• Мое избранное
Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 мамырда № 16854 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-92 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 30.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Балаларға гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 631 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6451 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 22 қазандағы № 249 (26310) жарияланған);
2) «Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 593 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7931 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 24 актілер жинағында 2012 жылғы 15 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 16 сәуірдегі
№ 173 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында жүкті әйелдерге, босанатын, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-102 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) акушерлік-гинекологиялық көмек – әйелдерге жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңде, гинекологиялық аурулар кезінде, профилактикалық байқау және әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау бойынша іс-шаралар кезінде көрсетілетін медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені;
2) перинаталдық көмекті өңірлендіру – бұл жүктілік және босану барысының қауіп дәрежесіне қарай әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге перинаталдық стационарлық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша облыс аумағында медициналық ұйымдарды бөлу;
3) патронаж – медицина қызметкерлерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық іс-шараларды жүргізуі (жаңа туған нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге, диспансерлік науқасқа патронаж);
4) белсенді бару – дәрігердің бастамасы бойынша, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарына стационарлардан шығарылған науқастар туралы, медицина қызметкерінің белсенді қарап-тексеруін қажет ететін пациенттерге шақыртуларға қызмет көрсеткеннен кейін жедел көмек ұйымынан мәліметтер берілгеннен кейін науқастың үйіне дәрігердің/орта медицина қызметкерінің баруы;
5) инвазивті әдістер – адам ағзасының ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностика мен емдеу әдістері;
6) контрацепция – қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері және құралдары;
7) ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары – қолдану кезінде ұрықтанудың және эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе барлық кезеңі ана организмінен тыс жүзеге асырылатын (оның ішінде донорлық және (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тіндері мен эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана болуды пайдалана отырып) бедеулікті емдеу әдістері (жасанды инсеминациялау, жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды импланттау);
8) ұрпақты болу денсаулығы – адамның толыққанды ұрпақ әкелуге қабілетін көрсететін денсаулығы;
9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) Республикалық ауыр акушерия орталығы (бұдан әрі – РААО) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Қазақстан Республикасында босанулардан/аборттардан кейінгі ауыр жай-күйдегі әйелдерге стационарлық медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының астанасында медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі.
2-тарау. Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі қызмет бағыттары
3. Жүкті, босанатын, босанған және жүктіліктен тыс барлық жас топтарындағы әйелдерге медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі - МӘМС) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру аясында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету ережелері мен шарттарына сәйкес ақылы негізде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген) көрсетіледі;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-67/2020 Бұйрығына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Жүкті, босанатын, босанған әйелдерді және гинекологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 18586 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 931) Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу қағидаларына сәйкес және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген) сәйкес дәрілік формулярлардың негізінде ұсынылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 17.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-67/2020 Бұйрығына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметінің негізгі бағыттары (бұдан әрі – МҰ):
1) әйелдерге жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялы көрсетілетін медициналық қызметтерді, сондай-ақ гинекологиялық көмек көрсету;
2) медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;
3) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге отбасын жоспарлау бойынша қызметтерді ұсыну.
6. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек (тәулік бойы бақылау және емдеу көзделмейтін жағдайларда): алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
2) стационарды алмастыратын көмек (тәулік бойы медициналық бақылау және емдеуді талап етпейтін медициналық бақылау және емдеуді көздейтін жағдайларда);
3) стационарлық көмек (тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді қамтамасыз ету жағдайларда);
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация.
7. Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмекті амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдарда «Акушерлік-гинекология (балалар гинекологиясы, функциялық диагностика, негізгі мамандықтың бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (бұдан-әрі акушер-гинеколог дәрігерлер), орта медицина қызметкерлері «Акушерлік іс (акушер, жалпы практика акушері), «Емдеу ісі фельдшер, жалпы практика фельдшері» (бұдан әрі-фельдшер), «Мейіргер ісі» (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер) (бұдан әрі-мейіргер)» жүзеге асырады.
8. Жүкті, босанатын, босанған және барлық жас топтарының гинекологиялық науқастарына акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Медициналық көрсетілетін қызметтерді сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы бекіткен диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
9. Зорлық-зомбылық және дене жарақаттарының фактілері анықталған жағдайда емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді және медициналық оңалтуды жүргізу, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жәбірленушілердің жүгіну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлау жүзеге асырылады.
10. Медициналық ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 907 Бұйрық) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Амбулаториялық-емханалық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
11. Амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету амбулаториялық-емханалық көмек, соның ішінде МСАК және КДК көрсететін медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.