і, қажет болған кезде тиісті бейін бойынша тартылған сарапшылар);
8) мемлекеттік аудит тобының жетекшісі – ішкі мемлекеттік аудит органының басшысы айқындайтын мемлекеттік аудит тобын басқаратын мемлекеттік аудитор;
9) нұсқама – барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті анықталған бұзушылықтар туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы акт;
10) ішкі мемлекеттік аудит ауқымы – мәселелер тізбесі, ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезеңі мен мерзімі;
11) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі– ішкі мемлекеттік аудит органдары) – ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының (құрылған болса) ішкі аудит қызметтері, штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының ішкі аудит қызметтері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі – ішкі аудит қызметтері);
12) ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасы (аудит бағдарламасы) – ішкі мемлекеттік аудитке жататын мәселелер тізбесін қамтитын әрбір мемлекеттік аудит объектісі бойынша (үстеме тексеруді қоспағанда) жеке жасалатын егжей-тегжейлі әзірленген құжат;
13) ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жоспары (бұдан әрі – аудит жоспары) – аудиторлық іс-шараны жүргізу мерзімін, қажетті ресурстарды, ішкі мемлекеттік аудит объектілері мен баратын бағыттарын қоса алғанда, аудитті жоспарлау процесінде туындайтын басым бағыттарды және мәселелерді қамтитын мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу деректерінің негізінде әзірленген құжат;
14) «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің «Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі» кіші жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу саласындағы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органының міндеттерін автоматизациялауға арналған кіші жүйе.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Заңың 2 бабының 3 тармағында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
5. Аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудитор ассистенттері, сондай-ақ тартылатын сарапшылар, мемлекеттік органдардың мамандары, аудиторлық ұйымдар (бұдан әрі – сарапшылар) Заңмен белгіленген құзыретке сүйене, осы Қағидаларға және Заңның 8-бабына сәйкес мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарды (бұдан әрі - стандарттар) басшылыққа алады.
6. Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдаланғаны үшін айқындылықты, тиімділікті, жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
7. Ішкі мемлекеттік аудит, Заңның 18-бабына сәйкес қалыптастырылған тиісті жылға арналған ведомствоның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі) негізінде жүргізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.02.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 08.08.2022 жылғы № 800 Бұйрығына сәйкес (14.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 18.09.2023 жылғы № 989 Бұйрығымен (16.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 16.09.2025 жылғы № 504 Бұйрығымен (07.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс аудитті Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізеді.
Аудиторлық есеп және қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп бойынша жобаларына сапа бақылауын жүргізуді ескере отырып, жоспардан тыс аудит жүргізу мерзімі мемлекеттік электрондық аудитті қоспағанда, кемінде 12 (он екі) жұмыс күнін құрауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 12599 болып тіркелді) сәйкес жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі орындағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні өткен соң тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдары бойынша ведомство және оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс аудитті жүргізеді.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс аудит жүргізу кезінде ау диторлық іс-шараны жүргізуге арналған тапсырманы Уәкілетті органның ведомствосымен 1 (бір) жұмыс күнін ішінде келісу жүргізіледі. 
8. Мемлекеттік аудит тобының құрамы аудиторлық іс-шараны жүргізуге қатысатын мемлекеттік аудит тобының жетекшісін, мемлекеттік аудиторларды, ішкі аудит қызметтін мемлекеттік аудиторларды және ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік аудиторларының және ассистенттерін, сондай-ақ қажет болған кезде сарапшыны (сарапшыларды) қамтиды.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 08.08.2022 жылғы № 800 Бұйрығына сәйкес (14.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік аудит тобының құрамына қылмыстық қудалауды жүргізетін органның лауазымды адамы, сондай-ақ аудиторлық іс-шараға бастама жасаған жеке және заңды тұлғалар енгізілмейді.
9. Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудиттің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау;
2) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.
10. Ішкі мемлекеттік аудит шеңберіндегі тексерулерді ведомство және оның аумақтық бөлімшелері Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді талдауды, қорытындылауды және жүйелендіруді жүзеге асырады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.07.2021 жылғы № 677 Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)