• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Билік айтқан би емес, бітістірген би. Журнал "Заң" № 3, 2018 ж.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Редакции абзаца

Билік айтқан би емес, бітістірген би

Дала билігінің дара тұлғалары – дана билер ел арасын­ дағы кез келген дау-дамай­ ды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға ерекше назар аударған. Ежел­ де ел арасындағы дау-дамай мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлін­ ген. Орын алған даулар­ ды шешендер даналықпен шеше білген. Би дауға жүгін­ ген қос тарапқа шындықты мойындатып, ризалықпен бітіс­ тірген. «Билік айтқан би емес, бітістірген би» деген нақыл содан қалса керек. Сондықтан, билер соты кәсіби жағынан әбден шыңдалған, тәуелсіз сот билігі ретінде сақталып келген. 
Бітімнің басты мақсаты – тек дауласушы тараптарды бітістіру ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік ортадағы тыныш­ тықты сақтау,қоғамды татутәтті ахуал орнықтыруға жете­ леу, тараптарды алдымен арнамысына жүгіндіріп, мәсе­ лені ушықтырмай, ақылмен саралауға тәрбиелеу. Бітім­ гершілік уәжге құлақ аспау – көргенсіздік, тексіздік ретінде бағаланған. «Бітімшілікке тоқ­ тамағаннан – береке іздеме» деген сөз осыдан шыққан. Қыс­ қаша айтқанда, қазақ халқы жөн сөзге құлақ асып, мәнін түсіне, қастерлей білген. Демек, қазақ қоғамындағы құқықтық сана өте жоғары болған. Осы қасиетті дәстүрдің сабақтастығын қазіргі «Медиация туралы» заңнан көруге болады. 
Кешегі бабаларымыз­ дың бітімгершілік заңымен бүгінгі медиация заңының арасында үлкен сабақтастық жатыр. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының VІ съезінде сот тәртібімен қаралуға жата­ тын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің бала­ малы тетіктерін, соның ішінде, бітімгершілік және медиа­ ция процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осылайша, өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың көмегімен тараптар арасында дауды реттеу тәртібі – медиа­ ция сот жүйесінде кеңінен қол­ даныла бастады. 
Бүгінгі таңда еліміздегі құқық саласын ізгілендіру, әділеттілікті сақтау мен азамат­ тардың өзара қатынасын реттеу мәселесіндегі өзекті бір құрал ретінде медиаторлық жүйеге жүгіну өз тиімділігін көрсетіп берді. Медиация тәуелсіз елі­ міздің сот жүйесіндегі жаңа бастамалардың ішіндегі бірегей тәсіл ретінде оң өзгерістерге ықпал ете бастағаны сөзсіз. 
Яғни, қолданысқа енген «Медиация туралы» заң аты бөлек болғанымен, қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүр­ гізу тәсілінің заңды жалғасы болып табылады. Бұрынғы билеріміз, қазіргі судьялармыз даналығы, шешендігі, тап­ қыр сөздерімен өз ойларын еркін жеткізіп, тараптарды бітімгершілікке шақырып, шежіремізді қайта жаңғыртуда. 
Осы негізде, билік жүр­ гізудің дәстүрлі тәсілін халық арасында қайтадан жаңғырта отырып, насихаттап, ұтымды, оңтайлы жақтарын түсіндіру жұмыстарын облыс соттарында жалғастырудамыз.
Атап айтқанда, облыс бойын­ ша 34 аудандық (қалалық) соттардың ықпалымен жер­ гілікті әкімшілік пен Достық үйлерінде медиация кабинет­ тері ашылып, қазіргі уақытта медиация заңын кеңінен наси­ хаттап, оны қолдануға үлес қосуда. 
Статистикалық мәліметтер­ ге сүйенетін болсақ, аталған көрсеткіш жылдап еселеп өсіп келе жатқанын аңғаруға болады. Яғни, 2016 жылы бұл көрсеткіш 8,4 пайызды құраса, атқарылған жұмыстар негізінде, 2017 жылдың 12 айында облыс бойынша жалпы 114 998 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер қаралып, оның 10 863 немесе 9,4 пайызы медиация тәртібімен шешіл­ ген. Яғни, медиация тәртібін­ де қаралатын істер саны жыл сайын еселеп өсуде. 
Аталған көрсеткішке облыс­ тық соттың тарапынан да атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың ықпалын атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Өскемен қала­ лық сотында, 3 наурызда Семей қалалық сотында «Құқық­ тық көмек көрсету» секторы ашылып, халық үшін өз қыз­ метін бастап кетті. Аталған сектордың мақсаты: дау-да­ майды жедел түрде шешу, сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, «Құқықтық көмек көр­ сету» секторының жұмысы азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай, жедел түрде ақпараттық кеңес беруге бағытталған. «Құқықтық көмек көрсету» секторы заманауи техникалық жабдықтармен, сондай-ақ, күту залы және өзге де қажетті инфрақұрылым­ мен жабдықталған. Яғни, ең алдымен, келушілерге ыңғайлы жағдай мен кешенді сервис жасалды. Аталған сек­ торда азаматтарға тәжіри­ белі адвокаттар, медиаторлар, халыққа қызмет көрсету орта­ лығының өкілдері және сот қызметкерлері көмек көрсетуде. Осының бәрін қоса алғанда, татуластыру рәсімдерін кеңінен насихаттау мақсатында, есігін айқара ашқан «Құқықтық көмек көрсету» секторын өңіріміздегі үлкен жаңалық, жақсы нышан деуге болады. 
Қай елді, қай заманды алсаңыз да, сот жүйесіне қарап, қоғам­ дағы билік жайы, оның халық мүддесі алдындағы адалдығы туралы пікір қалыптасады. Міне, осыларды саралай келгенде айтарым, ежелгі дәуірден бері жалғасып келе жатқан татуластыру дәстүрі заман талабына сай өзгеріп, жаңарып отырғанымен, міндет-талаптар сол қалпында қала бермек.
Нұрлан Қайырбеков, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы