• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жер қатынастарын реттеу жолдары. Журнал "Заң" № 3, 2018 ж.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Редакции абзаца

Жер қатынастарын реттеу жолдары

Қазақстан Республикасы егемен ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер, қатынастары Қазақстан Республикасының Негізгі заңының нормаларына сай дами бастады.   
Жер құқығы – жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінде пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілейді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. 
Жер – табиғи ресурс, өндіріс құралы, кеңістіктік базис ретінде кез келген мемлекеттің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты. Осы қағиданың негізінде, мемлекет бүкіл жер қорын тиімді пайдалануды және оны қорғауды қамтамасыз етеді, жер ресурстарын басқарады мен жер қатынастарын реттейді. 
Қазіргі таңда әлемнің дамыған мемлекеттерінде жер жекеменшікте. Бірақ, көп жағдайларда әлемдік құқық жүйесінде жердің жеке меншігіне елеулі шектеулер қойылған. Басқа мүліктерге тән шексіз иелік жүргізу жерге байланысты құқықтарға тиесілі емес. 
ХХ ғасырдың орта кезеңінен бастап жеке меншікке байланысты бұрын қалыптасқан түсініктер біршама өзгерістерге ұшырады. Мұндағы басты мәселе, жердің ерекше қасиеттеріне, яғни жер шектеулі табиғи ресурс болғандықтан және осыған байланысты жеке тұлғалардың жерге меншік қүқықтары қоғам мүдделерімен тікелей байланысты болуында. Осы себепті жеке тұлғалардың жерге меншік құқығы қоғам мүддесі үшін заң түрінде ұдайы шектелуде. Жерге, жылжымайтын мүлік ретінде, тек оның заттық құқығы шегінде ғана меншік иелерінің биліктері жүреді және де мемлекеттің қатаң бақылауында болады. 
Осы тұста, әлемнің бірқатар мемлекеттерінің жер қатынастарына қысқаша тоқталып, мысалдар келтіруге болады. 
АҚШ-та жердің 50%-дан астамы жекеменшікте, ал 40%-ға жуығы қоғамдікі (оның ішінде, мемлекет­ тік меншіктің барлық деңгейінде: федералдық - 32%, штаттық және жергілікті - 16%-ды құрайды). АҚШтың кейбір штаттарында шетел азаматтары жерге меншік құқығына ие бола алмайды. АҚШ-та 2,9 млн меншік иесінің 1,6 млн (56%) ауыл шаруашылыгы саласында. Жерді меншік құқығымен иеленуге консервациялау бағдарламасымен және ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымдарын реттеу арқылы жүргізіледі. Жер штаттардағы тиісті үкімет органдарының арнайы шешімі бойынша сатылады. 
Францияда жерге жекеменшік бар. Ал, заң бойынша жекеменшік иесі кез келген азаматқа оны сатуға құқығы жоқ, бірақ өзінің учаскесін сол жерді жалға алушы мен фермерлерге сатуға құқылы. Жердің 50%-дан астамын жалға алушылар өңдейді. Франция Азаматтық кодексінің 540 – бабы бойынша, жер қатынастары саласында жалға алушының құқығы жоғары, меншік иесінің құқығы шектеулі және де шексіз билікке құқығы жоқ. Кодекс бойынша, егер жер иесі жер учаскесін игере алмаса, басқа да жер пайдалану және жерді қорғау заңдарын бұзатын болса, меншік құқығынан айырылуы мүмкін. 
Германияда жекеменшік құқығындағы ауылшаруашылық жерлері мұраға қалдырылмайды, олар сатылуы тиіс. Сонымен бірге, сатып алушының ауылшаруашылық жұмысын жүргізуге куәлігі (сертификаты) болуы керек. Жерді сатып алусату сияқты кез келген мәміле мемлекеттік органдардың рұқсатымен, қоғамның пайдасы­ на зиян келтірмейтіндей шарттарда жүргізілуі белгіленген. Жерді жалға алушы, оны соңынан меншік құқығымен алуға құқылы. Жалға алушы жерді сатып алған жалға алушының басқа біреуге оны қайта сатуына заңда белгіленген мерзім ішінде шектеулер қойылған. 
Ұлыбританияда жерге мемлекеттік меншік те, жекеменшік те бар. Бұл елде заң бойынша меншік иелері өз жерлерін шетелдіктерге сатуға тыйым салады. Көпшілік ретте, фермерлерге жер мемлекет және басқа меншік иелері тарапынан жалға беріледі. Жалға беру келісімдерінде жерді игеру, пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау тәртіптері өте қатаң сақталған. 
Голландияда жердің 35%-ы мемлекеттік мен­ шікте, ал 65%-ы жекеменшікте. Мемлекеттік меншікте қоғамға арналған жолдар, аэропорттар, ұлттық парктер, муниципалдық меншіктер, сонымен бірге теңіз маңынан игерілуге алынған жерлер жатады. 
Заң бойынша Италияда жер иелері жер учас­ келерін алған кезде оны 30 жыл бойы сатуға құқығы жоқ. Елде негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын өндірістік кооперативтердің меншігі орын алып отыр. 
Жапонияда заңда белгіленген уақытқа дейін жерді сатуға болмайды. Жердің бағасы жергілікті органдардың бақылауында болады. 
Қоғамдық меншіктегі жерлер Испанияның заңы бойынша, жекеменшікке берілуі мүмкін, бірақ бұл процесс өте күрделі түрде өтеді. Алғашында жерге жекеменшік құқығы 10-12 жылға дейін сатуға тыйым салу- алу құқығымен беріліп, сонан соң, жерді ұтымды пайдалану шарттары сақталған кезде ғана оған толық меншік құқығы пайда болады. 
Израильде жердің 5%-ға жуығы жекеменшікте (Еврейлердің Ұлттық Қоры). Қалғандары мемлекет меншігінде. Мемлекеттік меншіктегі жер, азаматтар мен занды ұйымдарға 49-жылға дейін жалға беру құқығымен беріледі. 
Шығыс Еуропа елдеріндегі ХХ-ғасырдың 80ші жылдарындағы болған елеулі саяси өзгерістер, осы елдердің экономикасында жекешелендірудің де тезірек басталуына және өздерінің аграрлық реформасында да кейбір ерекшеліктермен өткізілуіне себепкер болды. Мемлекеттік жерлерді ұсақ өндіріс иелеріне беру өндірістің дамуына кедергі болды. Сол себепті, ауыл шаруашылығы саласында үлкен жер массивтері негізінен коллективтік өндіріс иелеріне беріле бастады. Бұрынғы жер иелеріне жерлер қайтарылып беріліп, иесі табылмаған жерлер мемлекеттік меншікке өтті. Бұрынғы мемлекеттік шаруашылықтың жерлері меншікке сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді пайдалануға берілді. 
Румынияда жерді ұсақ бөлшектеуге және де үлкен көлемде иеленуге заңдармен шектеулер қойылған.Румынияның Жер қоры туралы (1991 ж.) заңы бойынша ауылдағы бір отбасы 10 гектарға дейін жерді тегін алуға құқылы (бір кісіге 0,5 га), бірақта оның көлемі 100 гектардан аспауы керек. 
Қытай елінің экономикалық реформасы жанұялық мердігерлік пен жерді жалға беруден басталды. Көп провинцияларда еңбекке жарамды адамдардың санына немесе жан басына қарап шаруа жанұяларға жерді жалға беру қолға алынды. 
1986 жылы Бүкіл Қытай халықтық үкіметінің кеңесінде қабылданған «Жерді басқару» заңы бойынша Бүкіл мемлекеттік жүйемен жер коллективті - социалистік қоғамның меншігінде сақталды. Алайда, жердің жалға беру құқығы мәміле мәні болып белгіленді. 
Ресейде жер 2001 жылы қабылданған Жер кодексі бойынша жер жеке және мемлекеттік меншікте. Шетелдіктер жерді тек жалға алу құқығымен иелене алады. Ресей мен Қазақстанның жер заңдарының ұқсастығы өте көп. 
2001 жылға дейін ауылшаруашылық жерлері тек пайдалану құқығымен беріліп келді, және осы жылы қабылданған «Ауылшаруашылық жерлерінің айналымы туралы» заң бойынша, аталған жерлерді жекеменшікке берудің механизмдері анықталды. 
Ресей Федерациясында мемлекеттік меншік федеральдық және муниципалдық меншік ретінде белгіленген. 
Украинада 1992 жылғы Жер кодексі бойынша жеке, коллективтік, мемлекеттік және коммунальдық меншік түрлері белгіленген. Азаматтығы жоқ адамдарға жер жеке меншікке берілмейді. 2001 жылы қабылданған Жер кодексі бойынша ауыл шаруашылық жерлері жеке меншікке беріледі. 
Өзбекстан Конституциясы бойынша жер тек мемлекеттік меншікте. Бірақ, 1994 жылғы Президент Жарлығы бойынша сауда, қызмет көрсету объектілері орналасқан жер учаскелері меншік құқығымен беріледі. Сонымен бірге, аукцион арқылы жердің сатылуы мүмкін. Алайда ел Конституциясы бойынша жер тек мемлекет меншігі болып танылады. 
Қырғызстанда жер жеке және мемлекеттік меншікте. 1998 жылы қабылданған жер зандары бойынша меншікке өткен жерлерге мәмілелер жасауға шектеулер қойылып, ондай шектеулер 2002 жылы алынып тасталды. 
Түрікменстанда жер 1993 жылғы мемлекет Президентінің «Жерді жекеменшікке беру туралы» және «Ұжымшаралардың жерін жекешелендіру туралы» Жарлықтары бойынша жер жекеменшікке беріледі. Азаматтарға берілетін жерлердің шекті көлемі 50 гектар, ал ұжымшарларға жер алдыменен 2-жылға жалға, соңынан шарт міндеттері орындалған соң меншікке өтуі белгіленген. 
Шетелдік жер қатынастарын талдау барысында, құқық реттеу тәжірибесіне байланысты, жер қатынастарын реттеуді төрт модельдік түрге бөлуге болады. Олар мыналар: 
1-модель - жерге мемлекеттік меншік монополиясы; 
2-модель - жерге мемлекеттік меншіктің жеке меншіктен басымдылығы (ауыл шаруашылық жерлері мемлекет меншігінде); 
3-модель - мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей дамуы.
4-модель - жерге жекеменшік құқығының мемлекеттік меншіктен басымдығы. 
Шетелдік тәжірибеде көрсетілгендей, бір де бір ел жерді мақсатты және тиімді қолдануды, шектеуді (азаматтық жерлерді) мемлекеттің бақылауынсыз толық билеуге рұқсат етілмейді. Әрине, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, шетелдік құқықтық тәжірибені отандық тәжірибеге алмастыру қажет емес, өйткені республиканың жер заңнамасы, ең әуелі, жер мәселесін шешудің әлеуметтікэкономикалық, этномәдени, табиғи және басқа заңдылықтарын көрсетеді. Бұған қоса, дамыған елдерде жалдауды құқықтық реттеудегі кейбір үрдістердің объективті және жалпы сипаты қазақстандық жер заңнамасын ары қарай жетілдіруде оларды есепке алудың қажет екендігін көрсетеді. 
Қазіргі таңда, елімізде жүргізілген жер реформа­сының негізгізі ретінде келесідей міндеттерді шешкен жөн, - деп ойлаймын: 
-жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін белгілеу; 
-жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; 
-жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; 
-шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; 
-жеке және занды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; 
-жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту; 
жер қатынастары саласында заңдылықты дамыту; 
экономикалық әдістер негізінде жер ресурстарын басқару механизмін жетілдіру; 
-республикада жер қатынастарын әрі қарай жетілдіру және жаңа жер құрылысын қалыптастыру; 
-жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыру; жерді жылжымайтын мүлік ретінде шаруашылық айналымына қатыстыру; 
-мемлекеттік жер кадастрын негұрлым тиімді құру үшін ведомствоаралық өзара іс-әрекеттің заңдылығын қамтамасыз ету; 
-мемлекеттік жер кадастрын автоматтандырылған технологияға көшіру және жер-ақпараттық жүйелерді құру; 
-жер ресурстарын ара қашықтықтан зерттеуді, картага түсіру мен мониторингты барынша дамыту; 
-Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы үшін жер ресурсы әлеуетін сақтау сияқты міндеттемелер. 
Аталған жер заңдарының міндеттері мен міндеттемелерін шешу, мемлекетпен бірге барлық жер қатынастары субъектілерінің азаматтық позициясы болуы тиіс, біз сонда ғана бағасы жоқ асыл қазынамызды келешек ұрпақ үшін сақтай аламыз. 
Жер қатынастарын реформалау жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларында кезек күттірмейтін мәселе ретінде де айтылып жүр. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қойып, болашаққа үлкен жол сілтейді. 
Тәуелсіздік алған жылдардан бері Елбасының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі танда заман талабына сай жалғасын табуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекетімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы даму үстінде десек болады. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. 
Болашаққа серпін беретін аса маңызды мәселелердің бірі жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және құқықтық жағынан қорғау болып табылады.  
А.Салихова, Жәнібек аудандық соты сот мәжілісінің хатшысы Батыс Қазақстан облысы