Бұйрық № 135 от 2018-03-29г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.
Документ на казахском языке
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 135 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16865 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11946 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 29 наурыздағы № 135
бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 4-4/679 бұйрығымен
бекітілген
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап және порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты– 15 (он бес) минуттан артық емес;
3) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты– 20 (жиырма) минуттан артық емес;
Мемлекеттік корпорацияда жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту. Тиесілі субсидиялар:
1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – ауылшартауарөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі);
2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің шоттарына аударылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық/қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз жеткізгіште субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мыналардың:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не заңды тұлғаның уәкілетті өкілі – өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлғаның уәкілетті өкілі – нотариалды расталған сенімхат бойынша) Мемлекеттік корпорацияға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді, порталға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға немесе 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтiнiмді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Өтінімнің:
1) Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растау ретінде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
2) порталда қабылданғанын растау ретінде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3- тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Қөрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын растайды.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
Электрондық арызды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші арызды өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8-800-080-7777) арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттің корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімі, «Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары» деген кіші бөлімінде;
3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режімінде мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Хабарлама
Құрметті_______________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы) Сізге__________________________________________________________ (субсидияланатын бағыт) бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы ескертеміз. Сұрақтар туындаған жағдайда_____________________________________________ ________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші) жүгінуді өтінеміз. Орындаушы:___________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы) куәландыратын құжатта бар болса)) Байланыс телефондары: _____________________________________
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Хабарлама
Құрметті _______________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы) Сізге __________________________________________________________________ (субсидияланатын бағыт) бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны туралы ескертеміз. Бас тарту себебі: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Сұрақтар туындаған жағдайда_____________________________________________ ________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші) жүгінуді өтінеміз. Орындаушы: __________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы) куәландыратын құжатта бар болса)) Байланыс телефондары: _________________________________________________
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-1-қосымша
Нысан
Хабарлама
Құрметті _______________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы) Сізге __________________________________________________________________ (субсидияланатын бағыт) бағыты бойынша субсидияны аудару туралы ескертеміз. Бас тарту себебі: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Сұрақтар туындаған жағдайда_____________________________________________ ________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші) жүгінуді өтінеміз. Орындаушы: __________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы) куәландыратын құжатта бар болса)) Байланыс телефондары: __________________________________________________
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм
(кімге) ______________ облысының ____________________________________________ (облыстық жергілікті атқарушы органының толық атауы) республикалық маңызы бар қаланың, астананың _____________________________________________________________________________ (кімнен)_____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Тыңайтқыштарды сатушыдан __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде сатып алынған ___________________________________________ тыңайтқышы (тыңайтқыш түрi) үшiн маған ___________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома санмен және жазбаша) 1. Өтінім беруші туралы мәлімет. Заңды тұлға үшін: атауы __________________________________________________________ БСН_____________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________ мекенжайы: _____________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: _________________________________________ Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________ ЖСН_____________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі _________________________________________________________ кім берді ______________________________________________________ берілген күні __________________________________________________ мекенжайы:______________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:__________________________________________ жеке тұлға үшін - дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама: орналасқан жері ________________________________________________ хабарлау күні___________________________________________________ 2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:
р/с №
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН
1
2
3
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с
№
Кадастрлық нөмірі
Барлық алаң, гектар
оның ішінде егістік
Нысаналы мақсаты
Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы
1
2
3
4
5
6
4. Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің ағымдағы шотының мәліметтері*: ЖСН/БСН ______________________________________________________ Кбе __________________________________________________________ Банктің немесе почта операторының деректері___________________ Банктің немесе почта операторының атауы ______________________ БСК __________________________________________________________ ЖСК __________________________________________________________ БСН __________________________________________________________ Кбе __________________________________________________________ 5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*: тыңайтқыштарды сатушы (отандық өндіруші не жеткізуші не шетелдік өндіруші) ________________________________________________________________ шарттың нөмірі _________________________________________________ шарт жасалған күн ______________________________________________ ҚҚС-мен бағасы (теңге)__________________________________________ тыңайтқыштарды сатушының атауы мен БСН _________________________ тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы __________ тыңайтқыштың атауы _____________________________________________ тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) ___________________ төлеу мерзімі __________________________________________________ межелі (босату) пункті _________________________________________ 6. Тыңайтқыштарды сатып алу үшін шеккен шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) төлем құжаттары (шот-фактуралар және тауарды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) мәліметтері*: шот-фактура нөмірі _____________________________________________ берілген күні __________________________________________________ тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістегі тыңайтқыштар үшін)______________________________________________ тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндірістегі тыңайтқыштар үшін) _____________________________________________ 7. Жүк кедендік декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) мәліметтері: тыңайтқыштың атауы ___________________________________________ өлшем бірлігі ________________________________________________ мөлшері (көлемі)______________________________________________ ҚҚС-мен бағасы (теңге)________________________________________ өткізу құны, барлығы _________________________________________ нөмірі _______________________________________________________ берілген күні ________________________________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы ____________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________________________ 8. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы берген құжаттың мәліметтері: нөмірі __________________________________________________________ берілген күні ___________________________________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы _______________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________________________________ 9. Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификатының мәліметтері: сертификаттың нөмірі____________________________________________ сертификаттың қолданылу мерзімі ________________________________ сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)_____________________ өтінім беруші (атауы, мекенжайы) _______________________________ кім берді ______________________________________________________ 10. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың немесе тауардың шығу тегі туралы декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) мәліметтері: нөмірі мен берілген күні _______________________________________ тауардың атауы _________________________________________________ экспорттаушы/жүк жөнелтуші _____________________________________ импорттаушы/жүк алушы___________________________________________ 11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің мәліметтері: куәлік нөмірі ___________________________________________________ химиялық өнімнің толық атауы ____________________________________ өндіруші фирма __________________________________________________ куәліктің қолданылу мерзімі _____________________________________ тіркелген күні __________________________________________________ кім берді _______________________________________________________ 12. Тиесілі субсидиялар есептемесі:
№
Ауыл шаруа-шылығы дақылы-ның атауы, сүрі жер
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар
1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр)
азотты тыңайтқыштар
фосфорлы тыңайтқыштар
калийлі тыңайтқыштары
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Тыңайтылатын алаң, гектар
Пайдалануға арналған тыңайтқыштың нақты көлемі
(килограмм, литр)
1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)
1 тоннасының
(килограмм, литр) бағасы,
теңге
1 тоннаға
(килограммға, литрге)
арналған субсидиялар нормасы,
теңге
Тиесілі субсидия сомасы,
теңге (8- баған
х 13- баған)
азотты тыңайтқыш тар
фосфорлы тыңайтқыштар
калийлі тыңайтқыштар
7
8
9
10
11
12
13
14
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00 өтінім беруші қол қойды және жіберілді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы«__» _____сағат 00:00 қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Ескертпе:
Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтінімнің 2, 3, 4, 5 және6-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім
(кімге) ______________ облысының ____________________________________________ (облыстық жергілікті атқарушы органының толық атауы) республикалық маңызы бар қаланың, астананың _____________________________________________________________________________ (кімнен)_____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің (бар болған жағдайда) Мен ____________________________________ арзандатылған құнмен (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) _____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде __________________ тыңайтқышын (тыңайтқыш түрi) сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және отандық тыңайтқыштарды өндіруші __________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі мәліметтерді субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін маған тиесілі __________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны (сома санмен және жазбаша) отандық тыңайтқыштарды өндіруші __________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) аударуды сұраймын. 1. Өтінім беруші туралы мәліметтер. Заңды тұлға үшін: атауы ___________________________________________________ БСН______________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________ мекенжайы: _______________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________ Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________ ЖСН_______________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі ___________________________________________________________ кім берді ________________________________________________________ берілген күні ____________________________________________________ мекенжайы:________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:____________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері __________________________________________________ хабарлау күні_____________________________________________________ 2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:
Р/с №
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы
Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН
1
2
3
3. Жер учаскесi туралы мәліметтер*:
Р/с №
Кадастрлық нөмірі
Барлық алаң, гектар
оның ішінде егістік
Нысаналы мақсаты
Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы
1
2
3
4
5
6
4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен тыңайтқыштарды өндірушінің арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*: шарттың нөмірі _________________________________________________ шарт жасалған күн ______________________________________________ ҚҚС-мен бағасы (теңге)__________________________________________ тыңайтқыштарды өндірушінің атауы мен БСН _______________________ тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ________ тыңайтқыштың атауы _____________________________________________ тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) ___________________ төлеу мерзімі __________________________________________________ межелі (босату) пункті _________________________________________ 5. Тыңайтқыштарды өндірушінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар екендiгi туралы мәліметтер: Банктің атауы ________________________________________________ БСК __________________________________________________________ ЖСК __________________________________________________________ БСН __________________________________________________________ Кбе __________________________________________________________ 6. Тиесілі субсидиялар есептемесі:
№
Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер
Жер учаскенің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар
1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр)
азотты тыңайтқыштар
фосфорлы тыңайтқыштар
калийлі тыңайтқыштар
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Тыңайтылатын алаң, гектар
Пайдалануға арналған тыңайтқыштың нақты көлемі
(килограмм, литр)
1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)
1 тоннасының
(килограмм, литр) бағасы,
теңге
1 тоннаға
(килограммға, литрге)
арналған субсидиялар нормасы,
теңге
Тиесілі субсидия сомасы,
теңге (8- баған
х 13- баған)
азотты тыңайтқыштар
фосфорлы тыңайтқыштар
калийлі тыңайтқыштар
7
8
9
10
11
12
13
14
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.
20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00 өтінім беруші қол қойды және жіберілді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы«__» _____сағат 00:00 қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Ескертпе:
Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтпелі өтінімнің 2, 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда)
құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы: ________________________________________; ________________________________________; ________________________________________ ұсынбауыңызға байланысты «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат 2 данада, әр тарап үшін бір-бірден жасалды. Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері _______ ______________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)) Телефон _________________ Алдым ___________ __________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)) 20__ жылғы «___» _________
Комментарий успешно добавлен