• Мое избранное
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 19 бұйрығы

                                                                   Редакция 10.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР Бас Прокурорының 30.12.2020 жылғы № 165 Бұйрығына сәйкес
Заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды тиісінше ұйымдастыру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес тізбе бойынша бұйрықтарының күші жойылcын.
3. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура құрылымдарының ведомстволары, мекемелері мен ұйымдарының басшыларына, облыс, аудан прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық, 2018 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енетін 54-75 тармақтарын қоспағанда, қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров   
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 12 ақпандағы № 19
бұйрығымен бекітілді
  • 1
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (бұдан әрі - ҚПК), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және прокуратура органдарының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру кезіндегі өзге де заңнаманың қолданылуын егжей-тегжей түсіндіреді.
2. Міндеттер және басым бағыттар
1. Қадағалаудың негізгі міндеті қылмыстық қудалауды іске асыру кезіндегі заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қадағалаудың басым бағыттары мыналар:
1. қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2. қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;
3. қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өкілеттердің ара-жігін ашу
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура), аймақтық және мамандандырылған прокуратуралар, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - ҚСжАЕК) мен оның аумақтық бөлімшелерінің функцияларын реттеу, олардың қызметіндегі қайталануды жою мақсатында келесі жіктеулер бекітіледі:
1) Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі (бұдан әрі - Қызмет) төмен тұрған прокуратуралардың (Бас әскери және Бас көлік прокуратуралары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың прокуратуралары (бұдан әрі – облыс прокуратуралары) және оларға бағынатын прокуратуралар) республика бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша қызметін ұйымдастырады; сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары (әскерилерді қоспағанда), Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі және Ішкі тергеу департаменті тергейтін (соның ішінде электрондық форматтағы) істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға,  орталық мемлекеттік органдардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған бірінші басшыларына қатысты істер бойынша қылмыстық  қудалаудың заңдылығын тікелей қадағалайды.
1-тармақша өзгертілді ҚР Бас Прокуратурасының 10.07.2020 жылғы № 86 Бұйрығымен (12.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
ҚПК 57-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық іс  Бас прокуратураның орналасқан жерінен (Астана қаласы) тыс қаралатын болса, Бас прокуратура басшылығының немесе Қызмет бастығының жазбаша тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергейтін нақты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау облыс прокурорларына жүктеледі.
Тергеу амалдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнынан едәуір алыс болғанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергейтін (соның ішінде электрондық форматта) процессуалдық шешімдер мен жекелеген тергеу әрекеттерінің заңдылығын Бас прокуратура басшылығы немесе Қызмет бастығының тапсырмалары бойынша облыс прокурорлары қадағалайды;
2) облыс прокуратуралары төмен тұрған прокурорлардың жұмысын ұйымдастырады, келесі істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды іске асырады: Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық және оларға теңестірілген аппараттары және Облыс прокуратураларының арнайы прокурорлар басқармалары тергеп-тексеретін (соның ішінде электрондық форматта) істер; азаптау туралы; терроризм және экстремизм туралы; сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы.
2-тармақша өзгертілді ҚР Бас Прокуратурасының 10.07.2020 жылғы № 86 Бұйрығымен (12.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қылмыстық іс облыс прокуратурасы орналасқан жерден алыс тергеп-тексерілетін болса, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың прокурорларының (бұдан әрі – облыстардың  прокурорлары) жазбаша тапсырмасы бойынша қала ауданға және оларға теңестірілген прокурорларға (бұдан әрі – аудан прокурорлары немесе қалааудан прокурорлары) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық аппараттары тергеп-тексеретін (соның ішінде электрондық форматтағы) нақты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау жүктеледі.
Тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу орны едәуір алыс болғанда, сотқа дейінгі тергеу органдарының облыстық аппараттары қарайтын (соның ішінде электрондық форматтағы) жекелеген тергеп-тексеру әрекеттері мен процессуалдық шешімдердің заңдылығын, облыс прокуратурасы басшыларының тапсырмалары бойынша аудан прокурорлары тексереді;
3) Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілер, әскерге шақыру немесе келісім шарт бойынша қызмет етушілер; әскери жиынды өтеу кезінде әскери міндетті азаматтар; әскери міндеттерін өтеуге байланысты әскери бөлімдерде, құрамдарда, мекемелерде немесе осы бөлімдердің, құрамдардың, мекемелердің орналасқан орындарында азаматтық қызметші адамдар жасаған барлық істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
4)   Бас көлік прокуратурасы автомобиль объектілерінде, темір жол, су, әуе көлігі, метрополитен, сондай-ақ ғарыш (халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу бөлігінде) қызметімен, құбыр жүргізу көлігі (су құбырын қоспағанда) объектілеріндегі апаттар, кеден саласында және аталмыш салалардың мекемелері, кәсіпорындары және ұйымдарында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
5) қала аудандық прокуратуралар және оларға теңестірілген прокуратуралар (бұдан әрі – қала аудандық прокуратуралары) қалалық, аудандық және оларға теңестірілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары бөлімшелерінің істері бойынша, сондай-ақ құбыр жүргізу көлігіндегі ұрлық (ойып алу) фактілері бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тексеруді құқық бұзушылық жасалған орынға байланысты басқа прокурорлармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың орналасқан жері бойынша прокурорлар жүзеге асырады.
Әртүрлі прокурорлар қадағалайтын (мысалы, облыс орталығында, республикалық немесе облыстық маңызы бар қалада) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары адамдарды орналастыратын уақытша ұстау изоляторларында (УҰИ) тексерулер жүргізу үшін облыс прокурорлары қажет болған жағдайда жауапты прокуратураларды белгілейді;
6) ҚСжАЕК және оның аумақтық органдары статистикалық ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі - СДТБТ) жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық ақпараттық-есепке алу құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қағаз жеткізгіштегі процессуалдық құжаттардағы мәліметтердің сәйкестігін тексереді (прокуратура органдарында сақталатын қадағалау өндірістерінің материалдары бойынша);
4. Қылмыстық істер бойынша аумақтық және ведомстволық тергеуде болуды анықтайтындар:
Республика шегінде – Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор), оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы;
облыс шегінде – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;
көлік прокурорларының қадағалауындағылар – Бас көлік прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;
әскери қызметшілерге қатысты – Бас әскери прокурор және оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары.
Қажет жағдайда облыс прокурорлары, Бас әскери және Бас көлік прокурорлары немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалар Қызметтерді 24 сағат ішінде хабардар етіп, қылмыстық істерді, соның ішінде жасырын тергеу әрекеті (бұдан әрі - ЖТӘ) нәтижелерін құпиялылықты сақтай отырып, аумақтылығы немесе қадағалануы бойынша елдің басқа өңіріне жібереді және олардың жіберілген өңірдің прокуратурасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі аяқталғанға дейінгі 20 тәуліктен кешіктермей келіп түсуін қамтамасыз етеді.
Қалааудандық прокурорлар облыс прокуратураларын 24 сағат ішінде хабардар етіп, қылмыстық істердің материалдарын облыс шегіндегі басқа ауданға немесе облыс аумағында орналасқан өңірлік, әскери гарнизондық және көлік прокуратураларына жібереді және олардың тиісті прокуратураға тергеу мерзімі аяқталғанға дейінгі 20 тәуліктен кешіктірілмей келіп түсуін қамтамасыз етеді.
5. Жоғары тұрған прокуратураның жазбаша сауалы болғанда қылмыстық іс (материал, соның ішінде ЖТӘ) қалааудандық прокурор, облыс прокурорының қолы қойылған, негізділігі үшін дербес жауапкершілікте болатын, қабылданған процессуалдық шешім бойынша өзінің позициясын көрсететін ілеспе хатпен жолданады.
Істі электрондық форматта тергеу кезінде төмен деңгейдегі прокурордың позициясы қылмыстық істі (материалды) ұсынбай, жазбаша түрде баяндалады.
6. Құжаттарды қарау, қол қою және бекіту схемасы осы Нұсқаулықтың № 1 қосымшасында көрсетілген.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету
7. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығын тексеруді және бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды прокурор СДТБТ-ға тіркелген кезден бастап 24 сағаттың ішінде жүргізеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокуратурасының 10.07.2020 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (12.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
8. Егер қылмыстың жағдайлары туралы мәліметтер ЖТӘ жүргізуге байланысты құпия болып табылатын болса, онда қадағалаушы прокурордың хабарламасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығын тексеруді жедел іздестіру және қарсы барлау қызметін, арнайы жедел іздестіру және ЖТӘ жүргізудің заңдылығын тексеруді жүзеге асыруды уәкілетті прокурор (бұдан әрі – уәкілетті прокурор) жүргізеді.
9. Барлық қылмыстық істер бойынша қадағалау өндірістері жүргізіледі, оларда міндетті түрде процессуалдық құжаттардың көшірмелері, соның ішінде сот актілері, сондай-ақ тергеудегі қылмыстық іспен байланысты өтініштер бойынша хаттар сақталады. Бірнеше қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген жағдайда, қадағалау өндірістері де біріктіріледі.
Қадағалау өндірісінің толықтығын қадағалаушы прокурор қамтамасыз етеді.
Электрондық форматта қаралатын іс бойынша қадағалау өндірісін жүргізу талап етілмейді.
10. Есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйін тексеруді ҚСжАЕК және оның аймақтық бөлімшелерінің прокурорлары мен қызметкерлері жүзеге асырады.
Есепке алу-тіркеу тәртібінің талаптарында анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалаушы прокурорлар ҚПК 193-бабымен көзделген шараларды қабылдайды.