Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 229 қаулысы
Осы Қаулы 17.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 559 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 197-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесінде:
«Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтікақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары»;
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«1. Осы Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының ұлттық кауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы, «Қарсы барлау қызметі туралы»2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналар:
абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпарат;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпарат;
биллингтік мәліметтер (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтер);
техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жері;
деректер беру желісіндегі мекенжайы;
деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайы;
интернет-ресурстың сәйкестендіргіштері;
деректер беру желісінің хаттамалары қамтылған абоненттер туралы мәліметтер;
3) абоненттік нөмір – басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;
4) байланыс желісі – байланыс құралдары мен желілерден тұратын және телекоммуникацияларға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе;
5) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың талаптары почта байланысын қоспағанда, байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байланыс операторларына (бұдан әрі – Оператор) қолданылады.»;
«2-тарау. Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібі»;
«6. Оператор осы Қағидаларға сәйкес телекоммуникация құралдарынан абонентке көрсетілген қызметтер туралы қызметтік ақпаратты тұрақты жинауды жүзеге асырады және оның Оператор жүйесінде (бұдан әрі – Жүйе) сақталуын қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының шетелдегі абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады.»;
«9. Функционалды түрде Жүйе жинау, сақтау, басқару және қорғау құралдарының функцияларын орындайтын логикалық модульдерден тұрады. Жүйе модульдерінің өзара әрекеті хаттамасын Оператор байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органмен келіседі.»;
«1) абоненттер туралы ақпарат пен абонентке көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты сақтауды;
заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестіндіру нөмірі, шоттарды жеткізу үшін мекенжай;
жеке тұлғалар үшін – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтаның мекенжайлары, почталық мекенжайы;
байланыс телефондарының нөмірлері; абоненттік жабдықтарды орнату мекенжайы; шартты жасасу және қолданылуын тоқтату күні; абонентке қолжетімді байланыс қызметтерінің тізбесі; абоненттік нөмір;
биллингтік мәліметтер – абоненттің жеке шоты бойынша ақпарат, шотты толтыру туралы ақпарат, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары;
деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға кірудің мекенжайы, интернет желісіне қол жеткізудің әрбір көрсетілген қызметі бойынша деректерді беру желісінің хаттамалары, оның ішінде: уақыт белдеулері есебімен желіде абонентті тіркеу күні мен уақыты; осы сессия үшін бөлінген динамикалық немесе статикалық ІР-мекенжайы; желіге шығу нүктесі; желіге шығу жүзеге асырылған абоненттік нөмір және ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды; осы сессия ішінде берілген және қабылданған ақпарат көлемі; қызметтердің әрқайсысы көрсетілген уақыт кезеңі; пайдаланушы қолданған байланыс түрі, жіберілген немесе алынған электрондық хабарламаның мекенжайлары, почталық хабарламаның электрондық почта мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендіруші, уақыт белдеулері есебімен интернет-ресурста деректер өзгеруінің басы мен аяқталу күні және уақыты, сондай-ақ өзгеріс болған ІР-мекенжайы;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |