• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте

Отправить по почте

Күләш Касиенова,
Алматы Энергетика және байланс университетінің аға оқытушысы
Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болғаны белгілі. Жеті атадан үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы қазақ халқы-бір атаның баласы,бір тамырдан тараған деген ұстанымды орнықтырғаны хақ.  
Түйін сөз: Казақстан, отбасы, аралас неке, ұлт, қазақ елі, неке.  
It is known that the knowledge of the seven grandfathers in the country was a vital necessity for Kazakhs living in a nomadic society. It is true that a single brotherhood from seven to three hundred had settled for several centuries that the Kazakh people - the father of one father, was one of the roots. 
Әлемде бірнеше ұлттар мен ұлыстарды бір тудың асты­ на біріктіріп, «көпұлтты», «көптілді» аталып жүрген мем­ лекеттер жиі кездеседі. Осын­ дай көптеген этностардың бір елде шоғырлануы сол елдегі әртүрлі тілдер мен дәстүрлердің және түрлі мәдениеттердің ортақтасуына себеп болады, ал бұл ортақ мәдениеттер этносаралық тығыз байланыстың тууына бастама болып отыр. Осы орайда, аралас неке ұғы­ мының пайда болуы –шартты жағдай. Аралас неке дегеніміз – түрлі ұлт-өкілдерінің өмір­ лік бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырылып, бір отбасын құруы. Жалпы,аралас некені кеше пайда болған құбылыс деп қарауға болмайды. Ол дәстүр сабақтастығымен жалғасып келе жатқан, өзіндік тарихи мәні бар құбылыс. «Заманына қарай – адамы» дейді халық мақалы, шынымен де, кезінде белгілі бір келісімдер мен дипломатиялық қатынастар орнату, тіпті жеке бас амандығы үшін де өзге ұлт азаматымен некеге отыру үрдісі жүргізілді. Ал, бұл процесс бүгінде қалай жалғасуда? «Көпұлтты», «Үш тұғырлы тіл» саясатын ұстанатын, бүгінде тәуелсіз мемлекет болып отырған Қазақстандағы аралас некенің қарқыны қалай? Шынымен де, аралас неке елімізді бір тудың астына біріктіре ме, әлде бар жоғы 10 миллионды құрайтын қазақ үшін аралас некенің қажеті шамалы ма? Бұл сұрақтар әрбір қазақ азаматын қызықтыратыны, ойландыратыны сөзсіз. 
Аралас некенің пайда болу үрдісін сонау 7-8 ғасырлардағы Түркеш қағанатымен ұштас­ тыруға болады. Тарихқа үңілсек, атақты Түркеш қағанатының қағаны Сұлу өзі патшалық құр­ ған дәуірде батысындағы араб­ тармен, шығысындағы Қытай мемлекетімен және Шығыс Түрік қағанатымен үшжақты күрес жүргізген. Бұл күресте үшжақты келісім орнатпақшы болған Сұлу қаған мынадай саясат жүргізген: Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызын өз ұлына үйлендірсе, өзі Тибет патшасының қызын жар етеді. Дипломатиялық келісімдерге негізделген сая­ саттың бұл түрі сол кезде аралас некенің болғандығын көрсетсе керек. 
Бертін келе аралас неке ұғымының көрініс табу кезеңі ретінде 17-18 ғасырлардағы жоңғар-қалмақ шапқыншы­ лығы кезеңін айтуға болады. Мәліметтерге сүйенсек, қазақ хандығы құрылғаннан бастап 18ғасырдың 50-жылдарына дейін қазақ-жоңғар арасында өршіген және кішігірім шабуылдар көп көрініс тапқан. Әр жеңісінің нәтижесінен батырлар жау елінен құлдыққа, күңдікке ұл-қыздарын алып отырды. Осылайша, қазақ жоңғар арасында ортақ, этносаралық мәдениеттер пайда болып, тіпті, қыз алу мен қыз беру үрдісі де едәуір қарқынды көрініс тапты. Сол жылдары (1771-1781) жылдары қазақ халқын билеген Абылай хан бұл үрдістің нақты мысалы бола алады. Тарихқа үңілсек, Абылайдың 12 әйелінен 40 қызы, 30 ұлы болған. Ұлдарының бізге белгілілері Сағындық – Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім Қашқар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әбділдә Қалмақ ханы Қалдан Сереннің туысы Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым Сарғалдақ қожа­ ның қарындасынан туғандығын ескерсек, аралас некеңің сол кезде де болғандығын дәлелдей аламыз 
Ал қуғын-сүргін (19371938) жылдардағы аралас некенің мысалы ретінде Мұхтар Әуезовті қарастырсақ болады. Қарындасы Гүлнар Раззаққызы берген сұхбатының: «Ағамның 1937-жылғы зұлматтан аман қалуының себебі орыс қызына үйленіп, орысқа күйеу болуынан деп ойлаймын… Валентина жеңгем үш ұл,бір қыз туды. Ол көзі ашық,өте салмақты, ағам­ ның жігітшілігіне түсіністікпен қарайтын…», – деген жолдары­ нан сол ғасырлардағы аралас неке жайлы нақты мәліметті көре аламыз.[1] Сонымен, бұл мысал осы жылдардағы аралас некенің көрініс табуындағы бір факторды көрсете алады,яғни Кеңес үкіметінің тоталитарлық сынағынан аман қалу. 
Аралас некенің шарықтау шыңына жеткен кезі ретінде 19ғасырдың 50-70-жылдарындағы көрініс тапқан «Депортация» мен 20-ғасырдағы «Тың игеру» кезеңдерін атауға болады. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға 1954-1962 жылдары тың игеруге КСРО-ның еуро­ палық бөлігінен 2 млн адам келді. Ал, 1960 жылы Қазақстанға шамамен 1245 неміс ұлтының өкілдері қоныстандырылса, 1974 жылы ай сайын 500-ге жуық ресейлік немістер қазақ жеріне көшіп келген. Бұл статистика 19-ғасырда да аралас некенің болу ықтималдылығын дәлелдейді. 
Осы аралас неке қазіргі кезде де жиі кездесіп жүр. «ЭкспрессК» газетінің Қазақстан Рес­ публикасы статистикасына сілтеме жасай отырып берген мәліметінде Қазақстанда 1999 жылы 18402 аралас неке тіркелген болса, бұл көрсеткіш 2013 жылы 8230-ға артып, 26632-ні құрап отыр екен. 
Аралас некенің Қазақстандағы көлемі 1/3 есеге артып отыр.[2] Яғни он төрт жылда еліміздегі этносаралық неке 8230-ға артқан деген сөз. Толығырақ қарастырсақ, нақты қайсы ел азаматтары мен біздің азаматтар арасындағы аралас некенің көбірек орын алып жатқандығы туралы зерт­ теудің маңызы зор. Мысалы, желілердегі мәліметтерге назар аударсақ, елімізде аралас некенің орын алуына септігін тигізе­ тін азаматтардың 50 пайызы орыстар болса, екінші орында түркі тілдес ағайындар – өзбектер мен қырғыздар екен. Сондайақ, Астана қаласында құрылыс жұмыскері болып жүрген түрік­ тер үшінші орынға табан тірейді екен. Белгілі жайт – 70 жыл бойы Ресей отарында болған қазақ елі орыстармен сіңісіп, тілін үйре­ ніп, мәдениетін қабылдап қана қоймай, бір шаңырақ астында бас қосқандар да аз болған жоқ. Осы үрдістің әлі де жалғасуынан туындап отырған статистика: орыстар мен қазақ азаматтарының арасындағы аралас неке шама­ мен 50 пайызды құрап отыр. Ал, екінші орынға тірелген түркі тілдес халықтарының біздің азаматтырымызбен некеге оты­ руына басты себеп шекара­ лық, географиялық жақын орна­ ласуы мен мәдениеттер ұқсас­ тығынан секілді. Осылардің ішінде түріктермен некеге отыру Астана қаласындағы қарқынды жүріп жатқан құрылыста жұмыс жасайтын бұл халықпен де қарым-қатынастың алшақ емес екендігінің көрінісі. 
Осылай қарқынды жүріп жатқан аралас некенің тууына негіз болатын факторларды қарас­ тырайық. Олар:1) Көпұлттылық – бірінші фактор, еліміздегі өзге ұлттардың болуынан аралас некенің көбеюі бұл көп дәлелді талап етпейтін де секілді. Себебі, аралас неке біздің жағдайда қазақ ұлтының өкілі мен өзге бір ұлт өкілінің некелесуі десек, біздің елімізде 130-дан астам ұлт бар болғандықтан қандай да бір мөлшерде аралас некенің көрініс табуы қалыпты. Статистикаға сүйенсек, 2012 жылдың басында қазақтар саны (64,5 %) құрады, орыстар - (22,3 %), украиндықтар - (1,9 %), өзбектер - (3,0 %), ұйғырлар - (1,4 %), татарлар - (1,2 %), немістер - (1,1 %) болды(7). Яғни, 2012 жылы Қазақстанда 64,5% қазақтар мен 36,5% өзге ұлт өкідері тұрып жатқан болса,аралас неке құру ықтималдылығы аз емес. [4] Жалпы адамар арасындағы қарым-қатынастың тереңдей түсуі ол шартсыз құбылыс.2) Екінші фактор – көрші мемлекеттердегі ерлер мен әйелдер арасындағы демографиялық теңгерімсіз­ дік. Шынымен де аралас неке көбінесе көрші елдердегі жайт­ тарға байланысты да өзгереді, мысалы бізбен көршілес ел­ дер Өзбекстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Ресей және Қытай деп қарастырайық. Соның ішінде қазақстандықтардың қытайлармен отбасын құру деңгейі Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орында. Яғни, Қазақстан мен Қытай азаматтары арасындағы неке құру көрсеткіші едәуір көлемді,бірақ неліктен? Мәліметтерге сүйенсек, 1970 жылдан бастап ҚХР-да бір отбасыға тек бір бала туу саясаты жүргізіледі. Ал, әр отбасы ұл бала дүниеге алып келгісі келгендіктен қыз баладан бас тартып,түсік жасатады екен, осының салдарынан қазір Қытайдағы 20 жас шамасын­ дағы ұлдардың үлестік салмағы қыздарға қарағанда 30 миллионға көп. Демографтардың айтуын­ ша, бұл шама 2015 жылы 90 миллионға жетеді деген болжам бар. Сыни тұрғысынан ойласақ, Қытайдағы 90 миллион ерлердің шетелдерден қыз алудан өзеге амалдары жоқ. Толығырақ айта кетсек, қазақтардың Қытай азаматтарымен некеге тұру мөлшері 0.21 % немесе 3300 адам.[3] Мұның басым көп­ шілігі Қытайдан қыз алғандар емес Қытайға қыз бергендер екен. Демек, Қазақстандағы қыз­ дырдың біразы көрші жатқан Қытай ерлеріне күйеуге шығу ықтималдығы жоқ емес деген сөз. Сол себепті де, Қытай жігіттеріне күйеуге шыққан қазақ қыздарының саны көп болуы шартты жағдай. Бұл тек бір көрші мемлекет Қытайды ғана мысалға алғандағы ста­ тистика,мұнан басқа да елімізде қазақтардан кейінгі саны бо­ йынша екінші орында тұрған Ресей,сосын Өзбек,Қырғыз,Түрік халықтарын есепке алғанда аралас некенің басым көпшілігі көрші мемлекеттермен орын алып жатыр деген сөз. Жалпы көрші мемлекеттер бойынша қарастыратын болсақ, 4 мың­ нан астам отандасымыз Түркі халықтарымен некелессе, 144 мың жас жұбайдың 8300-і орыстармен отау құрған. Тағы да тереңірек үңілсек, мүмкін мұнда да өзіндік себептер болуы тиіс.3) Елдегі заң жүйесі – үшінші фактор. Деректерге көз жүгіртсек Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, егер шетел азаматы өзінің елінде үйленбегендігі туралы растайтын қағаз алып келсе, еш қиындықсыз біздің елімізде отбасын құра алады екен. Яғни, біздің елімізде некелесу азаматтық алудың оңай әрі қарапайым жолы. Бұл тізім бойынша еліміздегі ұлттар арасында Өзбекстан, Канада, АҚШ, Қырғызстан сияқты елдер алда тұр. Яғни, біздің еліміздегі шетел азаматтарының отбасын құруы үшін ешқандай қиындық жоқ деген сөз. Олай болса, еліміздегі аралас неке санының көбеюіне бірден-бір себеп заңдағы жеңілдіктер деп қарастыруға да болатын секілді. Сондай-ақ, жоғарыда айтып кеткендей 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститу­ циялық заңның 6-бабында да мемлекеттегі өзге ұлттарға үлкен құрметтің көрсетілетіндігін атап айтқан. 4) Миграция – соңғы және маңызды фактор, себебі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шетелдегі қандастарымызды елге қайтаруға үлкен күш салып жатыр. Сонау ашаршылық,репрессия жылдары өзге елдерге қоныс аударған қазақтарды оралман ретінде елге қайтарып, бар жағдайды жасап жатқандығы мәлім. Жылына қаншама оралмандар елімізге келеді және олардың арасында өзге ұлт өкілдері немесе күйеуі шет елазаматы болатын қыз­ дарымыз, өзге елдің қызын алған ағаларымыз да кездесуі әбден мүмкін. Міне, мұның өзі де еліміздегі аралас некенің дамуындағы үлкен себеп деуге болады. «Көші-қонда біз 20 жылда жақсы тәжірибе жинадық. Біз осы уақытқа дейін елімізге сырттан 1 миллионға жуық қандасымыз келді деп жүр едік, бірнеше күн бұрын Үкімет отырысында 258 мың отбасы, ал жан саны 950 мыңнан астам деген нақты сандар айтылды» –, дейді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев. Яғни, оралмандардың елімізге келуі де басты фактор бола алады. 
Ендігі кезекте, осы орын алып жатқан аралас некенің тиімді және тиімсіз тұстарын шари­ ғатпен және биологиялық тұрғыдан қарастырып көрейік. Жалпы қазақ халқында отбасын құрғалы жатқан екі азаматтың руының алшақ болуына қатты мән беріледі. Сол себепті де, қазақтар жайлы таза қанды халық деген ұғымның шығуы да тегін емес. Осы тұстан қарастырғанда, аралас некенің тиімді тұстарын да көре аламыз. Әсіресе қазақ қыздары мен жігіттері батыстағы немесе Еуропа елдерімен емес, түркі халықтарымен неке құрып жатса, дініміздің сақталуына кері әсер етпейді және мәдениетіміздің ұқсас болуы, некелескен азаматтар арасындағы ұлттық алшақтық келешек сәбидің денсаулығы үшін,таза қанды ұрпақтарды көбейтуге үлкен үлес қосады. Осы деректің шындығына көз жеткізу мақсатында арнайы маманнан сұхбат алуды жөн көрдік.Осы орайда педиатр Татьяна Троегубованың берген бір сұхбатына қарасақ: «Атаанасы түрлі ұлт өкілдері болып табылатын балалардың денсаулығы мықты әрі кез келген жұқпаға төзімді болады. Сондай- ақ, ата - анасының ұлттық ерекшелігі бір-бірінен қаншалықты алшақ болса, балаларының денсаулығы с о ғ ұ р л ы м м ы қ т ы б о л ы п туады. Туыстас халықтардың генетикалық фоны негізінен бір-біріне ұқсас, сондықтан, сапалы генотип шығару үшін оның негізін құраушы гендердің шығу тегі бір-бірінен алыс орналасқан болуы керек». Яғни аралас некенің биологиялық тұрғыдан да жағымды жақтары бар. Сондай-ақ, тарихқа назар аударсақ, атақты Алаш қайрат­ кері А.Байтұрсынұлының зайы­ бы Александра орыс этно­ сының өкіл болса да, ерінің абыройын ойлап Ислам дінін қабылдады,қазақ тілі мен мәдениетін үйреніп, балаларын тәрбиелей алды. 
Ал, енді 21- ғасыр жастарының аралас неке жайлы ойларын білу мақсатында Алматы қаласы «Жастар алаңында» елу шақты студент жастар арасында сауалнама жүргіздік. 
Осы сауалнама нәтижесі бойынша, Аралас неке ұғы­мымен таныс жастардың саны 75 пайыз болса,оны қол­ дайтындарының шамасы 50 пайыз-ақ болып шықты. Ал қалған 25 пайызы ғана некенің бұл түрін қолдамайтындарын айтып, оның өзіндік салдары мен себептерін түсіндірді.Бұл сауалнама арқылы Қазақстандағы жастардың басым бөлігінің бұл некеге қарсы емес екендігін түйдік.Сондай-ақ, көптеген пікірлер мен ойларын тыңдай келе олардың позитивті ойларын түсіндік. 
«Аралас неке кім-кімді де өмірінің соңында өкіндір­ мей қоймайды…Базбіреулер некелесе салып, айырылысып, не дауласып, не айқайласып, бірін-бірі қарғап жатады» деп, Бауыржан Момышұлы өзінің қарсылығын да білдірген екен. [5] Демек, барлық жағдайдың екі жағы болатындығы мәлім. Аралас некенің тек жағымды жағын ғана қарстырып әре­ кет жасасақ, қанымыздың өзге қандармен араласып таза­ лығының үлесін кемітіп жат­ қандығын да ұмытпауымыз керек. Онымен қоса бүгінде еліміздегі аралас некенің бар­ лығы да түркі халықтары ара­ сында дей алмаймыз, тіпті басым бөлігі батыс елдері немесе Ресеймен орын алып отыр.[6] Яғни, мұсылман халқы ретінде шариғат шарттарына көңіл бөлсек, аралас некенің біршама пайдасыз тұстары да көрінеді. Мысал ретінде, Алматы қаласы орталық мешітінің найб-имамы Нұрмұхаммед Иминов сөзін қарайық: «Шариғат бойынша еврей мен христиан дініндегі қыздардан қазақ жігіттеріне әйел алуға рұқсат етіледі. Ал, бой­ жеткендерімізге, керісінше, бұл діндегі азаматтарға тұрмысқа шығуға болмайды. Неге дейсіз ғой? Себебі, ер азамат – отбасы­ ның тірегі, отағасы ретінде сүйіп қосылған жарын өзі ұстанатын дініне тартуы мүмкін. Қандай да бір үлкенді-кішілі отбасының басқарушысы ретінде ол берекебірлікті сақтап қалу үшін осындай қадамға бара алады»,– дейді. Демек, бойжеткен қыздары­ мызды шетелге беру шариғат бойынша қате. Шынымен де, ойлап қарасақ, қазақ мәдениеті мен дәстүрі әлсіз, иілгіш секілді. Мысалы, қазір өзге ұлтқа қыз берсек те, өзге ұлттан қыз алсақ та болашақ балалар сол өзге елдің тілі, мәдениетін бойына сіңіріп шығады. Осы орайда Бауыржан Момышұлы еврей халқының қайсарлығы мен мықтылығына,ұлтына деген беріктігін былай жеткізеді: «Бұл бағытта еврейлер өте ақылды шешім қабылдаған. Олар еш уақытта ұлтын жоғалтпайды. Қыздары қазаққа, өзбекке, орыс­ қа, ағылшынға күйеуге шықса да балалары бәрі бір еврей болып қалады». Бұдан ұғатынымыз өзіміздің мәдениетіміз бен дәстүрімізді сақтауда әлсіздік танытпауымыз керек. Сондайақ, Шымкент қаласы Қазығұрт елді мекені мешітінің молдасы Серік Қабановпен жүргізген сұхбатта осы аралас некенің әсері мен шариғат шарттарымен байланысы жайлы сұрап едік, сонда: «Әрине біздің дінімізде өзге мемлекеттің азаматымен некеге тұруға болады немесе болмайды деген шектеу жоқ.Ең бастысы адал некемен отбасын құрса болғаны. Алайда мен өз басым қарсымын, себебі, дінімізде шектеу болмағанымен мұсылман халқтары арасындағы халықтардың ішінде біз қазақ елі ғана некелесетін азамат­ тар арасындағы алшақтықты қадағалап, қан тазалығын ескереміз. Бұл үрдіспен жүр­ мейтін өзге ұлттан қыз алып немесе қыз беріп өз қанымыз­ ды араластырудың қажеті жоқ. Себебі, ол жақтан қыз алсақ, қыздың қаны келешек туылатын қазақ балаларына да беріледі»,– деген ойын білдіріп, өзінің қарсы екенін айтты. 
Қорытындылай келе әрбір тақырыпшаға байланысты нақты ресурс көздерін, интернет мәліметтерін,статистикалар­ ды және жасалған интервью қорытындыларын кірістіре отырып, оларға анализ жасалды. Осы талдаулар мен анализдерді қолдана келе жалпы өзіндік болжамдар мен ұсыныстарды көрсету зерттеу жұмыстың басты мақсаты болатын.Қазақстан Республикасы 130 -дан астам ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктіріп,татулық пен ынтымақтастықты,бірлік пен берік қарым-қатынастың көрінісін айқындап жатыр. Сол себепті де, аралас некенің еліміздегі орын алуын толықтай тиімсіз немесе пайдалы деп кесіп айтуға келмейтін секілді. Сонымен қатар, зерттеу жұмы­ сы барысында әрбір тиімсіз болып табылатын жағдайларды, өзіндік тиімді және пайдалы ж а қ т а р ы ж е ң і п о т ы р д ы . Толығырақ айтқанда, аралас некенің Қазақстандағы пайда болуы еліміздің мәдениеті, тілі мен дәстүрі үшін тиімсіз десек те, еліміздің бірлігі мен дамуы үшін пайдалы жақтарын көрсетіп жатты. Мысалы, найбимам Асқар Жұбанов шетел азаматына тұрмысқа шыққан қыздарымыз сол елдің діні мен мәдениетін ұстануы керек, сол себепті де, аралас некенің тиімді тұсы шамалы екендігін айтса,атаанасы түрлі ұлт-өкілдері болып келетін балалардың денсаулығы мықты әрі жұқпалы аураларға төзімді болып келетіндігін Татьяна Троегубованың берген сұхбатынан көрдік. Шынымен де, аралас некеге тек өзге елге қыз беру емес, шет елден қыз алу процесі де кіретінін ескерсек, дені сау қазақ балаларының санын көбейтудің де маңызы зор. Екінші мысал, Бауыржан Момышұлы: «Аралас неке бір отбасыларды бақытсыздыққа алып келіп, айырылысуға да себеп болып жатады» дейді. Шынымен де, түрлі мәдениет пен менталитет ортасынан шыққан адамдар арасында түсініспеушіліктің орын алуы да мүмкін. Алайда, қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезовтің өмірлік жарлары орыс болса да, отбасын нық ұстап, шаңырағын шайқалтпағанын ескеру керек, ол адамның рухани мықтылығы мен адамгершілігіне байланысты екендігін көруге болады. 
Аралас неке – еліміздегі ұлттар арасындағы қарымқатынастың мықтылығының көрінісі. Ендеше, ел тұтастығы мен тыныштығы үшін, еліміздегі ғылым мен техниканың дамуы үшін аралас некенің маңызы зор болса, неге қолдамасқа? Мысалға алатын болсақ, дүние жүзіне танымал,қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Головкин күллі қазақ­ стандықтар алдында: «Мой отец – русский, мать – кореянка, ал мен – қазақпын» деп ағынан жарылады. Мұндай азаматты біз неге сыртқа тебуіміз керек? Қазақ жерінде туып, әлемге танымал тұлғаға айналған спортшыларымыз жеткілікті. Бірақ , олардың барлығы бірдей « Мен Қазақстанда туылып едім, сол жерде бағым ашылып еді» деп жүрген жоқ. Ал,Гена туған жері мен еліне барынша адал ұл.Атақ-даңқтың небір түріне қол жеткізсе де , ешқашан кір жуып, кіндік кескен жерін ұмытқан емес. «Мен Қазақстаннанмын» дейді. «Қазақпын» дейді.Әрбір жекпе-жегіне қазақтың шапанын киіп шығады.Қазақтың туын алып шығады. Сол үшін оны барша қазақ жақсы көреді. Әрбір қазақ үлгі алатын,тілі мен діні басқа болғанымен жүрегі қазақ деп соғатын нағыз қазақ! Орыс әке мен кәріс анадан туылған қазақ жігіті еліміздегі аралас некенің керемет үлгісі десек қателеспейміз. 
Аралас некенің көлемі жыл сайын артпаса кемімейтіні белгілі. Себебі, дүниежүзі қазақ­ тары қауымдастығы төраға­ сының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтің жоғарыда айтып кеткеіндей, 20 жылда елімізге 1 миллион шетелдегі қандастарымыз елге оралыпты, ал келесі 20 жылда 2 миллион шамасында болады деп бол­ жауға болады. Сәйкесінше, өзге ұлттармен некелескен азаматтарымыздың себебінен аралас некенің көлемі де ұлғая бермек. Қорытындылай келе, аралас некені жоюға тырысудың қажеті жоқ, керісінше, осы бағытта жұмыс жасай отырып, пайдалы жақтарын алып, зиянды жақтарын жойып отырсақ болғаны.Себебі, некенің бұл түрі кез келген көпұлтты мем­ лекеттің тағдырына жазыл­ ған деп есептеуіміз керек. Ең бастысы, аралас некенің ең қауіпті тұсы болып табылатын өз мәдениетіміздің әлсіреуі мен ұлттық құндылықтарымыздың сақталмай қалуына жол бермесек болғаны.  
1. Гүлнар Разаққызы , «Әуезов әулеті» мақаласы, «Аңыз адам» журналы№11(47).маусым 2012 жыл,18-19 бет 
2. «Қазақстанда аралас неке саны 1/3 есеге артты» http://bnews.kz/kk/news/post/56733/ лы ақиқат» 2010-№11 
3. БейсенАхмет “ Қытайдағы аралас неке және оның казаққа тигізетін әсері” Abai.kzhttp://old. abai.kz, 02,10.13 
4. Автор: Әйгерім БАҚТЫБАЕВА, өзтілшіміз «ҚАЗАҚСТАНДА АРАЛАС НЕКЕ ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ» 
5. Мамытбек Қалдыбайдың «Мен халқымның Бауыржанымын» деген кітабынан алынды http:// www.mtdi.kz/oku-adisteme/ulttyk-tarbie/2309-aralas-neke-turali-oy11. Самырат Кәкішев.www.kazaquni. kz. «Ахаң тура 
6. Жұмамұрат Шәміш, мақала «Аралас некенің қазіргі халық сахнасындағы рөлі» 10-11 бет,17.07.2013 
7. Алпысбаев Жасұлан Тұрғанбекұлы (саяси ғылымдарының кандидаты, Рудный индустриалық институтының Тәрбие  істері жөніндегі проректоры) «Қазақ елі», http://www.qazaq-alemi.kz, 05.11.13. 
8. Abai.kzhttp://old.abai.kz node/25179 Бейсен Ахмет Кытайдагы аралас неке жане онын казаккатигызетын асеры АРАЛАС НЕКЕ – ҚАЗАҚ Ұлтының Болашағына Пайдалы Ма, Әлде Зиянды Ма? 
9. http://qazaq-alemi.kz/more?page_id=15&id=1195 «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» 
10. « АРАЛАС НЕКЕ – ҚАЗАҚ Ұлтының Болашағына Пайдалы Ма, Әлде Зиянды Ма?» http://www. google.com 
11. «Қазақстанда аралас неке саны 1/3 есеге артты» http://bnews.kz/kk/news/post/56733/ 
12. «Орыс және ағылшын тілдері қазақ тілінің ығында жүрсін...»http://zhebe.com/index.php/o-am/ bilim-zh-ne-ylym/item/635-orys-zhane-a-ylshyn-tilderi-kazak-tilini-y-ynda-zh-rsin.html 
13. Самырат Кәкішев.www.kazaquni.kz. «Ахаң туралы ақиқат» 2010-№11 «Аралас некенің қазіргі халық сахнасындағы рөлі» 10-11 бет,17.07.2013 
14. Гүлнұр Досбол ,мақала «Аралас неке- аз халықты жұтудың жақсы жолы», kazakzaman.kz