• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Еңбек дауларын сотта қарап шешудің ерекшеліктері. Журнал "Заң" № 3, 2018 ж.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Редакции абзаца

Еңбек дауларын сотта қарап шешудің ерекшеліктері

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі еңбек қатынастарын, еңбек қатынастарымен тікелей байланысты, әлеуметтік әріптестік және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. 
Еңбек кодексінің қолдану аясы осы көрсетілген қаты­ настармен катар еңбек қаты­ настарынан туындайтын дау­ ларды да реттеуге тарала­ ды. Мысалы оған дәлел Еңбек кодексінің 22-бабында жұмыскерлердің осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бекітілген. Ал, осы Кодекстің 15-16 тарауларында жеке және ұжымдық еңбек дауларын рет­ тейтін ережелер бекітілген. 
Еңбек даулары Еңбек кодексінде бекітілген тәртіп бойынша тараптардың өзара келісуі арқылы реттеумен, ол нәтиже бермеген жағдайда сот тәртібімен қарап шешуге жатады. 
Қазақстан Республикасының Азаматтык процестік кодексінің (бұдан әрі АПК) 23-бабының 1 және 2-тармақшаларында, егер осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес, бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау өзгеше тәртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды және шешеді. Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады. 
Көрсетілген ережеден еңбек қатынастарынан туындайтын дауларды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотта қарап шешу бекітілгенін көруге болады. 
Соттарда көп кездесетін еңбек даулары ретінде қызмет­ кердің жалақы өндіру, бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта алу, амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) бүкіл уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа жүмысқа заңсыз ауыстырылған уақыт үшін жалақы өндіруді айтуға болады. 
Жалпы, бұл аталған дау­ лар азаматтық процестік заңның талап арыз өндірісінде бекітілген тәртіппен қарала­ ды. Алайда, еңбек дауларын сотта қарап шешудің өзін­ дік ерекшеліктері бар. Олар төмендегі ережелерден анық көрінеді. 
Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерді және заңды тұлғаның атқарушы органы­ ның басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал, реттелмеген мәселелер не келісу комиссия­ сы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. 
Осы нормадан жеке еңбек даулары келісу комиссия­ ларында қаралуға, ал онда дау реттелмеген жағдайда ғана сотта қаралуға жататындығы бекітілгендігін көруге болады. Демек, жеке еңбек даулары туындаған ретте, қызметкер сотқа жүгінбестен бұрын, келісу комиссиясына баруы тиіс. Оның жауабына келіспеген ретте ғана сотқа жүгіне алады. 
Бұл сотқа дейін дауды реттеу тәртібі сақталмаған жағдайда АПК-нің 279-бабы талап­ тарына сай, талап арыз қарау­ сыз қайтарылуға негіз болып табылады. 
Кез келген еңбек дауларына байланысты берілген арыз АПК-нің 148- 149-баптарында көзделген талаптарға сай болуы шарт. 
Салық кодексінің 541-бабы талаптарына сәйкес, талап қоюшы еңбек жалақысын өндіру туралы талап арыз және еңбек қызметімен байланысты басқа да талаптар мемлекеттік бажды төлеуден босатылған. 
Сондай-ақ, АПК-нің 183бабы талаптарына сәйкес, жұмысқа қайтадан алу талабы бойынша қозғалған азаматтық істерді сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде қарайды және шешеді. Бұл да бір өзіндік ерекшелік болып табылады. Өйткені, жалпы талап арыз өндірісі бойынша істерді қарап шешу мерзімі сот талқылауына дайындық аяқталған күннен бастап екі ай ішінде қарап шешу бекітілген. 
Бұнымен қатар, АПК-нің 243-бабы талаптары бойынша, қызметкерге жалақыны, бірақ үш айдан аспайтын жалақыны алып беру туралы; жұмысқа қайта орналастыру туралы; ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға жіберіледі. 
Көп жағдайда қызметкерлер сотқа төленбеген жалақысын өндіру туралы талап арызбен жолданады. 
Бұндай жағдайда қызмет­ керге талап арыз беріп, айлап сотта жүру қажеті жоқ. Өйткені, мемлекет тарапынан бұндай талаптарды қараудың жеңіл­ детілген тәртібі қарастырылған. 
Айталық, АГЖ-нің 135-ба­ бы 6-тармағында қызметкерге есептелген, бірақ, төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы талаптар бо­ йынша сот бұйрығын шығару бекітілген. 
Сот бұйрығы дегеніміз АГЖ-нің 134-бабы 1-тар­ мағына сәйкес, сот актісі болып табылады. Оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олар­ дың түсіндірмелерін тың­ дау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. 
Сот бұйрығының талап арызбен қаралатын істен бір артықшылығы, сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде арыз қаралып шешіледі. 
Еңбек даулары бойынша талап қоюшының мемлекетік баж төлеуден босатылуы, еңбек дауларының кейбір түрлері үшін оны қарап ше­ шудің қысқартылған мер­ зімінің бекітілуі, шешімді дереу орындауға жіберу, жалақы өндіруге қатыс­ ты сот бұйрығын шығару туралы арнайы ережелерді азаматтық процестік заң­ дарда бекітуі арқылы мем­ лекет жұмыскерлер мен қыз­ меткерлердің еңбек құқық­ тарын қорғауға және оны тез арада калпына келтіруге аса ерекше мән береді деп тұжы­ рымдауға құқықтық негіз бар.  
М. Мынбаев, судья