БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 30 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 16747 болып тіркелді
Редакция 31.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтарды Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) І, ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті орган халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін 2012 жылдың 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
«7. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттауды жүргізу тәртібі рәсiмдердiң мынадай ретін көздейдi:
1) өтiнiш берушiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге осы Қағидаға 3-қосымшадағы сәйкес нысан бойынша портал арқылы беруi. Қайта сертификаттауға арналған өтінім қолданыстағы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын беріледі;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінімі бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган комиссиясының тиiстi жерге барып сертификаттық тексеру жүргiзуi;
4) уәкілетті органның шешiм қабылдауынана кейін портал арқылы сертификат беруі (беруден бас тартуы).
Әрбiр кейінгі рәсiм алдыңғы рәсімнің оң нәтижелерi кезінде орындалады.
8. Өтінімге сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағиларға 5-қосымшадағы сәйкес нысан бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтініш беруші міндеттемесі;
2) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен өзара іс-қимыл жасау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қызметті сатып алған жағдайда) шарттарының көшірмелері;
3) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу арқылы соңғы тексеру актілерінің көшірмесі;
4) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) радиотехникалық жабдықтың және әуе қозғалысын басқару және қызмет көрсету жөніндегі пункті жабдығының тізбесі;
5) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, метеорологиялық қамтамасыз етудің басшылыққа алынатын құжаты, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;
6) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан өтуін және кәсіптік деңгейін қолдауын өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
7) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымдық нұсқаулықтардың тізбесі;
8) әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде болған авиациялық оқыс оқиғалар, оқиғалар және олардың алғышарттары туралы ақпарат (өтінім қайта берілген кезде);
9) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;*
10) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау үшін алымның төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Ескертпе: *тікұшақ айлағына қолданылмайды.»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ________________ Д. Абаев 2018 жылғы 7 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 20 ақпан