• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Заманына қарай – заңы да болуы керек. Журнал "Заң" № 3, 2018 ж.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Редакции абзаца

Заманына қарай – заңы да болуы керек

Әңгімені қазақ дала­ сындағы заң жүйесі­ нің ежелгі үлгілерінен бастасак. Қазақта ежелгі заманда әдет-ғұрып зандары болған. «Есім ханның Ескі жолы», «Қасым хан­ ның Қасқа жолы», Тәуке хан­ ның «Жеті жарғы» деген сияқты үздік заң үлгілері сол кездегі ел ішіндегі ынтымақ-бірліктің негізі екендігін тарих растайды. Қазақтың әдет-ғұрып заңдарын басшылыққа ала отырып Қоғам, мемлекет арасындағы барлық мәселелерді шешіп отырған. Әдетғұрып зандары халықтың өзінің белсенділігінен пайда болған. Занды бұзғандарға қарсы билер шығарған шешімдер ешқандай күштеусіз орындалған. Билер қандай шешім шығарса, адамдар соны орындаған. Сондықтан, қазақ даласында бірде-бір түрме, полиция болмаған. Заңды орын­ дататын арнайы орган жоқ, билер барлық дауды шешіп отырған. Ауыл биі, Төле би сияқты билер­ дің бірнеше түрі болған. Билер құрылтайында ірі-ірі мәселелер талқыланған. 
XX ғасырдың соңына қарай отаршылдық дәуірмен бірге патшалық идеясын басшылықка алған заңдар қазақ даласына енгізіле бастады. Бірақ соның өзінде қазақтың әдет-ғұрып заңдары Қазан төңкерісіне дейін өз күшінде болды. Ол зандар әлі күнге дейін маңызды. Қазірдің өзінде тиімді жақтарын пайдалануға болады. Ана жыл­ дары академик С.Зимановтың бастамасымен билер соты туралы халықаралық конференция өтті. Билер тәжірибесіндегі әділдік, мінсіз тазалық, шыншылдыққа негізделген қағидаларды қазір де қолдануымыз керек деген мәселелер көтерілді. Кейбір ғалымдар әр ауылда би сайлайық деген ұсыныстарды әлі де айтып жүр. 
Осы бағытта казір заң ғылы­ мының салаларында жан-жақты зерттеулер жүргізілуде. Бұрынғы қазақ даласында әдет-ғұрып зандары ауызша түрде ұрпақ­ тан-ұрпаққа беріліп отыратын. Қазір ауылда билер сайланса, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, заңды кұрметтеу сияқты тұрғындарға моральдык жағынан тәрбиеші ретінде қызмет істеп жатқан шығар. Дегенмен, билерге заңнамалық шешім шығару құзыреті заңда көрсетілмеген. Ауылда дау туса, биі ақыл айтып, кеңес бере алады. Ал даудың шешімі, т.б. тек соттар арқылы жүзеге асады. Бізде ауыл билері туралы заң жоқ. Ондай заңды жасап, қабылдау да оңай шаруа емес. 
Заң қабылдаудың қажеттілігі алдымен ғылыми тұрғыда зерт­ теледі. Заң шығарудың бас­ тамасы Конституция бойынша депутаттарға және Үкіметке берілген. Осы ретте, биліктің бір бұтағы ретінде Жоғарғы Сотқа да жаңа зан шығаруға бастамашылық берілгені дұрыс болар еді. Халыққа қызмет істеп жатқан жақсы зандар да бар, шикі зандар да аз емес. Мәселен, кезінде «Жер туралы» заң асығыс жасалды. Қабылданғаннан кейін бірнеше рет өзгеріске түсті. Бір айдың ішінде жеті рет өзгертіліпті. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаруда, шетелден келгендер де жер алғысы келеді, жергілікті тұрғындарға да жер керек. Оның үстінде өнеркәсіп өркендеп, құрылыс қарқындап жатқан уакытта жер мәселесі шиеленісіп кетті. Ал, заңның олқылықтары көп еді. Бұл заң дайындау кезінде орын алған кемшіліктермен байланысты. 
Қазақстанда заң шығару про­цесін жетілдіру керек. Кеңес кезінде зандардың жобасы баспа­ сөз беттерінде жарияланып, халық оны талқылап, пікірлерін заң шығаратын органға жолдайтын. Заң содан соң кабылданатын. Қазіргі зандардың жобасы бас­ пасөзде жарияланбайды. Пар­ламент сараптамаға өзі жіберіп, өзі талқылайды. Халық заң қабылданып, мәтіні баспасөзге шыққанға дейін бәрінен бей­ хабар күйде отырады. Заңды қабылдау мәселесін жетілдіру керек. Жетілдіру дегеніміз не? Алдымен, заң жобасы бұқаралык баспасөзде жариялануы керек. Халықтың пікіріне,ұсыныстары­ на құлақ асу қажет. Екіншіден, Заң жобаларын дайындайтын ғылыми зерттеу институты жоқ. Шет мемлекеттерде парламенттің жанында осындай мекемелер жұмыс істейді. Заңның тетіктерін, қажеттілігін, дүние жүзіндегі осы сияқты зандарды зерттей отырып, жоба жасаумен айналысады. Заңның сапасы сонда жақсарады. Депутаттың бәрі заңгер емес. Бірнеше депутат қана жұмыс істегені болмаса заңның бәрін Үкімет жасауда. Әр министрлік өз заңын ұсынуда. Әр министрлік өз мүддесін алға тартады. Ал, заң барша халыққа ортақ болуы керек. Сондықтан, Парламент жанынан заң жобаларын дайындаумен айналысатын арнайы ғылыми зерттеу мекемесі керек. 
Біздің Парламентте әртүрлі мамандық иелерінің басы қосыл­ ған, сол себепті оны халықтық Парламент деп атаған дұрыс. Заң шығару жұмысын жетілдіру үшін қосымша әлгіндей мекеме керек. Бұндай мекеме, мәселен Ресейде бар. Ол елде заң қабылданбас бұрын арнайы институтта зерт­ теледі. Егер заң жобаларын дайындайтын мекеме құрыл­ са, депутаттарға үлкен көмек болар еді. Мен айтып отырған ғылыми институт заң жобаларын зерттеу, дайындау, депутаттарға заңдылык көмек көрсету ісі, заң қабылдаудың процедурала­ рын сақтаумен айналысады. Ол институт дүниежүзілік тәжірибені зерттеп отыруы керек. Ал, заңды шығару құзыреті Парламентте қалады. 
Елімізде сот жұмысы жылданжылға күшейіп барады. Кеңес кезінде халық өз мәселесінің шешімін әкімшілік органдардан, партиядан күтетін. Қазіргі уақытта кез-келген мәселе сот аркылы шешіледі. Соттың, судьялар саны көбейіп келеді. Халық сотқа неге сенбесін? Үйде отырып сенімсіздік білдіруге болмайды. Арыз-шағымын алып, сотқа барсын. Соттың шешімі дұрыс болмай жатса, жоғары органдарға жүгінсін. БАҚ-та көмекке келеді. Соттардың съезінде бұл мәселе сөз болған. Соттар кейде өте қиын мәселелерді шешеді. Ол туралы БАҚ-та айтылмағандықтан халық білмейді. Баспасөзде соттың тек кемшілігін жазу белең алған. Әділ шешім шығарып, елдің ризашылығын алып жатқан сот туралы баспасөзде көп жарияланбайды. Баяғы Төле билер сияқты өлім аузында тұрған адамның дауын шешіп, екі араны татуластырып жіберетін сот процестері қазір де болып жатады. Сондай нәрселер туралы БАҚ айтпайды, жазбайды. Бұл сот пен БАҚ арасындағы байланыс­ тың әлсіздігі. Соттың баспасөз қызметі жұмыс істейді. Ол БАҚ-пен тығыз байланыс жасап отыруы керек. Жалпы соттардың баспасөз қызметінің жұмысы әлі де жетілдіруді кажет етеді. Шешімін тауып жатқан ауыр істер, сотқа қандай мәселелер бо­ йынша жүгінуге болатындығын халыққа хабарлап, мәлімдеп отыруы керек. Ел ішінде дау туса, кімге жүгінерін білмейтін жағдайлар бар. Осының бәрі халықтың құқықтық сауатының жетіспеушілігінен. 
Заң шеңберінде сыбайлас жем­ қорлықпен күрес жүріп жатыр. Бірақ, кейде саясатқа айнал­ дырып, «мына мекеме коррупция» дегендей, дерексіз жалаң сөз­ бен ақпарат тарату кездеседі. Құр айғаймен «коррупция» деп ұрандатқанымен, халыққа теріс тәрбие береміз. Халыққа «ісің оң, бәрін заңмен шеш» дегенді айту керек. Ашықтық, жариялылық керек. Егер пара талап етіліп, қызмет бабын пайдаланып киянат жасаса сол туралы хабарлайтын арнайы органдар бар. Конституцияда «Үкім шығарылып, заңды күшіне енбейінше, ешкімді де кінәлі деп санауға болмайды» делінген. Кейде сәл сыбыс шықса, БАҚ бұрқыратып әкетеді. Үкім күшіне енген соң барып, сол қылмыс туралы жазуға болады. Әйтпесе ол біреудің нақақ жапқан жаласы болуы мүмкін. Елді шулатып, дүрліктірген «коррупционердің» ақырында заңсыз қамалғаны анықталып, кінәсіз адам болып шыққан жағдайлар да кездеседі. Сондай-ақ, «Медиация туралы» заңның мазмұнынан көпшілік халық хабарсыз. Осы заңның түпкі мақсатын соттар неге халық­ қа түсіндірмейді? 
Қазақстандағы кримина­листика ғылымын жетілдіру кажет. Криминалистика – қыл­ мыстың ашылуын зерттейтін ғылым. Арнайы зертхана, тәсілдері, кұралдары болады. Бізде бұл сала бойынша жұмыс істеп жатқан ғалымдар бар. Бірақ аз. Криминалистерді арнайы даярлайтын оқу орнын ашу керек. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі т.б. құкык корғау органдарында криминалистиканың орны, маңызы үлкен.Қазіргі кримина­ листер мен бұрынғы Кеңес­ тік жүйедегі криминалистерді салыстыруға болмайды. Кри­ миналистер ғылым-біліммен қаруланып, дүниежүзілік тәжіри­ белерді қолданып жұмыс істеуі керек. 
Қазақстан көпдінді, озық ойлы мемлекет деп, дүние жүзін­ дегі ең үздік зандарды жасауға тырысамыз. Бірақ ұлттык мем­ лекетке сай зандарды да негізге алу керек-ақ. Конституцияда ең қымбат қазына – адам делінген. Ал біз жетім балаларды шетел асырудамыз. Конституциямыз не дейді, ал біз не істеп отырмыз? Қазақ қай заманда баласын жат жұртқа беріп еді. Бір рудың баласы жетім калса, «ел пәлен ру баласын жетім етіпті» деп, сол руға таңба болатын. Қазір Қазақстанда бір жылда орта есеппен 4-5 мыңға жуық бала шетелдіктердің қолында кетеді. Сол баланы асырап алатындар өз еліміздің азаматтарынан шығады ғой. Өз еліміздің азаматына дүрыс жағдай жасалса, сол жетім баланы бағып-қағуға шамасы жетеді. Ал Англия, Америка т.б. шетелдерге кеткен балалар кейін орала ма? Бала асырап aлy халықаралық келісім деңгейінде болғанмен, қазақ ұл-қызы қандай ортаға тап болады? 
Ол кейін ержеткен соң өз еліне ренжуі мүмкін ғой, «мені неге шетелге бердіңдер?» деп. Бұл да ұлттык менталитетке қатысты мәселе. Заң шығаруда ұлттық менталитет ескерілуі керек. Қазақ даласында жесір әйел, жетім бала болмаған. Біреу қиын жағдайға тап болса, асар салып, жәрдем берген. Қазақ деген елдің сакталып қалғандығы өзінің ұлттық әдет-ғұрпын, сана сезімін лайламай ұстанғандығында. Қандай қиын-қыстау күн туса да бір-біріне көмек беріп, демеп отырған, үлкенді құрметтеп, кішіге ізетпен қараған. Ұлан байтақ жерін бірлігінің арқасында қорғаған ел едік қой. Сондай дәстүрлеріміз ұмытылып бара­ ды. Ұлттық идея, ұлтжандылық мәселесін биік деңгейге көтеру керек. Парламентте ана жылдары көп әйел алу туралы мәселе қарал­ ғанда ел ішінен кей біреулер «көп әйел алайык» десе, әйелдер «көп күйеуге тиейік» деді. Бүл заман ағымына сәйкес келмеді. Бұрынғы кодексте екі әйел алу қылмыс болып саналатын. Қазір ол жоқ. Ал, бірнеше әйел алған азаматтарды зандастыру керек пе, жоқ па? Меніңше бұны заң­ дастыру қиын. Оған әйел де, еркек те көне қоймас. Көп әйел алудың дәуірінен өтіп кеткенбіз. Егер бала асырап аламын, өз отбасым­ ның келісімімен басқа әйелге қамқорлық жасаймын десек, болады. Бұның бәрі отбасы­ ның ішінде шешілетін мәселе. Жалпы, депутаттар көп әйел алуға қатысты заңды кабылдай алмайды. Қабылдағысы келсе де қабылдай алмайды. Кеңестік дәуірде Қылмыстык кодексте жезөкшелікпен айналысқандарға қарсы қылмыстық жауаптылык бар еді. Ондай қатаң жауаптылық қазақтың ескі «Жеті жарғысында» да көрсетілген. Қазір 2014 жылғы қылмыстық заңда жезөкшелік­ ке қарсы жауаптылық алынып тасталған. Әркім өз тәнін жалға бере ме, өзі біледі. Оның зардабы – қаншама тастанды балалар, некелік ажырасқандар. Осы құбылысқа қашан заңмен тыйым салынады екен. Парламенттегілер не дейді? 
Таяуда Қазақстан Респуб­ ликасы «Жәбірленушілерге өтем­ ақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы заңы қолданысқа енді. Осы заң бойынша: сексуал­ дык зорлық-зомбылықпен бай­ ланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен кәмелетке толмағандарды адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбір­ ленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген не жыныстық вирусын жұқтырған адамдарға, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда – жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға өтемақы мөлшері тиісінше отыз, қырық, елу айлық есептік көр­ сеткіш мөлшерінде төленетін болып белгіленеді. Бұл өте дұрыс. Жәбірленушіге қатысты мұндай заң бұрын болған емес. Мұның өзі кұқықтық мемлекеттің айқын көрінісі. 
Жақында жарияланған заң бойынша көпбалалы аналарға бір жолғы мемлекеттен жәр­ дем каржысын берудің көлемі ұлғайтылып, жаңа жолға қойыл­ ды. Бұл өте құптарлық іс. Ал, енді Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 21 шілдедегі №303 жарлығына сәйкес, балаларының санын 7-ге жеткізген көпбалалы аналарға алтын, күміс алқалармен бірге, заңда белгіленген көлемде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленетіні бар. Сонымен бірге, мұндай аналарға салық төлем­ дері бойынша жеңілдіктер де қарастырылған. Бірақ өмірде жетеу емес, он жеті бала тауып, бәрін өсіріп, тәрбиелеп отырған аналар да бар. Жеті баламен он жеті баланы өсіріп отырған аналардың қиындығы бірдей емес екені айтпаса да түсінікті. Ендеше, неге халық санының өсуіне үлес қосқан 7-ден көп бала тауып, тәрбиелеп отырған аналарға берілетін артықшылықтарды заңда көрсетіп, белгілемейміз. Қазақстан ел Конституциясына сәйкес, құқықтық мемлекет. Осындай қоғамда орын алып отырған мәселелер – заң норма­ сымен, құқықтық ережелермен реттелуі керек.
Арықбай Ағыбаев, Заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры