• Мое избранное
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 192 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі:
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілетін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) органдары, олардың ұйымдары мен АХҚО-ның қатысушылары туралы мәліметтер тізбесі АХҚО-ның актілерінде айқындалады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев