«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16685 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-6 Бұйрығына сәйкес (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидалары бекітілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-6 Бұйрығына сәйкес (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін ақтарушы Л. Ақтаева
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына 1-қосымша
Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 3-тармағына сәйкес және оларды сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-23 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.12.2018 жылғы № ҚР ДСМ-35 Бұйрығына сәйкес (06.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.03.2019 жылғы № ҚР ДСМ-6 Бұйрығымен (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-23 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ағымдағы мониторинг – ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы тұрақты негізде жүргізілетін ағымдағы есепті кезеңдегі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
2) амбулаториялық - емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (бұдан әрі – АЕК КШН кепілдік берілген компоненті) – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) нысандарында амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (бұдан әрі – МСАК КЖН кепілдік берілген компоненті) – түзету коэффициенттерін ескере отырып, ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің есептік құны;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (07.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – МСАК КЖН) – МСАК субъектісіне «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – БХТ) тіркелген, МСАК КЖН кепілдік берілген компонентінен және МСАК КЖН ынталандырушы компонентінен тұратын, бекітілген бір адамға ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің құны;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (07.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттері есепке алынған, ауыл халқына қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
6) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін ескере отырып, ауыл халқына көрсетілетін МСАК қызметтері кешенінің есептік құны;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (07.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
8) базалық мөлшерлеме – стационарлық және стационарды алмастыратын көмек деңгейінде бір емделіп шығу жағдайына есептегендегі медициналық көмек көрсетуге арналған қаржы қаражатының орташа көлемі;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (07.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, лимфоидты және қан өндіру тінінің қатерлі ісіктерімен ауыратын науқастарға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «ОНЭТ» АЖ) тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
10) бірлесіп орындаушы – дерекқорға қосылған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші азаматтық-құқықтық шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
11) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі – АС) – денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру аясында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) емделіп шыққан жағдай – пациентке емделуге түскен сәттен бастап емделіп шыққанға дейін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
14) жыныстық-жастық түзету коэффициенті – халықтың әртүрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтар ескерілетін коэффициент;
15) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын бір адамға арналған кешенді тариф – адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ) жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (бұдан әрі – ЖИТС) ауыратын науқастарға ТМККК шеңберінде клиникалық хаттамалар негізінде қалыптастырылатын бір АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын адамға есептегендегі медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (07.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-1) АИТВ/ЖИТС бойынша халықты зерттеп-қарауға арналған тариф – АИТВ/ЖИТС-қа зерттеп-қарау бойынша бір өтініш білдірушіге есептегендегі көрсетілетін қызметтердің құны;
2-тармақ 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-2) Достық кабинетіне бір өтініш білдірушіге арналған кешенді тариф – Достық кабинетіне бір өтініш білдірушіге есептегендегі ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер кешенінің құны;
2-тармақ 15-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – КЖНЫК) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 429 бұйрығымен (бұдан әрі – № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;
17) клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі - КШТ) - емдеуге арналған шығындары бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біртектес топтары;
18) қызметтер беруші – Сатып алу қағидаларына сәйкес қор медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
19) медициналық көмек көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) – денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан және клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуды білдіретін медициналық көмек көрсету, емдеу-диагностикалық іс-шаралар тәртібінің бұзылуы;
20) медициналық көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) – нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар денсаулық субъектісілерінің іс-қимылдары;
21) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуді көздейтін қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
22) медициналық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді мониторингтеу (бұдан әрі - медициналық қызметтердің сапа мен көлемді мониторингтеу) – көрсетілген медициналық қызметтердің негізділігін және ақауларды анықтаған кезде айыппұл санкцияларын қолдануды жүйелік бағалау;
23) МСАК субъектісі – «БХТ» АЖ порталында тіркелген, бекітілген халыққа МСАК және амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;
24) нысаналы мониторинг – бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы жүргізілетін ағымдағы мониторингтің нәтижелері бойынша және (немесе) қор айқындаған тақырыптық бағыттар бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
25) психикалық денсаулық орталығының бар бір науқасына арналған кешенді тариф – Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде тіркелген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберінде психикалық денсаулық орталығының бар науқастарына медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
25-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығына сәйкес (07.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
26-тармақша алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.03.2020 жылғы № ҚР ДСМ-16/2020 Бұйрығымен (07.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27) республикалық денсаулық сақтау ұйымдары – уәкілетті орган қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдары, дербес білім беру ұйымының, медициналық білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау ұйымдары;
28) ретроспективалық талдау – сараптама жүргізу кезінде медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттамасын зерделеу негізінде талдау;
29) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға – Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағына 20-тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде одан жоғары бағамен сатып алу жүргізіле алмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |