Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 83 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 16742 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»; коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету күніне кірмейді, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы Мемлекеттік корпорацияға орындау мерзіміне бір күн қалғанда ұсынылады.»;
«1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында түскі үзіліссіз, сағат 9-00-ден 20-00-ге дейінгі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төлегенін растайтын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
қайта даярлаудан өту туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәлік (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
мәлімделген мамандық бойынша маман сертификатының көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
лицензияны қайта ресімдеу жағдайлары үшін ЭҮТШ арқылы ақы төлеуді қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, лицензия, лицензиялық алым сомасын төлеу (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсыну кезінде (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Құжаттарды тапсыру кезінде:.
Мемлекеттік корпорацияда – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
«портал» арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;
Қызмет алушының порталға шағымданған жағдайда осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін беру қажет.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
«4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.»;
«13. Мемлекеттік корпорацияның үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету күніне кірмейді, сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы Мемлекеттік корпорацияға орындау мерзіміне бір күн қалғанда ұсынылады.»;
«8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында үзіліссіз, сағат 9-00-ден 20-00-ге дейінгі көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекке тұруға болады.»;
«Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
«3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) олардың қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
«4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.»;
«13. Мемлекеттік корпорацияның үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі _______________________Д. Абаев 2018 жылғы « »_____________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 83 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына 10-қосымша
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаны және (немесе) филиалдарды (өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмелері;
3) меншік құқығында үй-жайдың немесе ғимараттың бар екендігін растайтын құжаттардың немесе нотариалдық куәландырылған жалға алу шартының көшірмелері;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау бойынша қызметті жүзеге асыруға аккредиттелетін ұйымның персоналы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) бағалау жөніндегі ұйымның әдіснамасын құрайтын құжаттардың көшірмелері: стратегиялық даму жоспары, денсаулық сақтау мамандарына және медициналық білім және ғылым ұйымдарын бітірушілерге тәуелсіз бағалау жүргізуге арналған емтихан материалдарының тізбесі (тест тапсырмаларының және клиникалық сценарийлер банкі);
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау бойынша қызметті жүзеге асыруға аккредиттелетін ұйымның симуляциялық және медициналық жабдықтарының тізбесі.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
1) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес ақпарат бар болса;
2) бағалау жөніндегі ұйым аккредиттеу стандарттарына сәйкес келмесе;
3) өтінім берілген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар болса бас тартылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым жазбаша түрде пошта бойынша не электронды түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (шағымның қаралу барысы, сондай-ақ жауап алу мерзімі мен орны туралы ақпарат алу үшін лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып) көрсетілген талонды бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.kooz.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратындағы стенділерде орналастырылған.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
_____________________________________________________ берілді. (ұйымның атауы)
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде жоғарыда көрсетілген ұйым Қазақстан Республикасының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау жөніндегі ұйым ретінде 5 (бес) жыл кезеңге 20___жылғы « _____» ______ дейін аккредиттелді.
Денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті органның басшысы __________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны
Куәліктің берілген күні 20______ жылғы « _____» ____________________
Қала______________________
нысан
_________________________________________________________________ (аккредиттеуші органның толық атауы)
Өтініш Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау жөніндегі қызметті
_____________________________________________________________________ аумағында (Қазақстан Республикасы аумағындағы өңірді көрсету) жүзеге
асыруға______________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы)
аккредиттеуді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны
_______________________________________________________________________________
2. Құрылған жылы_______________________________________________________________
3.Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік
(анықтама)_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________ (№, кім және қашан берді)
4. Мекенжайы___________________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
5. Есеп айырысу шоты___________________________________________________________ (шот №, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Филиалдары, өкілдіктері
_______________________________________________________________________________ (орналасқан жері және деректемелері)
7. Қоса берілетін құжаттар_____________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Ұйымның басшысы
_______________________________________________________________________________ (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны
20___ жылғы «___» ______________
_______________________________________________________________________________ (аккредиттеуші органмен байланысуға жауапты қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), телефоны)
Өтініш 20___жылғы «___» ___________ қарауға қабылданды.
_______________________________________________________________________________ (аккредиттеуші органның жауапты адамының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
нысан
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттелетін ұйымның персоналы туралы мәліметтер
______________________________________________________ (ұйымның атауы)
р/с № № |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Мекенжайы (тіркелген орны бойынша және нақты тұратын жері бойынша) |
Білімі, ЖОО атауы және оны аяқтаған жылы, дипломы бойынша мамандығы |
Негізгі жұмыс орны (ұйымның атауы, мекенжайы) |
Жұмыс өтілі |
Біліктілікті арттырудан өту туралы куәлік, біліктілікті арттыру туралы куәліктің №, (соңғы 5 жылда оқыған мерзімдері, куәліктің № және берілген күні) |
|
мамандығы бойынша |
бағалау жөніндегі ұйымдағы |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Ұйымның басшысы
_______________ _________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны
20___жылғы «____»__________
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
нысан
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау қызметін жүзеге асыруға аккредиттелетін ұйымның симуляциялық және медициналық жабдықтарының тізбесі
р/с № |
Атауы |
Дайындаушы зауыт |
Шығарылған жылы |
Үлгісі |
Саны |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұйымның басшысы
____________ _________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны
20___жылғы «____»__________