«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 мамырда № 16913 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 28 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 10.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-78 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11056 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ______________ Е. Сағадиев 2018 жылғы 24 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ж. Қасымбек 2018 жылғы 20 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2018 жылғы 2 мамыр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген
«Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 144-бабының 6-тармағына, 145-бабына сәйкес әзірленген және
1) объекті құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға;
2) сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауасын баптауға;
3) жөндеуге және күтіп-ұстауға;
4) тұру жағдайларына;
5) тамақтану жағдайларына;
6) өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына;
7) балалар мен ересектерді медициналық қамтамасыз етуге, сауықтыру (маусымдық және жыл бойғы) және санаторий объектілерінің, базалар мен демалыс орындарының (бұдан әрі – объектілер) персоналын медициналық қарап-тексеруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы санитариялық киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа да ластанулармен ластанудан қорғауға арналған қызметкерлердің қорғаныш киімінің жиынтығы;
2) аэрарий – ауа ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, қалқа;
3) балаларды сауықтыру объектiлерi (бұдан әрі – БСО) – 6 жастан балаларды сауықтыруға арналған объектілер, оның iшiнде балаларды сауықтыру, демалыс уақытында жалпы бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын, жыл бойы жұмыс iстейтiн БСО;
4) бракераж – тамақ өнімдері мен дайын тамақтардың сапасын органолептикалық көрсеткіштері бойынша бағалау;
5) Генча сынамасы – баланың тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын бағалайтын көрсеткіш;
6) желдету – үй-жайларда табиғи немесе жасанды реттелетін ауа алмасуы, ауаның талап етілетін гигиеналық және технологиялық параметрлерін ұстап тұруға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған ауа алмасу, сондай-ақ ауа алмасуды іске асыруға арналған техникалық құралдар кешені;
7) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалауға арналған күн радиациясының нормаланатын көрсеткіші;
8) Кетле индексі – баланың дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші;
9) палатка (киіз үй) типіндегі балаларды сауықтыру объектілері – бұл жазғы каникул кезінде табиғат аясында ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдерді орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін палаткаларды (киіз үйлерді) пайдалану арқылы олардың демалу түрі іске асырылатын объектілер;
10) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан, жер үсті бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;
11) солярий – күн ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, үй-жай;
12) туберкулезге қарсы күрес санаторийі – табиғи емдiк физикалық факторларды (климат, минералды сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдiстердi, емдiк дене шынықтыруды басым пайдалана отырып, профилактикаға, медициналық оңалтуға және демалуға арналған объекті.
2-тарау. Объектiлердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, оларды жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Объектілердің жер учаскесі құрғақ, желденетін болып таңдалады. Учаске атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында, ыңғайлы кіріс жолдары мен шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін жағдайы болады.
4. Объектілердің құрылысына жер учаскесін күйдіргі бойынша қолайсыз стационарлық пункттердің аумағына, бұрын қоқыс тастайтын жер, полигон, ассенизациялау және сүзгілеу алқабы, мал қорымы, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы фермалары, бейіттер, радиоактивті қалдықтарды көму пункттері болған жер учаскелеріне орналастырмайды.
5. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде үй-жайлардың жиыны мен ауданы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес айқындалады .
6. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде ғимаратта және учаскеде әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан топтық оқшаулау қағидаты сақталады.
7. БСО-ны жобалау және реконструкциялау кезінде бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4 шаршы метр (бұдан әрі – м2) есебінен көзделеді.
8. Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде ойын бөлмесінің ауданы бір балаға 2 м2 есебінен көзделеді.
Объектілерді жобалау және реконструкциялау кезінде санаторийдегі тұрғын бөлменің ауданы бір орынға кемінде 6 м2 есебінен көзделеді.
9. Үй-жайларды әрлеу үшін жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар әрлеу материалдары пайдаланылады.
10. Барлық үй-жайлардағы төбелер, қабырғалар, еденнің беті тегіс, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді, саңылаулары, жарықтары жоқ, деформацияланбаған, зеңмен зақымдалу белгілері жоқ болады.
Ылғалды режимде жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық мақсаттағы үй-жайлар, ас блогы, санитариялық тораптар, себезгі бөлмесі, кір жуу, жуыну орындары) қабырғаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары сәйкес материалдармен қаптайды, едендерді жабу үшін су өткізбейтін материалдар қолданылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |