• Мое избранное
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 266 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген тарауда:
«Тізім бойынша жалпы ескертпелер» деген кіші бөлімде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде) жоқ ССҚ ТН кодтарын пайдалануға жол беріледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосарлы мақсаттағы өнімдер тізімінің құрылымы 10-санаттан тұрады, ол мына санаттар мен бөлімдерді қамтиды:
Тізімде қолданылған терминдердің анықтамасы:
0-санат - Ядролық материалдар, қондырғылар мен жабдықтар;
1-санат - Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер мен уыттар;
2-санат - Материалдарды өңдеу;
3-санат - Электроника;
4-санат - Есептеу техникасы;
5-санат - Телекоммуникациялар және «Ақпаратты қорғау»;
1-бөлім. Телекоммуникациялар;
2-бөлім. «Ақпаратты қорғау»;
6-санат - Датчиктер мен лазерлер;  
7-санат - Навигациялық жабдықтар мен авиациялық электроника;  
8-санат - Теңіз ісі;  
9-санат - Двигательдік қондырғылар, ғарыш аппараттары мен ілеспе жабдықтар.
10-санат - 0-9 санаттарда қамтылмаған, ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнім.
Әрбір санат қосарлы мақсаттағы өнімдердің 5 техникалық тобын қамтиды:  
А - Аппаратура, тораптар мен компоненттер;
В - Өндірістік және сынақ жабдықтары;
С - Материалдар;
D - Бағдарламалық қамтылым;
Е - Технологиялар.
Техникалық топта экспорттық бақылаудың көпжақты және біржақты режимдеріне сілтемелер бар:
000-099 - Вассенаарлық уағдаластық (ВУ);
100-199 - Зымырандық технологиялардың бақылау режимі (ЗТБР);
200-299 - Ядролық жеткізушілер тобы (ЯЖТ);
300-399 - Австралиялық топ (АТ);
400-499 - Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенция (ХҚК);
500-899 - Резерв;
900-999 - Ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнімдердің біржақты тізімдері.»;
«Тізімде қолданылған терминдердің анықтамасы» деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөлімнің атауымен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімнің экспорты, кері экспорты, транзиті және қайта өңделуі кезіндегі экспорттық бақылауға жататын өнім»;
«0-санат Ядролық материалдар, қондырғылар және жабдықтар» деген кіші  бөлімде:
«0А Жүйелер, жабдықтар және компоненттер» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
«0А001 «Ядролық реакторлар» және арнайы әзірленген немесе дайындалған жабдық және мынадай компоненттер:
а. Бөлудің бақыланатын өзін-өзі қолдайтын тізбекті реакциясының режимінде жұмыс істеуге қабілетті «ядролық реакторлар»;
b. Жинақтамадағы арнайы әзірленген немесе дайындалған металл корпустар немесе оларда «ядролық реакторлардың» белсенді аймағын орналастыруға арналған және бірінші контурдың жылу көзінің жұмыс қысымын ұстап тұруға қабілетті зауытта дайындалған негізгі бөліктері;
с. Жүктеуге немесе «ядролық реакторлардан» отынды алуға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған манипуляторлық жабдық;
d. «Ядролық реакторларда» реакцияның жылдамдығын басқаруға арналған арнайы жасалған немесе біліктер, тіректік және ішкі салмақтық конструкциялар, жетектер мен біліктерге арналған бағыттаушы түтіктер;
е. 5,1 Мпа асатын жұмыс қысымы кезінде «ядролық реакторларда» отын элементтер мен бірінші контурдың жылу көзін орналастыруға арналған жоғары қысымның арнайы жасалған немесе дайындалған реакторлық түтікшелері;
f. Гафнидің салмағы бойынша цирконийге арақатынасы 1:500 кем «ядролық реакторларда» пайдалануға арналған металл цирконийден немесе оның қорытпасынан жасалған арнайы жасалған немесе дайындалған цирконий текшелері немесе түтікшелердің жинақтамасы;  
g. «Ядролық реакторлардың» бірінші контурының жылу көзінің циркуляциясын қолдауға арналған арнайы жасалған немесе дайындалған сорғылар;