Toggle Dropdown
1
Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 16795 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 05.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1.Қоса беріліп отырған Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидалары, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 71 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9486 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 93 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11670 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 8-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
1
4.Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 61 қаулысымен бекітілді
Toggle Dropdown
1
Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидалары, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
1. Осы Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидалары, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның (бұдан әрі – еншілес ұйым) қызметінің тәртібін, еншілес ұйым сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді басқаратын мерзімді, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз активтер деп мыналар түсініледі:
Toggle Dropdown
1) барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар, сондай-ақ олар бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшері өтелмеген мерзімі өткен берешек сомасының 5 (бес) және одан да көп пайызы деңгейінде қалыптастырылған шартты міндеттемелер;
Toggle Dropdown
2) мүлік, оның ішінде жылжымайтын мүлік және (немесе) сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығы;
Toggle Dropdown
3) борышкерге қатысты жүргізілетін оңалту рәсімдері немесе банкроттық рәсімдері шеңберінде күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі ретінде бас банк қабылдаған мүлік.
Toggle Dropdown
3. Еншілес ұйым Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінен басқа, күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту мақсатында мынадай қызмет түрлерін:
Toggle Dropdown
1) күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі ретінде бас банктің меншігіне өткен, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын сатып алуды;
Toggle Dropdown
2) меншікті мүлікті, сондай-ақ:
Toggle Dropdown
кепіл немесе өзге қамтамасыз ету ретіндегі мүлікті өндіріп алу нәтижесінде меншікке өткен мүлікті;
Toggle Dropdown
бас банктен сатып алынған күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде және (немесе) күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған мүлікті;
Toggle Dropdown
Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мүлікті;
Toggle Dropdown
күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту шеңберінде жаңадан құрылған және оның меншігіне қабылданған мүлікті жалға тапсыруды, қаржы лизингіне, сенімгерлік басқаруға беруді немесе ақылы уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануды;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғалар құруды, оның ішінде акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алуды, сондай-ақ заңды тұлғалардың осындай акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізуді және басқаруды;
Toggle Dropdown
4) меншікті мүлікті, сондай-ақ Банктер туралы заңның 11-2-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) жүзеге асыру нәтижесінде сатып алынған немесе алынған мүлікті өткізуді;
Toggle Dropdown
5) Іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша қарыз беруді;
Toggle Dropdown
6) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру бойынша мәмілелер жүргізуді;
Toggle Dropdown
7) үшінші тұлғалардан жер учаскелерін және (немесе) құрылысы аяқталмаған объектілерді, ұйымдардың құрылысы аяқталмаған объектілерді салуға және құрылысын аяқтауға және (немесе) құрылысы аяқталмаған объектілерді пайдалануға беруге байланысты көрсетілетін қызметтерін, оның ішінде жобалау және мердігерлік ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
Toggle Dropdown
8) кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен үздіксіз байланысты жылжымалы мүліктің сауда-саттығына (аукционына) қатысуды және сатып алуды;
Toggle Dropdown
9) берешекті өтеу нәтижесінде алынған уақытша бос ақшаны жарғылық капиталға, бағалы қағаздарға салым ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру;
Toggle Dropdown
10) бас банк берген үмітсіз және күмәнді талап ету құқықтары бойынша кепіл шарттары бойынша, сондай-ақ еншілес ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруы барысында дербес жасаған кепіл шарттары бойынша кепіл ұстаушының құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің, басқа қаржы ұйымдарының, бағалаушылардың, кәсіби сарапшылардың және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және құнын қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
Toggle Dropdown
12) Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында және осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың акциялары бойынша дивидендтер және (немесе) еншілес ұйымның жарғылық капиталға қатысу үлесіне сәйкес келетін кірісті алуды;
Toggle Dropdown
13) Іс-шаралар жоспарында көзделген күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту мақсатында еншілес ұйым сатып алған мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (лицензияланатын қызмет түрлерін қоса алғанда) өндіруді және өткізуді;
Toggle Dropdown
14) заңды тұлғаларға, оның ішінде бас банкке күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға және басқаруға байланысты қызметтерді (агенттік, риэлторлық, консультациялық, заңдық, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларда мүдделерді білдіру бойынша) ақылы негізде көрсетуді;
Toggle Dropdown
15) өз қажеттілігі үшін үшінші тұлғалардан мүлікті және (немесе) талап ету құқықтарын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) меншігіне немесе уақытша пайдалануға сатып алуды;
Toggle Dropdown
16) күмәнді және үмітсіз активтер бойынша кепілге салынған мүлікті:
Toggle Dropdown
бас банк жүргізетін соттан тыс сауда-саттықтарға (аукционға);
Toggle Dropdown
борышкердің кепілге салынған мүлікті дербес өткізу рәсімдеріне;
Toggle Dropdown
банкроттық рәсімдері, оңалту рәсімдері немесе атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүргізілетін электрондық аукционға қатысу арқылы сатып алуды;
Toggle Dropdown
17) инвесторлармен бірлесіп консорциум құру (бірлескен қызмет туралы шарт) және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысу арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруды;
Toggle Dropdown
18) егер еншілес ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді жақсарту шаралары Іс-шаралар жоспарын және бизнес-жоспарды іске асыруға әкелмеген жағдайда үмітсіз қарыздарды еншілес ұйымның балансынан есептен шығаруды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Еншілес ұйым Іс-шаралар жоспары болған кезде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуды жүзеге асырады. Іс-шаралар жоспарында мыналар:
Toggle Dropdown
1) активтердің және (немесе) қамтамасыз ету түрлері бойынша төмендегідей бөлінген күмәнді және үмітсіз активтердің түрлері:
Toggle Dropdown
аяқталған коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік;
Toggle Dropdown
салынып жатқан коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік;
Toggle Dropdown
жер учаскелері;
Toggle Dropdown
жеке және заңды тұлғалар қарыз алушыларға талап ету құқықтары (бұл ретте, корпоративтік қарыз алушылар экономиканың түрлері (салалары) бойынша бөлінеді);
Toggle Dropdown
кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес еншілес ұйымның немесе бас банктің меншігіне өткен күмәнді және үмітсіз активтер;
Toggle Dropdown
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген күмәнді және үмітсіз активтердің бағалау құны бойынша ақпарат;
Toggle Dropdown
3) күмәнді және үмітсіз активтерді басқарудың кезеңдік мерзімдері және еншілес ұйымның әр күмәнді және үмітсіз активтерді басқаруға бағытталған функциясы;
Toggle Dropdown
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген күмәнді және үмітсіз активтерді басқарудың жалпы мерзімі (әрбір актив бойынша);
Toggle Dropdown
5) күмәнді және үмітсіз активтің сапасын жақсартуға, бағытталған шаралардың сипаты, оның ішінде, бастапқы құнын жақсарту, қалыпқа келтіру, қалпына келтіру, қайта құрылымдау, қосымша қаржыландыру және капиталдандыру, жобалық қаржыландыру және (немесе) инвестициялау шеңберінде күмәнді және үмітсіз активтің құнын өсіру;
Toggle Dropdown
6) еншілес ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алудан түсетін кіріс алу көздері: сату, оның ішінде кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес еншілес ұйымның меншігіне өткен активтерді сату, секьюритилендіру, жалға беру немесе ақылы уақытша қолданудың өзге де нысанын пайдалану;
Toggle Dropdown
7) дауларды сотқа дейін шешу, шағым-талап өндірісі және ықтимал құқықтық және өзге де тәуекелдер шеңберінде жүргізілетін еншілес ұйымның іс-әрекеттерін сипаттау;
Toggle Dropdown
8) еншілес ұйымның шығыстары мен кірістерін, сондай-ақ сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтер бойынша бас банк алдындағы міндеттемелерді өтеуге (қызмет көрсетуге) арналған еншілес ұйымның қызметі кезеңіндегі ақша қаражатының қозғалысын болжау;
Toggle Dropdown
9) әкімшілік шығыстардың, оның ішінде еншілес ұйымды басқаруға және оның шаруашылық қызметіне тартылған бас банктің басшы қызметкерлеріне сыйақы беру бойынша әкімшілік шығыстардың мөлшері;
Toggle Dropdown
10) Іс-шаралар жоспарын орындауға мониторинг жүргізу негізінде еншілес ұйымның қызметі жөніндегі есепті жасауға қойылатын талаптар;
Toggle Dropdown
11) бас банктің және еншілес ұйымның мониторингке және Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлері жөніндегі ақпарат қамтылған.
Toggle Dropdown
5. Іс-шаралар жоспарын бас банктің директорлар кеңесі мақұлдауға тиіс. Директорлар кеңесі Іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, күмәнді және үмітсіз активтерді беру жүргізілмейді.
Toggle Dropdown
6. Бас банк еншілес ұйымның қызметіне бақылауды, оның ішінде Іс-шаралар жоспарының және бизнес-жоспардың орындалуын жыл сайын тексеруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
7. Бас банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, оның ішінде нақты кірістер мен шығыстар бойынша, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтер бойынша ақша қаражатының қоғалысы бойынша мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
Toggle Dropdown
Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда Бас банк уәкілетті органға бас банктің директорлар кеңесі оларды мақұлдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде әрбір күмәнді және үмітсіз актив бойынша жаңартылған Іс-шаралар жоспарын немесе қолда бар Іс-шаралар жоспарын ұсынады.
Toggle Dropdown
8. Еншілес ұйым заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялары және (немесе) қатысу үлестері бойынша алынған дивидендтерді, өзінің шығыстарын өтеу үшін активтерді сатудан түскен оң айырманың сомаларын (активтерді сату құнының оларды сатып алу құнынан және еншілес ұйымның берілген актив бойынша берешегі сомасынан асып түскен жағдайда) пайдаланады.
Toggle Dropdown
9. Еншілес ұйым сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) Қағидалардың 2-тармағына және 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес анықталған, олар бойынша Іс-шаралар жоспарында еншілес ұйымның қызмет мерзімі ішінде оларды басқару және өткізу нәтижесінде кіріс алуы болжанған күмәнді және үмітсіз активтер объектілер болып табылады;
Toggle Dropdown
2) күмәнді және үмітсіз активті жақсартуды көздейтін, оның ішінде құрылысты аяқтау немесе күмәнді және үмітсіз актив құнын ұлғайтуға, сондай-ақ борышкерді оңалтуға бағытталған жұмыстарды және (немесе) іс-шараларды өткізу арқылы мыналарды қамтитын еншілес ұйымның уәкілетті органы (бақылау кеңесі немесе атқарушы органы) мақұлдаған бизнес-жоспары бар:
Toggle Dropdown
берешектің бір бөлігін есептен шығару бойынша кредиторлар тарапынан қолдау жасау шаралары, төлемді өтеудің кестесін және кезеңділігін өзгерту, қаржыландыру мерзімдерін ұлғайту, негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңін ұлғайту, инвестициялық фазаны аяқтау мақсатында жобаны қосымша қаржыландыру, сондай-ақ қарызды қайта қаржыландырудың басқа да тәсілдері;
Toggle Dropdown
акционерлік қоғамның жарғылық капиталын (капиталға қатысу үлестерін) ұлғайту бөлігінде борышкердің меншік иелері тарапынан болатын қолдау шаралары, борышкердің таза пайдасын кредиторлар алдындағы қарыз толық өтелгенге дейін борышкердің меншік иелері арасында бөлмеу, борышкердің бизнес-процестерін оңтайландыру;
Toggle Dropdown
стратегиялық инвестор тарапынан борышкер борышының бір бөлігін капиталға конвертациялау, айналым капиталын және (немесе) ең төменгі инвестициялық капиталды ұсыну бөлігінде қолдау шаралары;
Toggle Dropdown
3) аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша құрылыс бойынша шығыстар болжамы және құрылыс аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік объектілерінің құнына жасалған талдау бар;
Toggle Dropdown
4) берілген (берілетін) талап ету құқықтары бойынша бас банк төменде аталған кредиттік тәуекелді төмендетудің кем дегенде екі шартын орындады (орындауда):
Toggle Dropdown
борышкерге берілген кредиттің жалпы мерзімін ұзарту, сондай-ақ берілген кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
Toggle Dropdown
сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде бұрын есептелген немесе капиталдандырылған, бірақ төленбеген сыйақыға қатысты төмендету;
Toggle Dropdown
бас банктің есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығаруды жүзеге асыруы.
Toggle Dropdown
Бас банктен 2021 жылғы 1 наурызға дейін сатып алынған, басқару 2026 жылғы 1 наурызға дейін жүзеге асырылатын күмәнді және үмітсіз активтерді қоспағанда, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйым басқаратын мерзім оларды бас банктен сатып алған күннен бастап 5 (бес) жылдан аспайды.
Toggle Dropdown
Қағидалардың 3-тармағының 18) тармақшасына сәйкес еншілес ұйымның балансынан есептен шығарылған күмәнді және үмітсіз активтерді қоспағанда, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйым бас банкке қайтаруды осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мерзімінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.