Toggle Dropdown
5
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 16793 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 15.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
1
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы А. Цой
Toggle Dropdown
КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________Е. Сағадиев
2018 жылғы 5 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
______________ М. Әбілқасымова
2018 жылғы 2 сәуір
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 126 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және инфекциялық аурулардың (жіті ішек инфекциялар, сальмонеллез, іш сүзегі, паратиф, туберкулез, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар, вирустық гепатиттер, тұмау, АИТВ инфекциясы, ЖИТС, жіті респираторлық вирустық инфекциялары, менингококк инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, желшешек, скарлатина) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) авариялық жағдай – зақымдалған немесе зақымдалмаған тері, сілемейлі қабықтарға, жарақатқа (тері жамылғысын дезинфекциялық өңдеуден өтпеген медқырылғылармен шаншу, кесу) инфекцияланған материалдың немесе биологиялық субстраттардың түсуі;
Toggle Dropdown
2) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
Toggle Dropdown
3) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы тудыратын ауру, иммундық жүйенің жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (бұдан әрі - ЖИТС) дейін біртіндеп бұзылуына алып келетін, оның ерекше зақымдалуымен сипатталатын, оппортунисттік инфекциялардың және қайталанған қатерлі ісіктердің дамуымен бірге өтетін антропонозды инфекциялық созылмалы ауру;
Toggle Dropdown
4) АИТВ инфекциясының болуына клиникалық көрсетілімдер бойынша тексеру – клиникалық көрсетілімдері (оппортунисттік аурулар, АИТВ инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін синдромдар және симптомдар) бар адамдарды құпия медициналық тексеру;
Toggle Dropdown
5) АИТВ инфекциясының көзі – аурудың кез келген сатысындағы, оның ішінде инкубация кезеңіндегі ауру жұқтырған адам;
Toggle Dropdown
6) анонимді тексерілу – адамның жеке басын куәландырусыз ерікті медициналық тексерілуі;
Toggle Dropdown
7) антиретровирустық препараттар (бұдан әрі - АРВ – препараттар) – АИТВ/ЖИТС профилактикасы және емдеу үшін пайдаланылатын препараттар;
Toggle Dropdown
8) антиретровирустық терапия (бұдан әрі - АРТ) – вирустың көбеюін тоқтататын АИТВ инфекциясы кезіндегі этиотропты терапия, бұл иммунитетті қалпына келтіруге, қайталанған аурулардың дамуын болдырмауға немесе регрессиясына, пациенттің жұмыс қабілетінің сақталуына немесе қалыпқа келуіне және оның өлімін болдырмауға алып келеді. Тиімді ретровирусқа қарсы терапия сонымен бірге пациенттің инфекция көзі ретіндегі қаупін төмендететін профилактикалық шара да болып табылады;
Toggle Dropdown
9) ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі – АДК ТА) – штаммдары изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттардың біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін туберкулез микробактериясы (бұдан әрі – ТМБ) тудырған туберкулез;
Toggle Dropdown
10) ауыр жіті респираторлық инфекциялар (бұдан әрі - АЖРИ) – алдыңғы күнтізбелік он күн ішінде пайда болған, анамнезінде жоғары температурамен немесе Цельсий бойынша (бұдан әрі - ºC) ≥ 38 қызумен, жөтелмен сипатталатын және дереу емдеуге жатқызуды қажет ететін ауру;
Toggle Dropdown
11) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам;
Toggle Dropdown
12) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге қабілетті бактерия вирустары;
Toggle Dropdown
13) бактерия тасымалдаушылық – адамның немесе жануардың организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға инфекциялық (паразиттік) аурудың қоздырғышын бөлумен сипатталатын, аурудың клиникалық белгілері жоқ инфекциялық процестің нысаны;
Toggle Dropdown
14) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары – топқа қабылдауды және бір топтан екінші топқа ауысуды тоқтату, кабинеттік оқыту жүйесін алып тастауды, көпшілік, ойын-сауық және спорт іс-шараларын шектеуді, науқасты уақтылы оқшаулауды, бетперде режимін енгізуді, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін инфекциялық немесе паразиттік аурудың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;
Toggle Dropdown
15) демеуші кезең – сақталған микобактерия популяциясына әсер ететін және туберкулез процесінің қабыну өзгерістерінің одан әрі азаюын, сондай-ақ науқас организмінің функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін терапияның жалғасу кезеңі;
Toggle Dropdown
16) дизентерия – көбіне тоқ ішектің сілемейлі қабығы зақымдалатын шигелла (Shigella) түтінің микробы тудыратын инфекциялық ауру. Клиникалық түрде ауру уланумен және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;
Toggle Dropdown
17) ерікті тексерілу – адамдардың алынған ақпарат негізінде өздерінің қалауы бойынша тексерілуі;
Toggle Dropdown
18) жанасқаннан кейінгі профилактика (бұдан әрі - ЖКП) – ықтимал инфекция жұқтырудан кейін (қызметтік міндеттерді орындау кезде болған немесе жыныстық қатынас жағдайларда) АИТВ жұқтыру тәуекелін төмендету мақсатында антиретровирустық препараттарды қабылдаудың қысқа курсы;
Toggle Dropdown
19) желшешек – қызба, интоксикация және дақты-везикулезді бөртпелермен сипатталатын жіті инфекциялық ауру;
Toggle Dropdown
20) ЖИТС – адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ инфекциясының соңғы сатысы;
Toggle Dropdown
21) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі - ЖЖБИ) – АИТВ инфекциясы, сифилис, гонорея, жұмсақ шанкр, венериялық лимфогранулематоз, донованоз, урогениталды хламидиоз, урогениталды трихомониаз, гарднереллез, урогениталды микоплазмоз, гениталды папилломалар, гениталды герпес;
Toggle Dropdown
22) жіті респираторлық вирустық инфекциялары, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды) әдеттегі эпидемиологиялық қадағалау – халықтың жіті респираторлық тұмау тәрізді аурудың және (немесе) пневмонияның клиникалық белгілерімен жүгінуі бойынша республиканың барлық аумағында тіркелген аурулар жағдайларының санын есепке алу негізінде жіті респираторлық вирустық инфекциялармен, тұмаумен сырқаттанушылықтың және олардың асқынуларынан (пневмониялар) болған өлім-жітімнің деңгейі мен динамикасының мониторингі;
Toggle Dropdown
23) жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа–тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиалдық вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы;
Toggle Dropdown
24) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) – ерекше маркерлер бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы;
Toggle Dropdown
25) жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын, патогенді және шартты патогенді бактериялар, вирустар тудыратын инфекциялық аурулар;
Toggle Dropdown
26) иммундық блоттинг (бұдан әрі – ИБ) – қоздырғыштың жекелеген белоктарына ерекше антиденелердің болуын айқындауға мүмкіндік беретін әдіс, АИТВ-ның диагностикасы кезінде растаушы тест ретінде қолданылады;
Toggle Dropdown
27) иммунологиялық зерттеу әдістері: иммундық-ферменттік талдау (бұдан әрі – ИФТ), иммундық-хемилюминисцентті талдау (бұдан әрі - ИХЛТ), электрохемилюминисцентті талдау (бұдан әрі - ЭХЛТ), (ИБ) – антигендер мен антиденелердің ерекше өзара әрекеттесуіне негізделген диагностикалық зерттеу әдістері;
Toggle Dropdown
28) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностика мен емдеу әдістері;
Toggle Dropdown
29) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
Toggle Dropdown
30) инфекциялық немесе паразиттік ауру ошағы – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;